Feeds:
Жазбалар
Comments

Archive for Ақпан, 2010

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір сапарда ат басын тежеп, достарымен бірге көліктерінен түсер-түспес жүктерін жерге қойысты. Жолсоқты боп қарын ашқандықтан бір қой сойып жеуге ақылдасты. Бар жұмысты әркім өзара бөлісе бастады. Біреуі:- Қойды мен сояйын,- деді. Екіншісі:- Терісін мен сыпырайын,- деді. Үшіншісі:- Ет пісіру менің мойнымда болсын,- деді. Сол кезде Пайғамбарымыз да:- Шөлден отын жинап қайтуға [...]

Read Full Post »

Аллаһ тағаланың сүйікті құлы пайғамбарымыз Мұхаммедті (с.ғ.с.) бір топ кісілер қаумалай отырысып, алқа-қотан әңгіме-дүкен құрып отырды. Бір уақытта үстіндегі киімі жұпынылау бір кедей мұсылман есіктен бас сұқты. Ислам әдебі бойынша қонақтардың үстінен түскен адам өзіне арнайы орын таңдап жатпастан табылған орынға отыра кетуі керек-ті. Ол да соның ыңғайымен отырғандарды асығыстау көзімен бір шолып, бостау тұрған [...]

Read Full Post »

Жабир (р.а.) әңгімелеуде: Пайғамбарымыз Расулаллаһқа бір кісі келіп: – Я, Расулаллаһ! Пәлен деген көршім құрмасының қоқыстарын менің аулама тастайды. Маған жамандық жасауын тыяр емес,- деп мұңын шақты. Пайғамбарымыз әлгінің көршісін шақырып алып: – Көршіңнің ауласына тастап жүрген құрмаңның қажетсіз ағаштарын маған сат,- деп сұрады. Әлгі кісі бірден:- Болмайды,- деп үзілді-кесілді келіспеді. – Онда маған сыйлашы, [...]

Read Full Post »

Мақта қар жауып тұр мақтаншақ, Айнала шашылып ақ моншақ. …Ал менің жапырақ жүрегім, Жабықты жаз күнін қатты аңсап. Қар жауды. Ұялшақ көктемнің, Салқындық тағы да өпті ернін. Құтқарып алатын мені ойдан, Қайдасың көріктім, …жоқ белгің. Мен сені қамығып қанша күн, Сағынып іздедім, аңсадым. Бақ ішін қатал қыс кезіп жүр, Тоңдырып сәмбітал саусағын. Жазығы жоқ қардың [...]

Read Full Post »

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) қай іске болсын аса бір жауапкершілікпен қараған. Тіпті біреуге уәде берсе, сол уәдесін орындағанша асығатын. Өзін іздеп келген досы бір күні онымен базарда кездеспек болып келісті. Айтқан уақытынан сәл ерте барған Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өткен-кеткеннен уақыт сұрап досын күтіп тұрды. Өкінішке орай досы көп кешікті. Қас қарайғанша күтті, келмеді… …Екі-үш күннен соң бір [...]

Read Full Post »

Абдуллаһ ибни Масғұттың әңгімелеуі бойынша: Пайғамбарымыз бірде жалаң шиден жасалған төсенішке жатып көз ілді. Тұрған кезде мүбәрак тәніне түскен шидің іздері байқалды. Оны көріп, жаны ашығандар: – Ей, Аллаһ тағаланың құрметті елшісі! Біз сізге бір жұмсағырақ төсеніш алайық та?- деп сұрады. Сонда ардақты Расулаллаһ:- Е-е, бұл жалған дүниені қайтейін?! Мен бұл дүниеде ағаш көлеңкесіне сәл [...]

Read Full Post »

Хазірет Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) бұл өмірдегі дәм-тұзы таусылуға айналған соңғы күндері. Алпыс үш жылдық өмірін абыроймен өткізіп, имандылық пен ақиқат жолына бастау арқылы халықтың ыстық ықыласына бөленген ол тіршілігінде бір құмырсқа екеш құмырсқаны да ренжітпейтіндей өте кішіпейіл, қайырымды болатын. Ол өмірінің соңғы сәттерінде мұсылмандар арасында жіберген қателігі болса кешірім сұрап, бақұлдасып қалуды жөн көрді. Осы [...]

Read Full Post »

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) бар арман-тілегі мен мақсат-мұраты адамзат атаулыдан өзіне көрсетілген қызмет емес, керісінше өзінің адамзатқа тигізер жәрдемі мен қызметі болатын. Сондықтан да болар, қолына не нәрсе түссе де, мұң-мұқтажға таратып беріп, өзі кимесе де өзгені киіндіріп, өзі ішпесе де өзгеге ішкізіп, қарамағындағы адамдардың сәл де болса қуанғанын көруді өзіне зор қуаныш, үлкен бақыт деп [...]

Read Full Post »

Ақжігіт көркем жігіт. Біз ойлағаннан да көркем. Елгезектігінің өзі көпке үлгі боларлықтай. Жұрттың бәрі оны жақсы көреді. Әңгімелері кіл жақсылықтардан тұрады. «Атымтай атаның қорасының төбесін жауып беріп келе жатырмын» деп, Мақта қыздың үйінен шай ішіп, сосын пешін сылап, «Мақта қыздың пешін сылап бердім» деп, Жиренше шешеннің отынын арқаласып кетіп бара жататын. Сөзіне ісі сай жан [...]

Read Full Post »

Мен не дедім? Сен не дедің? Бұл не сын? Сәттік оймен шыққаны ма мүлде есім?! Мұңды есігін жабайықшы өткеннің, Татулықтың сөгіп алмай іргесін. Жанды жердің түре бермей етегін, Сыйластықтың жөн көрейік жетегін. Екеуміз де түсінгендей едік қой, Бұл өмірдің ертегі емес екенін. Көркейсек деп алған шақта көкке бет, Қажасудың қажеті де жоқ демек. Ақымақпын ашу [...]

Read Full Post »

Older Posts »

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.