Қойшы қарт қойларын өрістетіп, жайылымға жайған сайын дөңге жақын өскен бір алма ағашының түбіне барып дем алатын, егер жеміс піскен мезгіл болса, алма ағашымен тілдесіп: – Қане, балам, қарттың алмасын бере ғой,- дейтін. Сөйткенше болмай дәмі тіл үйіретін, исі аңқыған, балбырап піскен бір алма жерге топ ете түсетін. Қарт болса, кішкене бәкісімен әлгі алманы асықпай [...]
Archive for Тамыз, 2009
Қойшы мен алма ағашы
Posted in Ғибратты әңгімелер, Uncategorized on Тамыз 24, 2009 | 3 пікір »
Рамазанның бес сыйы
Posted in Ғибратты әңгімелер, Uncategorized on Тамыз 24, 2009 | 3 пікір »
Жабир ибн Абдуллаһ (р.а) Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) былай айтқанын риуаят етеді: – Үмметіме Рамазан айында бұрынғы пайғамбарлардың үмметтеріне берілмеген бес нәрсе берілді: Біріншісі, Рамазан айының алғашқы түнінде Аллаһ оларға мейірімімен қарайды. Аллаһ кімге мейірімімен қараса, оны ешқашан азапқа салмайды. Екіншісі, аузы берік адамның аузынан шыққан иіс Аллаһ үшін миск әтірінен де тамаша. Үшіншісі, [...]
Өткен шақпын сізге мен…
Posted in Өлеңдер, Uncategorized on Тамыз 12, 2009 | 1 Comment »
Өткен шақпын сізге мен. Еске алуға, ескеруге тұрмайтын. Бізді бөлген шақырымдар Ауыр үкім оқығаны болды айқын. Сырым едің, Жан адамға ашпайтұғын құпиям, Жырың едім, Тәтті ұйқыңды ұрлайтын. Енді бәрі елес боп, Жағасында жалғыз қалдым Жайықтың, Көп ішінде күрсінемін. (Несіне…) Ертіс, сенің ерке ұлыңа сенгенім… Бар айыбым. (Ол да мені ала ма екен есіне?) Біз әдемі [...]
Хадис
Posted in Ғибратты әңгімелер, Uncategorized on Тамыз 11, 2009 | 3 пікір »
http://groups.google.com/group/rasulullahkz Осы сайтқа жазылғалы бері маған күнде хадистер келеді. Әртүрлі ғибратты сөздер тамшы сынды жәй-жәй тамып, ойыңа, бойыңа сіңіп жатса, тек АЛЛАға тәубе айту керек болар. Өткенде жолда келе жатып, Қазақ радиосынан естіп қалдым: Бұхари (р.а) хадис жинағанда оның сахихтығына ерекше көңіл бөлетін. Құлшылықтың жоғары шыңына шыға білген ғалым бір жерде хадис бар дегенді естісе, [...]
Сізді сүю
Posted in Өлеңдер, Uncategorized on Тамыз 11, 2009 | 1 Comment »
Сізді сүю – Сізді көрмей тамсану Өтіп кеткен жалқы сәтке шегініп. Сізді сүю – Сағынышты қарсы алу, Естен танып, Егіліп… Сізді сүю – Сізді көрмей сананы Сансырату, сеніңіз. Сізді сүю – Көзбен өбу қаланы Сіңіп қалған деміңіз. Cізді сүю – Сізді көрмей тағдырлы Сөзге айналу, тіркеске. Сізді сүю – Азап шегіп сан түрлі, Жанып кету [...]
Тергім келіп тұрады нөміріңді…
Posted in Өлеңдер, Uncategorized on Тамыз 10, 2009 | 14 пікір »
Мұң торласа беймаза көңілімді, Көңілімді…өксікті өмірімді, Жақұт терген сияқты жатып алып Тергім келіп тұрады нөміріңді. Сыбыр да өшкен заматта, күбір де өшкен, Тергім келіп тұрады кідірместен. Жүз сегіз ай кеудеме кіріп алып Беу, Перизат, құпия ғұмыр кешкен! Күйзелісін жанымның жасыра алмай Терсем болды, аспаным ашылардай! Дерттей болған дауасыз, серттей болған Ішімдегі өрт бір сәтке басылардай. [...]
Бүгін сенің туған күнің…
Posted in Өлеңдер, Uncategorized on Тамыз 4, 2009 | 16 пікір »
Бүгін сенің туған күнің… Сыртта құйып тұр жауын. Терезеге жақын келіп, жаңбыр үнін тыңдадым. Тамшы асығып, тырс- тырс тамып, салып жатыр есіме, Өткен күндер ырғағын. Ғұмыр кешіп жатырмыз біз адам айтса сенгісіз, Бір күніңнің алданышы бір күніңе бергісіз… Тасқа сіңген тамшы сынды белгісі жоқ сол күндер, Қалай өтті белгісіз. Бірде сен де тауысып ең көңілімнің [...]
Өмiрдi сүю
Posted in Өлеңдер, Uncategorized on Тамыз 4, 2009 | Пікір қалдыру »
«Құшсам» деген ғажап, үлде-бүлде нұр, Көкiрегiмде баяғы арман бiрге жүр. Қапылыста қағып қалды қылтамнан, Қиқаң ете қалып едiм… күлдi өмiр. Тәттi үмiтпен аттанып ем ауылдан, Өзiм ғана ыңылдайтын табылды ән. Сынағынан қорғалап ем басымды, Өмiр қатты тартып салды жағымнан. Тағдырымнан ала алмастай ақымды, Асықтым-ай талқанымды татуды. Суға кетiп қалып едi қайығым, Өмiр менi ескегiммен батырды. [...]
Әнші әдебі немесе Мәнсия Боқанова «ұры» ма?
Posted in "Жанымның жазба нұсқасы", Uncategorized on Тамыз 4, 2009 | 22 пікір »
Қазір біз жеті атамызды білмесек те, қай әншінің қандай әні бар, тойдан қанша табады, қандай киімі қанша тұрады, не жейді, не ішеді, кіммен қыдырады, кімге өсек айтады – бұны білеміз. Әншілердің ән жаздыру мен сұхбат беруден қолдары тимейтінін, сондықтан кітап оқуға уақыттары жоқ екенін де жақсы білеміз. Кей әншілердің рухани жұтаңдығына қарап, қарның ашады. Не [...]
Сіз қалай пайдаланып жүрсіз?
Posted in Ғибратты әңгімелер, Uncategorized on Тамыз 3, 2009 | 1 Comment »
Күллі әлемді жаратқан АЛЛА-Тағала еркіндікті де жаратыпты. Оны кімге берсем деп ойлана отырып «Тіршілік содан нәр алады, бәрін көтерсе де қыңқ демес қара нарым ғой, осы еркіндікті Жерге беріп көрейінші» десе, қара Жер: «Жоқ, АЛЛАм, маған оны бере көрмеші? Сол еркіндікті иеленем деп, паңданып, пендешілікке салынып, бір сәт орбитамнан шығып кетсем қандай масқара болмақ! Мен [...]