- Қызық, қолыңдағы неғылған әдемі зат? – Аа, бұл – бақыт қой. – Солай ма? Неге сонша кішкентай екен, ә? – Есесіне қандай көркем, атты кісі аииан түсіп, жаяу кісі жатып қарайтындай, адамзат арман ететіндей әдемі! – Ра-а-ас, көркем екен! – Қаласаң, мен саған бір бөлігін сыйға тартайын – Өзіңде аз ғой, оны қалай бөлмексің? [...]
Archive for Шілде, 2009
Бақыт өз қолыңызда!
Posted in "Жанымның жазба нұсқасы", Uncategorized on Шілде 24, 2009 | 16 пікір »
Оптимист, пессимист, реалист
Posted in Uncategorized on Шілде 24, 2009 | 12 пікір »
Пессимист: Ойбай, қап-қараңғы туннель! Оптимист: Қап-қараңғы туннельдің ар жағынан сыздықтай бір жарық сәуле түсіп тұра! Реалист: Қап-қараңғы туннел, жарық сәулесі, ар жағынан бізге қарай келе жатқан пойыз
Асық ойнаған қыз
Posted in "Жанымның жазба нұсқасы", Uncategorized on Шілде 22, 2009 | 15 пікір »
- Әй, сенің кезегің емес, Елдостікі! Кезек сақтасаңшы! – Мен ата салайыншы? Томипаған қара баланың сөзін елемей ол қолын бір сілтеді. Мен оны танимын. Шамамен, 5-6 сыныпта оқиды. Танығанда… танығанда,сырттай ғана. Ұл сияқты. Шашы ұзын, үнемі буып жүреді желке тұсына қарай. Атын сұраған емеспін. Ұялдым. Жоқ, оны ұялтқым келмеді. Мен ол қызды жақсы көрем. Өте [...]
Өлді деуге сенбейсің…
Posted in "Жанымның жазба нұсқасы", Uncategorized on Шілде 17, 2009 | 11 пікір »
Өлім бар екенін білеміз, ажалдың біздің аңдып жүргенн де білеміз. Бірақ… Бірақ, ол жайлы білгенімізбен, жақсы түсінбейтін сияқтымыз. Жұмысқа келсем, қаралы хабар «шықты» алдымнан. Қазақстан арнасындағы «Қайырлы таң, Қазақстан!» бағдарламасының бір жүргізушісі Руслан Бөлебай қайтыс болыпты. Өткір, өжет, айтқанынан қайтпайтын жігіт екенін білемін. Журфакта жүргенде эссе жарысынан жеңіп, BBC-да тәжірибеден өтіп келген. Университет бітірген соң [...]
«Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың»
Posted in Ғибратты әңгімелер, Uncategorized on Шілде 12, 2009 | 8 пікір »
Адам баласына берілген ең баға жетпес құндылықтардың бірі – уақыт. Бүгінгі күні дамыған өркениетті елдерге бара қалсаңыз, кез-келген адамның осы уақыт мәселесіне келгенде тым сараң екенін байқайсыз. Тіпті метролары мен көлік аялдамаларында тұрсаңыз, жүру мезгілдерінің «16.03»; «12.01»; «17.08» секілді әрбір минутқа дейін есептеулі екендіктерін байқап таңғаласыз. Көліктері де сол белгіленген уақыт ережесінен бір минут кешігіп [...]
Пікір = пост :)
Posted in Uncategorized on Шілде 10, 2009 | 3 пікір »
Бір жанұяда екі бала қатар өсіп келе жатса керек, бірі барлығын тек жақсылыққа балайтын оптимист болса, екіншісі пессимист болыпты. Әке-шешесі пессимист баласының көңілін қалай табарын білмей, бір мереке алдында екеуіне екі түрлі сыйлық әперуді ойлапты: біріне — жылқының тезегін, екіншісіне — ойыншық ат. Таңертең тұрған пессимист ойыншық атты көріп, “ой мынаның түсі қара ғой, мен [...]
Спам
Posted in "Жанымның жазба нұсқасы", Uncategorized on Шілде 8, 2009 | 12 пікір »
Спамнан сіз де жалыққан шығарсыз? Мен де жалықтым. Кей спамдар болады, мағыналы, мәнді. Оқысаң, көңіліңді көтеретін. Ондайларын қазақшалап та қоям. Достарыма солай жіберем. Өзіңнің қазақшалаған спамың кейін өзіңе келіп тұрса, кәдімгідей қуанады екенсің! Өйткені, сенің жазғандарың /нақтырақ аударма-сымақтарың/ көпшілікке ҚАЗАҚ тілінде тарап жатыр ғой! . Бұл ақымақ қуаныш болар. Әйткенмен, олардың да қазақша сөйлегені жақсы [...]
ШИЕ ПІСКЕНДЕ
Posted in "Жанымның жазба нұсқасы", Uncategorized on Шілде 7, 2009 | 7 пікір »
- Бір келі шие ала салайықшы? (Әдемі боп) пісіпті ғой, ол осы жемісті жақсы көретін, – деп Айнажан сатушының алдына тоқтады. – Екеуін бірақ алайық та? – Ақшамыз жетпей қалады ғой, ақша түскенге дейін әлі 10 күн бар. Шиені сатып алғанымызбен, баяғыдай, бала кезіміздегідей сүртіп-сүртіп қойып, ауызға салған жоқпыз. Назбанудікіне жете бергенде мен: – Жақсы [...]
Бұ дүниенің ақысы о дүниеге кетпейді
Posted in Ғибратты әңгімелер, Uncategorized on Шілде 2, 2009 | 7 пікір »
Баяғыда бір әуле болыпты. Бірде ол: «о, АЛЛА-Тағала! Сенің шексіз әділ екеніңе сенем! Сонда да, осы қасиетіңді әйгілейтін бір мысалды көзіме көрсете көрші?» – деп жалыныпты. Сонда АЛЛА-Тағала оған бұлақтың басына баруды бұйырыпты. Шілденің ми қайнатар ыстық күндері болса керек. Жолаушылап келе жатқан бір бай атынан түсе қалып, әлгі бұлаққа еңкейе кетіп, шөлі қанғанша су [...]