Баяғыда екі құмырсқа сүтке түсіп кетіпті. Бір қазан сүт олар үшін телегей теңіздей ғой. Біреуі «біттім, баттым, өлдім…» деп «құмырсқауи» пессимизмге салынып еш әрекет қылмапты. Ал екіншісі тырбана беріпті, тырбана беріпті. Сөйтіп, сүттің бетіне кішкентай май шығыпты. Сол майға жабысып, қазанның шетіне жетіп аман қалған екен…
Archive for Мамыр, 2009
Қос құмырсқа
Posted in Uncategorized on Мамыр 31, 2009 | Пікір қалдыру »
Біреу үшін сен үлкен әлемсің
Posted in Uncategorized on Мамыр 28, 2009 | 7 пікір »
Қазір менің ең жақын сырласым – қалта телефоным. Мен оны бір сәт, тіпті бір минут та тастап кеткім келмейді. Оның шыр еткен дыбысы құлағыма майдай жағады. Достарымнан келетін сырға толы хаттар, құрбыларыма айтар түрлі тілектер – бәрі-бәрі қалтамнан бір сәт түспейтін кішкентай ғана телефоным арқылы жүзеге асып жатады, барар мекенін тауып жатады. Телефонымды үйге қалдырып [...]
«Ашулы жұдырық – күліп тұрған бетті ұра алмайды»
Posted in Ғибратты әңгімелер, tagged Жұмсақтық, асыл, байсалды, байыпты, баға жетпес мінез, кешірімді on Мамыр 24, 2009 | 5 пікір »
Жұмсақтық – адам бойындағы ең асыл, баға жетпес мінездің бірі. Мінезі жұмсақ адам кешірімді, байыпты, байсалды, ашуға бой алдырмайтын, сабырлы, шыдамды, көңілдің күйін алыстан бағамдайтын парасатты, кішіпейіл, жанашыр, жылы жүзді, майда тілді келеді. «Қауызында дәні жоқ – сабан мінезді адам болады; қорсылдаса көңілі тоқ – қабан мінезді адам болады» деген секілді дөрекілік пен дойырлық қай [...]
Жазаңды алуға асықпа
Posted in Ғибратты әңгімелер, tagged «дат!», Жан тәтті, Табиғат, ағаш, бақша, бұлбұл, жаза, патша, уәзір, Әнші құс, әйел, өлім жазасы on Мамыр 18, 2009 | 4 пікір »
Баяғыда бір патша болыпты (баяғыда патшалар көп болған ғой). Сол көп патшаның бірі өз бақшасында демалып отырса керек. Табиғат сұлу ғой, ал патша бағының қандай болатынын елестете беріңіз. Сол әсем бақтағы бір алма ағашының гүлін бұлбұл құс тұмсығымен үзе бастапты. Оны көрген патша уәзірінен: «Ана бұлбұл не істеп жатыр?» деп сұрапты. Уәзірі: «Ол өз жазасын [...]
«Қылмыскер қайдан секіреді?»
Posted in Uncategorized, tagged Еңлікгүл, Жақсы тақырып – жарым ма қала, Клара Қабылғазина, Радиожурналистика, Түрме, студент, Қылмыскер, құрбы on Мамыр 4, 2009 | 8 пікір »
Радиожурналистика пәнінен сабақ берген Клара Қабылғазина апайымыз әр сабақ сайын бізге түрлі тапсырмалар орындататын, (түрлі) сценарийлер жазғызып, жазғанымызды талдатып, қате тұстарын түзетуді әдетке айналдырған. «Жақсы тақырып – жарым мақала». Жазған материалдарыңның тақырыбы елді елең еткізіп, есінде қалатындай тың болуы керек», – дейтін үнемі ол кісі. Бірде осы пәннен Еңлікгүл атты құрбымыз «Қылмыскер қайдан секіреді?»
Мектеп бітіргенімізге біраз жыл өтті
Posted in Uncategorized, tagged КСРО, Көктөбе, Мектеп бітіру, ақ бантик, ақ фартук, жас түлек, соңғы қоңырау, сыныптастар, тігінші, форма, қыздар, құттықтау, ұят on Мамыр 4, 2009 | 16 пікір »
Мектеп бітіргенімізге біраз жыл өтсе де, сол күн әлі есімде, әр сәті, әр адамның айтқан сөздері, жазған тілектері… Мен өзім бітірген мектепті ерекше жақсы көремін! Ол менің альма-матерім десем де болар. Көктөбенің баурайы, ақшағаладай менің аппақ мектебім, КСРО кезіндегідей форма киіп алған менің сыныптастарым… зу етіп өтіп кеткен сол кездердің өткінші екеніне қазір де сенбеймін.
Жеңімпаз
Posted in Uncategorized on Мамыр 4, 2009 | 6 пікір »
Біз кейде болымсыз нәрсеге егіліп жылаймыз, шын жылау деген басқаша болады екен. Біз кейде болымсыз нәрсеге шаттанып қуанамыз, шын қуану да басқаша болады екен. Валя апай осы екі сезімді де басынан кешіріп, жүрегімен сезінген жан. «Біреу келіп менен көмек сұраса қуанам, мен адамдарға керек екенмін ғой деп. 1992-жылдың 7-қарашасы есімнен кетпейді. Есеп тапсырып, үйге келгем. [...]
Адам жасы
Posted in Uncategorized on Мамыр 4, 2009 | 9 пікір »
«Аты әлемге мәшһүр бiр ғұламадан өз шәкiртi: – Ұстаз, неше жасқа келдiңiз? – деп сұрапты. Сонда ғалым ойланып тұрып: – Бiлмедiм. Шамасы, жасым мыңнан асып қалса керек, – деп жауап берiптi. – Қалайша? – Әр адамға пайдам тиiп, жақсылық жасаған сайын мерейiм артып, рахаттанып, бiр жасап қалам, – дептi». Немат Келімбетов, “Үміт үзгім келмейді”
Екі адамның құны
Posted in Ғибратты әңгімелер, tagged Сырым батыр, адамның құны, бойжеткен, сусын, тостаған сусын, шөл, қараша үй, ұзақ жол, ұят on Мамыр 4, 2009 | 8 пікір »
Баяғыда Сырым батыр ұзақ жолдан шаршап, шөлдеп келе жатса, алдынан бір қараша үй кез болыпты. Сыртта жүрген бір бойжеткеннен сусын сұрап, алып шыққан тостағанды бір-ақ сіміріп, терін сүртіп тұрып – Апырай, бір аяқ сусын бір адамның құны екен ғой, – депті. Оны естіген қыз бірден: – Қателесесіз, батыр. Бір тостаған сусын бір емес, екі бірдей [...]
Шарасыз жақсылық
Posted in Uncategorized on Мамыр 4, 2009 | Пікір қалдыру »
Баяғыда бір мысық торға түсіп қалыпты. Оны көрген егеуқұйрық қуанып, інінен шығып келе жатса, артынан өзін аңдып жылан келе жатыр екен. Ал дәл төбесінде құзғын қалықтап жүр дейді. Тірі қалуға мүмкіндік аз. Сонымен ол мысыққа жақындап: «Екеумізге де ажал аузын ашып, тұр. Мен сені құтқарсам, сен мені құтқарар ма едің?» – депті. Екеуі осыған келісіп, [...]