Бір жанұяда екі бала қатар өсіп келе жатса керек, бірі барлығын тек жақсылыққа балайтын оптимист болса, екіншісі пессимист болыпты. Әке-шешесі пессимист баласының көңілін қалай табарын білмей, бір мереке алдында екеуіне екі түрлі сыйлық әперуді ойлапты: біріне — жылқының тезегін, екіншісіне — ойыншық ат.
Таңертең тұрған пессимист ойыншық атты көріп, “ой мынаның түсі қара ғой, мен торысын қалап едім, ой, мынау ойыншық қой, мен тірісін қалап едім” деп баяғы әуеніне басыпты, сөйтсе, оптимист тұрып, “ал менікі тірі екен, мына қарашы, тезегін тастап, қашып кетіпті” деген екен…
Пікір = пост :)
Шілде 10, 2009 авторы Ainameken
АйАй /АйЛуна/ “Әдет-2″ деген тәмсіл әңгімеге осы пікірді қалдырған екен. Бұл да бір үлгі аларлық іс екен! Рахмет сізге, АйАй!!!
Песcимистер мен оптимистерді жақтыра бермеймін. Дегенмен, мені песcимистердің қатарына жатқызатындар жетерлік
Шектен шығып оптимист болсаң, шандықты көруден қаласың. Себебі, шындық әр қашан да жақсылықтан тұрмайды. Ал пессимист барлығын жаман жағынан көреді. Бірақ өмірде жақсы нәрселер де бар емес пе.
Дұрысы, барынша реалист болу. Болмасаң да ұқсап бағу керек.
“Дұрысы, барынша реалист болу. Болмасаң да ұқсап бағу керек.”
“Өзің ашқан жаңалық, бәріне де жаңалық” деп қосып қойған да дұрыс болар..