…Сенесіз бе, біреудің жақсылығы адамға дәл осылай қуаныш сыйлайтынын бұрын да білетінмін, қазір тіпті сезініп жүрмін! Жаныңдағы бір адам бақытты болса, жүзінен өмірге деген құлшынысы білініп тұрса, оның сол шуағы бір сізге емес, бәріне де берілетініне, бәріне де жететініне көзім жетті. Қызық! Өткен жұмада, яғни 19-маусымда әріптес досымыз Мұрат пен Айсәуле деген құрбымыз шаңырақ көтерді. Аяқ астынан болды, бәрімізді бір елең еткізіп, бір-ақ күнде айты аспанға бірақ шығарып, Айсәулені Мұрат алды. Таңданысымыз көл-көсір қуанышқа ұласты. Таңданысымыз осы жайт жайлы жазуға себеп болды (Мұратты сіздер Ақзере, Балдырғанның блогы арқылы танисыздар, ақын жігіт)
Соңғы кездері үйлену үрдісі қатты белең алуда. Құдайға шүкір дейміз! Жазира мен Қуаныш, Дархан мен Ұлбосын үйленді. Бекарыс пен Гүлжан, Қанат пен Айнұр… Олардың игілікті ісі Ерлан мен Лаура, Рахат пен Ғайни, Әділ мен Бақыт, енді міне, Мұрат пен Айсәуле болып жалғасып жатыр. Бота мен Мейрамгүл деген әріптестеріміз де тұрмысқа шығайын деп жүр.
Екеуі де иманды, екеуі де әдемі, екеуі де білімді жандардың жұп болғаны қандай жарасымды!!! Рас айтам, көз қуантып, көңіл сүйсінтеді екен! Қозы мен Баянның, Жібек пен Төлегеннің, Ләйлі мен Мәжнүннің қосылмай кеткеніне ғасырлар бойы неге адамдардың жылайтынын түсіндім. Осы орайда менің есіме мынандай бір әңгіме түсті:
Баяғыда, өте ерте замандарда АЛЛА Тағала күллі жүректерді екіге бөліп, араластырып-араластырып жіберген екен. Содан бері бір-біріне сай, кетігі кетігіне, тетігі тетігіне дөп түсіп, бірігетін жүректер аз екен дейді. Өйткені, кілең жарты жүрек… Ол жерден өзіңнің жартыңды табу…
Мен айтқан жұптар бір-біріне жақын түсті ме екен, әйтеуір бір-бірін дөп тауып алыпты. (Бір қызық айтайын ба? Ерлан, Рахат, Мұрат бір пәтерде тұратын еді бұрын, енді сол үш дос қатар-қатар үйленді. Аралары сексен күн. Бірінші Ерлан, екінші Рахат, үшінші Мұрат өз бақыттарын тауып жатыр). Үйленген соң адамдар бір-біріне ұқсап кетеді деген рас екен. Жыр-дастандарда бір ғана Қыз Жібек, бір ғана Баян, бір ғана Құртқа болады ғой. Біздің кезімізде бас кейіпкерлер қалай көп деп қуандық. Махаббат жапа шеккендер, сүйгеніне қосыла алмай қалғандар қаншама! Оны сіз өмірде де аз кездестірмейсіз. Достарымның қазіргі күйіне қарап «Шын сүйгендер қосылмайды» дегенге сенбейсіз. Бірде Мақпал деген құрбымыз екеуміз келе жатқанбыз. Алдымыздан қол ұстасқан бір жұп шықты. Сонда Мақпал: «Қарашы, адамдар жалғыз-жалғыз жүргенде аса әдемі көрінбейді де, жұбымен жүрсе, назар аудартады, иә?» – дейді. Расымен де солай!
АЛЛА бақыттарын ұзағынан сүйіндірсін олардың!!!
«Сендерге әрдайым орын бар,
Ақ отау төріне қоныңдар
Ақ тілек батамыз, мінекей,
Бақытты болыңдар, болыңдар!»
Ән айтпайтын қыздың іштей айтқан әнін қабыл алыңыздар?
Сіздер де бақытты болыңыздар!!!
Мұрат пен Айсәулеге бақыт тілеймін!!! Мұраттың өлеңдерін ұнатамын. Шығармашылық табыс, шаңырағына бақыт тілеймін.
