Feeds:
Жазбалар
Comments

Archive for Тамыз, 2010

Хазірет Омар бір күні Жұма намазына бара жатып бір тамның қасынан өте бергенде там төбесінен үстіндегі киіміне қан тамып кеткен еді. Ол бірден қан тамшылап тұрған астауды тауып әлгі тамның үстінен алып тастады, сөйтті де үйіне кері қайтып, үстіндегі киімін ауыстырып қайта келді. Мешітке келген халыққа намаз оқытып болған соң хұтбаның соңын ала бере жиналған [...]

Read Full Post »

Омар (р.а.) қай жолмен жүрсе де сол жол бойында жатқан ірілеу тастарды аяғының ұшымен жолдың шетіне ысырып, өзінен кейін сол жолмен жүретіндерге кедергі келтірмеуіне көңіл бөлетін. Бір күні тағы да жолмен кетіп бара жатып, жол үстінде жатқан бір тасты аяғымен жол шетіне қарай ысыра теуіп қалған. Алайда жол шетіне шығарып тастамақ болған тас байқаусызда қарсы [...]

Read Full Post »

Мұсылмандардың Меккеден Мәдинаға сапар шеккен ұлы көш – хижреттің он жетінші жылы. Ел басқарып отырған халифа Омар келімді-кетімді кісі көп болғандықтан, Пайғамбар мешітін кеңейтпек болды. Ол үшін мешіт маңындағы жерлерді иелерімен келісе отырып, мешітке қосу керек еді. Көп өтпей-ақ мешіт қасындағы жерлердің иелеріне қолқа салды: – Үйлеріңіз бен жерлеріңізді Расулаллаһтың мешітін кеңейту үшін сатып алсам [...]

Read Full Post »

Бірде Омар (р.а.) мен Саад ибн Әби Уаққас Иранға жылқы сатуға барды. Қалаға кіре берісте алаяқтыққа басып ойын ұйымдастырып, өткен-кеткен елді ынтықтырып тұрған бір топ жастарды көрді. Екеуінің өздерінен көз алмай қарап тұрғанын байқаған әлгі жігіттердің біреуі дереу келіп, бұларға ауыр-ауыр сөз айтып, сатпақ болып әкелген араб аттарын да қолдарынан тартып алды. Омар (р.а.) мен [...]

Read Full Post »

Омар (р.а.) тағайындаған басшылардың бірі жұма хұтбасы кезінде Омарды жер-көкке сыйғызбай мақтағаны сонша, сахабалардың біреуі шыдай алмай орнынан атып тұрып әлгі кісімен шарт-шұрт сөзге келіп қалды. Намаз біткенде мешітте болған жайт Омардың құлағына да жеткен еді. Халифа Омардың әмірімен әлгі сахаба дереу тұтқындалып алдына әкелінеді. Сахаба кірген бойда халифаға сәлем береді. Алайда өзі ашуланып отырған [...]

Read Full Post »

Қыс. Аяз. Көзге түртсе көргісіз қараңғы түн. Жер бетінде қар жатпағанмен, еттен өткен ызғарлы суық сүйекке жеткендей. Халифа Омармен жүздесіп, әңгімелесіп қайтпақ оймен үйден шықтым. Айнала тым-тырыс. Қала тұрғындары бұл уақытта ұйқыларының ең тәтті шағында жатқан кез. Көше де қыбыр еткен жан жоқ. Жол ортасына жете бере, сонадай жерден қарауытқан адамға ұқсас біреуді көзім шалды. [...]

Read Full Post »

Бір күні түнде ел басқаратын халифа Омар (р.а.) мен Абдуррахман ибн Ауф Мәдина қаласының көшелерімен келе жатып бір үйден дабырлаған дауыстар естіді. Үйге таяп келген халифа: – Ей, Абдуррахман! Мынау кімнің үйі екенін білесің бе?- деп сұрады. Абдуррахман: – Білмеймін,- деп жауап берді. Халифа өзі: – Бұл – Рәбиға ибн Үмәйяның үйі. Іштегілер тегіс арақ [...]

Read Full Post »

Омардың (р.а.) ел басқарып тұрған кезі. Бүгін де ылғидағы әдеті бойынша үстіндегі киімдерін ауыстырып киіп, ел ішін аралап қайтпақ ниетпен ымырт үйіріле көшеге шықты. Мәдинаның көшелерін аралап көп жүрді. Түн қараңғысы әбден қоюланған кезде бір үйдің қасына келді. Іштен дауыстар шығып жатыр екен. Не болып жатқандығын білмек болып әлгі үйдегі дауысқа құлақ түрді. Байқаса шешесі [...]

Read Full Post »

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.