Жаным жабығып отыр… Әлденеге көңілім толмайды. Біреуден ұялатын сияқтымын, әлденеге өкінетін сияқтымын. Осы мен кіммін???? Не деген қума болып кеттім?! Кейде ешкіммен сөйлескім келмей кетеді. Ол адамдардан түңілгендік немесе олардан қашқандық емес. Олардың көңіліне титтей де қаяу салмауға тырысу! Көңілсіз болсам, біреуге бір жақсылық жасағым келетін, қазір жақсылық жасайтын біреу де таппай отырмын. Не істеймін? Мына тығырықтан шығудың жолы қайсы? Өмір деген қамшының сабындай деген өтірік екен ғой. Өмір деген тым-тым ұзақ, тым-тым күрделі! Қазір маған біреу сәл жылы сөз айтса, көзім жасқа толып кетейін деп отыр. Е, АЛЛА медет бере көрші?! Кеше ғана өзіңе қызық көрінетін нәрсеге де қызықпай, өзіңмен өзің болу деген, нақтырақ айтсам, жалғызсырау қандай қиын! Мен топ адамның ортасында отырмын. Олармен сөйлесіп отырмын. Олармен бірге күліп отырмын. Сырттай қарағанда бәрі тамаша, бәрі ғажап, ал көңілім… көңілімде күздің бораны ұлып тұр. Өз-өзіме көңілім толмағанда болатын көңіл күй бұл. Кітап оқығым келеді. Бірақ қандай кітап оқитынымды да біле алар емеспін. Бұндай сәтте бірден діни әңгіме не кәдімгі қазақы әфсана оқуға не есіме түсіруге тырысушы едім, оған да зауқым жоқ. Көңілсіздік тез тарқаушы еді, бес минутта оны бойымнан, ойымнан қуып тастаушы едім, менің күш-қайратым қайда кеткен? Оны кім ұрлап алып қойған? Көңілсіз болу, түнеріп отыру – жақсы қасиет емес. Жазған сайын ішім босап, жеңілдеп қалып жатқандаймын. Жоқ! мен өмірді сүйеді екенмін!! Рас айтам! Мен қазір жақсылық жасайтын біреу тауып алам, сосын жақсылық жасаймын!!! Сосын… сосын, ағыл да тегіл бір жылап алам да, қайтадан өмірге құштар боламын! Рас айтам! Дәл солай! Менің қазіргі күйім сағыныштан туындап отырған болар. Жанарым келді, Гүлжанайыммен кездесемін! Олардың жанында бір сәт отыру, олармен бір сұхбаттасу қаншалықты ғанибет екенін білсеңіздер ғой!!! Шүкір осыған да! Сансыз шүкір! Сіз айтыңызшы… Жоқ, сіз көмектесіңізші, өтінем сізден? Сізге бір жақсылық жасайыншы? Жымиысыңыз қандай жағымды! (әлде ол менікі ме?)
“Жанымның жазба нұсқасы…”
June 22, 2009 by Aina meken
Иә, дәл осындай жаныңның қалауы не екенін білмейтін кездер мен де болады. Ондайда шексіз мейірімді болып кетемін… Маған мейлі таудай залалы тисе да қазір кешіре салуға бармын. Ол бір тырнақ астындағы кірге де татымайтын нәрседей көрінеді. Рас, біреуден қолдау күтесің, адамдардың жылы мейірімін аңсайсың. Кейде тіпті іштей өкпелеп те қалам. Адамдар неге бір-бірінің жанын түсінуге тырыспайды екен деген мұңауи ойлар торлай бастайды. Бұның бәрі не деген түсініксіз сезімдер десем, оның бәрі көп ішіндегі жалғыздық екен…
Рауан, жаныңыз жабырқамай, жағдайыңыз жақсы болатын сәттер көп болсын!!!
Камшат, сіздің кейде неге осылай мұңды болып жүретініңізді ұғатын сияқтымын. Бірақ, бұл тек менің ғана сіз жайлы сезетінім. Олай емес болып шығуы да мүмкін.
Менің де осындай сәттерім болады өмірде. Сондай кезде бұл өмірде менен де асып, қайғырып жатқандар қаншама деп ойлаймын. Сосын, осы кездің де бір күні бітетінін қайталап айта берем. Ертең, таңертең осы көңіл күйім жоғалып кетеді, таңертең бәрі басқаша болады деп жұбатамын. Тек жақсылыққа сеніңіз, ертеңгі күнге, оның жадырап ататынына, бір күні болмасын бір күні сіздің бейбірекет, бақытты сәттер кешетініңізге сеніңіз!
Рахмет, Зере қыз! (Кейде) үнсіздікті ұнататыным болмаса, мен өзімді сұмдық оптимистер қатарына жатқызамын!
. Бірақ, осындай сәттер ойлануға, адамдарды түсінуге көп көмектеседі. Соны сезінем. Қызық.
Жаным құлазыған кезде мамам мен папама звандаймын. Кейде сол сәттен құтылу үшін небір түрлі ойларды ойлап тауып алам. Кейде тәтті бір нәрсе алып жеуге тырысам. Ойларымның арасына түскім келмейд, себебі тұрақтап тұрар жерді таппай қиналам…
Мен жанымның құлазыған сәтін ата-анама көрсеткім келмейді. Мүлде! Мен бір сәт уайымдап, сосын уайымның шапанын шешіп тастағаныммен, олар соны ойлауын қоймайды. Бауырларыма да білдірмеймін. Өзім шешкім келеді. Бәрін өзім шешкім келетінім қиын шығар, бірақ сол жақсы екенін мойындаймын!
Қыз баласы, көбінде, жылап алады екен. Осылайша, жабарқаған көңілдері орнына келеді ме екен?
Келеді, ауылдың баласы, жабырқаған көңілдеріміз орнынан келеді. Көзіңнен аққан екі тамшы жас жүректегі ащы уайымды өзіне сіңіріп, бірақ мөлдірлігін сақтаған қалпы сыртқа, жастыққа сырт-сырт тамады. Уайымдап-уайымдап, сосын сәл жылап, көңілің көтерілген сәтті, сол сәттің тәттілігін сезіне алған адамның бақытын көрсеңіз ғой! Сіз де бір мұң тауып алып, сосын соған жылап, сосын дәл сол қыздай қуанғыңыз, сол қыздай өмірге ғашық болғыңыз келеді! Рас айтам!!!
Ондай сәттер кез келген адамда болады ғой. Мен көбінесе, жаным жабырқаса, поэзия оқығанды немесе қазақы,қоңырүнді, жағымды әуендер тыңдағанды ұнатам.
КОЛШАТЫРСЫЗ АК КЕЛМИН
БОЛМЫСМ ОСЫ-КЫСКАСЫ:
ӨМІРІМ ӨЛЕҢ! ӨЛЕҢІМ-
ЖАНЫМНЫҢ ЖАЗБА НҰСҚАСЫ!
РАХАТ ӘБДІРАХМАНОВ АҒАМЫЗДЫҢ “ЖАНЫМНЫҢ ЖАЗБА НҰСҚАСЫ” атты жыр жинағындағы күзгі куй оленінен үзінді…