Бақытты болсын. Адамдардың бақытты болғаны айналаға зиян бермейді, керсінше, қуаныш сыйлайды сіз айтқандай.
…Келеді әне екі жас топты жарып жар-жар ….
Жалғастырыңыздар
Ұялмаңдар, келіңдер, күтудеміз жар-жар…
Шынымен, керемет қой адамдардың сынарларын тауып жатқандары. Келесі аптада, менің блогымда кейіпкер болған қыз тұрмыс құрайын деп жатыр. Қазір сондай бақытты күй кешіп жүр. Оған қарап, мен де мәз боламын.
Сіздің де адаспай өз жұбыңызды табуыңызға тілектеспін!
Аңсар мен Ақзеренің жар-жар айтқан әдемі дауыстары қырдан асып, ел біткенді елеңдетіп, тойдың сәніне сән қоса түсті. Үйленген жастардың бәрі де ұлттық киімде. Қалыңдықтардың аппақ қардай әдемі көйлектері қандай! Әрқайсысы отырғанда әр жерде бір аққу отырғандай әсер аласыз… (
)
Онда ауылда биыл той көп екен ғой. “Үйлену-мұсылмандықтың жартысын орындау” демейтін бе еді. Сол тұрғыдан келгенде қыз-жігіттер озып тұр!
Меніңше қазақтың тойшыл халық екенін дәлелдеп жатудың өзі артық сияқты. Оған дағдарыстың өзі еш әсерін тигізе алмағанынан артық қандай дәлел болуы мүмкін…
Рас айтасыз, Рауан! Дағдарысқа қарсы менің достарым осындай жоба ойлап тауыпты. Әлемдік дәрежеде олардың оптимизмі де, әдемі шешімдері де жөн саналып жатыр.
Екі таза жүректердің бірін бірі тапқаны қандай бақыт! Шіркін сол жүректерін, жоғарыда айтылған жұптар сияқты тыңдай білсек қой! осы қарбалас өмірде көптеген у шуды естіп, жүрегіміздің ақырын ғана шындықты айқайлап айтатын үнін тыңдаудан қалған сияқтымыз!
Әселжан, Мұарттың “даусынан қымыз иісі шығатын әнші” деген теңеуі бар еді, қазір олардың даусынан бақыт иісі шығады
. Жүректері бақыт гүліне тұнып тұр. Тек, тіл тимесе екен! АЛЛА бақытты қылсын!
Жастар бақытты болып, үйлерінің іші жанға,сырты малға толсын!
Әмин, айтқаныңыз келсін, Бақытгүл! Рахмееет сізге!
Дәл қазір Айсәуле біздің жұмысқа келіп отыр, мен сол жаққа бара жатырмын. Бәріңіздің де пікірлеріңізді жеткіземін, АЛЛА қаласа
Бізден де мың тілек! Бір-бірлерін жұмаққа жетелер жандардың тәтті күндері таусылмасын
бақытты болсын! той тойға ұлассын
Олар жайлы жиі ойлаймыз қазір. Мәселен, олардың жұптарын ауыстырып, көзге елестету мүмкін емес
. Соған қарағанда “Ер мен әйелді АЛЛА қосады, досты періште қосады” деген рас. АЛЛА қосқан қосақтар сондай жарасымды! Жұмаққа да дәл солай қол ұстасып кірсін!
АЛЛА жар болып,Тек кана бакытты болындар!!!
)
Алла разы болгай с1здерге!
Әй-әй Сәуле, қош келдіңіз! Сіздерге де АЛЛА разы болып, берген бағын баянды қылғай!
Е, жҰмысбастылықпен, өмірдің бітпес күйбелең тірлігімен қанша жандар жалғыз жүр, өкінішті-ақ… Әрбір қыз бен жігіт өз теңін тауып, бақытты болып жатса, қандай ғанибет! Өмірде ең сұлу әйел: өзін сүйген жанға ғашық әйел және жары қасында жүрген жүкті әйел дейді емес пе?! меніңше, бұл сөздің жаны бар, себебі әйел адам үшін бұл бақыт қой! Барлығыңызға осы бір бақытты өз уақытымен бастан кешуге жазсын деп тілеймін!
Рухани терең түйсіну арқылы бір біріне ғашық болған жандарға ақ жол тілейміз!