Хижреттің 17-18 жылдары Шам төңірегінде «Әмуас обасы» деп аталатын оба ауруы кең тарады. Ең алғашқы шыққан жері Палестинаның Әмуас аймағы болғандық-тан осылай аталған. Бұл жұқпалы ауру әкелген кеселден 25 мың адамның өмірі қиылып, тіпті үлкен сахабалардың қатарындағы Әбу Үбәйда ибн Жәррах пен қоса Муаз ибн Жәбал да айықпас дерттің қармағына іліккен-ді .
Archive for Қыркүйек, 2010
Тағдырдан тағдырға қашу
Posted in Uncategorized, tagged "Тағлым тамшылары", Құдайберді Бағашар on Қыркүйек 14, 2010 | 8 пікір »
Қапастағы батыр
Posted in Uncategorized, tagged "Тағлым тамшылары", Құдайберді Бағашар on Қыркүйек 14, 2010 | Пікір қалдыру »
Алтынға айналған қамшы
Posted in Uncategorized, tagged “Тағлым тамшылары”, Құдайберді Бағашар on Қыркүйек 2, 2010 | Пікір қалдыру »
Мұхаммед ибн Мәсләма – Пайғамбарымызбен бірге барлық соғыстарға қатысқан алдыңғы қатарлы сахабалардың бірі. Ол Мәдина қаласында Расулаллаһтың орнына уәкіл ретінде тағайындалған хазірет Омардың ел ішіндегі «арыз-шағым бұрышына» жауапты кісісі болатын. Халықтың бар арыз-тілектері осы бұрыш арқылы шешіліп, қажет болған жағдайда пара алған, біреудің құқығын аяққа таптаған басшылар мәселенің мән-жайы әбден анықталған соң, осы бұрыштың шешімі [...]
Елден ерек елбасы
Posted in Uncategorized, tagged “Тағлым тамшылары”, Құдайберді Бағашар on Қыркүйек 2, 2010 | Пікір қалдыру »
Грек елшісі Мәдина қаласына саяси бір кездесу мақсатында келді. Келген бойда мұсылман елінің басшысы халифа Омардың сарайын сұрады. Кімнен сұраса да бәрі:- Біздің халифаның барша жанды сыйдырған көңіл сарайынан басқа ел қабылдайтын арнайы салдырған ешқандай сәнді сарайы жоқ. Тек қана кедей-кепшіктіктердікі тәрізді кішкене ғана күркесі бар,- десті. Бұны естігенде грек елшісінің таңданысында шек болмады. Қанша [...]
Нілдің тасуы
Posted in Uncategorized, tagged “Тағлым тамшылары”, Құдайберді Бағашар on Қыркүйек 1, 2010 | Пікір қалдыру »
Мысыр елі Омардың (р.а.) ел басқарған халифалығы тұсында мұсылмандардың қолына өтті. Мысырды мұсылмандардың қол астына қаратқан даңқты қолбасшы – Амр ибн Ас еді. Мысыр халқы Амр ибн Асқа өздеріндегі әдет-ғұрыптарды таныстыра келіп: – Ей, қолбасшы! Біздің салт-санамыз бойынша Маусым айының он екінші түні үйлене қоймаған жас қызды барынша сәндеп, әдемі киіндіреміз. Сөйтеміз де Ніл өзеніне [...]
Адамды тану
Posted in Uncategorized, tagged “Тағлым тамшылары”, Құдайберді Бағашар on Қыркүйек 1, 2010 | 2 пікір »
Омардың қасында бір кісі әлдебір дауға қатысты куәгер болған еді. Омар ибну-л- Хаттаб оған: – Мен сені танымаймын, сені танитын біреу келсін,- деді. Жанында тұрғандардың біреуі: – Мен оны танимын,- деді. Омар одан: – Иә, танысаң айтшы, бұл қандай адам?- деп сұрады. Ол кісі: – Жөні түзу, әділ кісі,- деп жауап берді. Омар (р.а.) қайта [...]