Feeds:
Жазбалар
Comments

Posts Tagged ‘“Тағлым тамшылары”’

Хижреттің 17-18 жылдары Шам төңірегінде «Әмуас обасы» деп аталатын оба ауруы кең тарады. Ең алғашқы шыққан жері Палестинаның Әмуас аймағы болғандық-тан осылай аталған. Бұл жұқпалы ауру әкелген кеселден 25 мың адамның өмірі қиылып, тіпті үлкен сахабалардың қатарындағы Әбу Үбәйда ибн Жәррах пен қоса Муаз ибн Жәбал да айықпас дерттің қармағына іліккен-ді .

Read Full Post »

Read Full Post »

Мұсылмандардың Меккеден Мәдинаға сапар шеккен ұлы көш – хижреттің он жетінші жылы. Ел басқарып отырған халифа Омар келімді-кетімді кісі көп болғандықтан, Пайғамбар мешітін кеңейтпек болды. Ол үшін мешіт маңындағы жерлерді иелерімен келісе отырып, мешітке қосу керек еді. Көп өтпей-ақ мешіт қасындағы жерлердің иелеріне қолқа салды: – Үйлеріңіз бен жерлеріңізді Расулаллаһтың мешітін кеңейту үшін сатып алсам [...]

Read Full Post »

Бірде Омар (р.а.) мен Саад ибн Әби Уаққас Иранға жылқы сатуға барды. Қалаға кіре берісте алаяқтыққа басып ойын ұйымдастырып, өткен-кеткен елді ынтықтырып тұрған бір топ жастарды көрді. Екеуінің өздерінен көз алмай қарап тұрғанын байқаған әлгі жігіттердің біреуі дереу келіп, бұларға ауыр-ауыр сөз айтып, сатпақ болып әкелген араб аттарын да қолдарынан тартып алды. Омар (р.а.) мен [...]

Read Full Post »

Омар (р.а.) тағайындаған басшылардың бірі жұма хұтбасы кезінде Омарды жер-көкке сыйғызбай мақтағаны сонша, сахабалардың біреуі шыдай алмай орнынан атып тұрып әлгі кісімен шарт-шұрт сөзге келіп қалды. Намаз біткенде мешітте болған жайт Омардың құлағына да жеткен еді. Халифа Омардың әмірімен әлгі сахаба дереу тұтқындалып алдына әкелінеді. Сахаба кірген бойда халифаға сәлем береді. Алайда өзі ашуланып отырған [...]

Read Full Post »

Қыс. Аяз. Көзге түртсе көргісіз қараңғы түн. Жер бетінде қар жатпағанмен, еттен өткен ызғарлы суық сүйекке жеткендей. Халифа Омармен жүздесіп, әңгімелесіп қайтпақ оймен үйден шықтым. Айнала тым-тырыс. Қала тұрғындары бұл уақытта ұйқыларының ең тәтті шағында жатқан кез. Көше де қыбыр еткен жан жоқ. Жол ортасына жете бере, сонадай жерден қарауытқан адамға ұқсас біреуді көзім шалды. [...]

Read Full Post »

Бір күні түнде ел басқаратын халифа Омар (р.а.) мен Абдуррахман ибн Ауф Мәдина қаласының көшелерімен келе жатып бір үйден дабырлаған дауыстар естіді. Үйге таяп келген халифа: – Ей, Абдуррахман! Мынау кімнің үйі екенін білесің бе?- деп сұрады. Абдуррахман: – Білмеймін,- деп жауап берді. Халифа өзі: – Бұл – Рәбиға ибн Үмәйяның үйі. Іштегілер тегіс арақ [...]

Read Full Post »

Омардың (р.а.) ел басқарып тұрған кезі. Бүгін де ылғидағы әдеті бойынша үстіндегі киімдерін ауыстырып киіп, ел ішін аралап қайтпақ ниетпен ымырт үйіріле көшеге шықты. Мәдинаның көшелерін аралап көп жүрді. Түн қараңғысы әбден қоюланған кезде бір үйдің қасына келді. Іштен дауыстар шығып жатыр екен. Не болып жатқандығын білмек болып әлгі үйдегі дауысқа құлақ түрді. Байқаса шешесі [...]

Read Full Post »

Әбу Бәкір Сыддықтың (р.а.) бір қызметшісі бар болатын. Кешкі асты ылғи да сол даярлап әкелуші еді. Алайда Әбу Бәкір алдына әкелген астың қайдан, қалай келгендігін бәрін тәптіштеп сұрап білмейінше асқа қол созбайтын. Әлгі қызметшісі бір күні кешке әдеттегідей тамақ әкелді. Әбу Бәкір Сыддық бұл жолы тамақтың кімнен сатып алынғандығы, дастарқанға қойылғанға дейін қалай келгендігі туралы [...]

Read Full Post »

Бір күні Әбу Бәкір (р.а.) сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) қасында отырды. Бір уақытта ұрынарға қара таппаған қара ниетті біреу аузы көбіктеніп Әбу Бәкірге тіл тигізіп, былапыт сөздер айта бастады. Пайғамбарымыз әлгі кісі Әбу Бәкірге қанша жаман сөздер айтқанына қарамастан ләм- мим деп тіл қатпай ара-кідік күлімсіреп қойып отыра берді. Әлгінің әдепсіздігі мен былапыт сөздері әбден [...]

Read Full Post »

Older Posts »

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.