Баяғыда біреудің баласы өкпелегіш болыпты. Күн жаңбырлы болса «Күн суық» деп ренжиді екен, күн ыстық болса «Күн ыстық қой» деп бұртиып жүреді екен. Ит үрсе, оны қабатындай, сиыр алайып қараса, оны жақтырмағандай сезіледі екен. Ата-анасы оны мақтаса да жақпайды, ұрысса да жақпайды!… Содан не керек, «іштен шыққан шұбар…»- ды тәрбиелеу үшін бір ғұламаға алып бармай ма. Сонда әлгі ғұалама шіркін де олардың өзін айыптапты: «Балаға дұрыс тәрбие бере алмай жүрген – өздеріңсіңдер! Өкпешілі несі тағы? Тойдырып тамақ беріңдер, бабын табыңдар» деп кеңес береді. Мұны естіген ата-ана күліпті де кешке сол ғұламаны үйлеріне қонаққа шақырыпты. Әдейі мол қылып ет асып, оны тіпті қонағына да бермей баласын күтіпті. Кешке ойыннан оралған баласы былбырап піскен әлгі етті көріп, тамсанып отырып: «Маған осынша ет қалдырғандарыңда, өздерің менен де көп жеген шығарсыңдар!» деп тағы ренжіпті….
Әдет-2
June 5, 2009 by Aina meken
Posted in Ғибратты әңгімелер | Tagged ата-ана, бала, ет, жаңбыр, ренжу, тәрбие, ғұлама, қонақ | 8 Comments
8 Responses
Leave a Reply
Блогтан іздеу
-
Соңғы жазбалар
-
Соңғы пікірлер
Aina meken on “Жанымның жазба нұс… САЛО on “Жанымның жазба нұс… Aina meken on Ақжігіттің сыйлығы Aina meken on Ақжігіттің сыйлығы Aina meken on Ғибрат сөз Күнтізбе
Блог айдарлары
Мұрағат
Қазақ блогшылары
-
Ең көп оқылғандар
-
Санақ
- 12,656 hits
Meta
Ілмектер
Imam Agzam islam minez-kulyk Дөрекілік Телефон адам баласы алтын аппақ қар аялдама дос достар жалғызсырау жақсылық жүргізуші жүректер игілікті іс ит кітап күміс көлік махаббат патша пышақ сіріңке сұлулық сұхбаттасу терезе тығырықтан шығу уәзір хат хаттар шаңырақ көтеру шуақ ғажайып Қоғам қазақы әфсана қыс құрбым үйлену үш дос ұят әдептілік әділ басшы әже әсемдік
өздерің менен де көп жеген шығарсыңдар!» деп тағы ренжіпті….
))))
базар жоқ бұзық бала екен
қық-қы-қы…
Бала меніңше өкпелегіш емес, ешкімге сене алмайды. Сондықтан оған жақсылықтың өзі оған түсініксіз. Әдетте отбасында күйеуі мен әйелі үнемі бір-біріне күдіктенумен болса, балалар осындай сенімсіз, ешкімге сенбейтін алаөкпе болады дейді білетіндер
Білмеймін, Асхат, әйтеуір жақсы қасиет емес екені аян… Әр адамның өмірге келгендегі міндеті – ұрпақ жалғастыру деп жатады ғой, меніңше адамдар өзіннен бастап тәрбие мәселесімен айналысу керек. Ұрпағына жақсы тәрбие бере алмаған жан “баланың жақсысы -қызық, жаманы – күйік!” деп, күйікке тап болады.
жарайды, пәлсапа қумайыншы, әйтеуір, өазақ баласы жаман әдетке үйір болмаса екен деп тілеймін, болды!
Баланың аты бала. Оған ”Өкпеледің дей алмаймыз”.
Балаланың аты бала ғой, бірақ, оның бар ісін балалыққа балап, еренсіз тастауға болмайды. Оның қалай ержетіп кеткенін сезбей де қаласыз тіптен..
Осы әңгімені оқып отырып, бір әзіл әңгіме есіме түсті…
Бір жанұяда екі бала қатар өсіп келе жатса керек, бірі барлығын тек жақсылыққа балайтын оптимист болса, екіншісі пессимист болыпты. Әке-шешесі пессимист баласының көңілін қалай табарын білмей, бір мереке алдында екеуіне екі түрлі сыйлық әперуді ойлапты: біріне — жылқының тезегін, екіншісіне — ойыншық ат.
Таңертең тұрған пессимист ойыншық атты көріп, “ой мынаның түсі қара ғой, мен торысын қалап едім, ой, мынау ойыншық қой, мен тірісін қалап едім” деп баяғы әуеніне басыпты, сөйтсе, оптимист тұрып, “ал менікі тірі екен, мына қарашы, тезегін тастап, қашып кетіпті” деген екен…
Ал негізі Үрімталдың айтқан сөзінде жан бар, баланың қандай болып өсуі, алдымен үйдегілердің бір-біріне деген қарым-қатынасына байланысты болады деп ойлаймын.
Әй, АйАй,
қатырдыңыз! Мықты әнек екен! Мен мынаны пост қылып жазып қояйын, рұқсат етіңіз, аха?