Бұл өмір қысқа құстың тұмсығындай, Жастығың жара бермес бүршік ыңғай. Өкініп өткен күнге өксігенмен, Жуарсың көңіліңнің кіршігін қай? Бұл өмір – ойнап жүріп от басулар. Кездейсоқ кездесулер, …Қоштасулар, Таусылған тағдырларды теңдеп алып, Келмеске кеткен сонау көп ғасырлар. Бұл өмір жауабы жоқ, сұрағы бар, Алдамшы арзан бақтан кім арылар? Қаңтарда көбелек боп жауған қардың, Көктемде көз [...]
Posts Tagged ‘Қалқаман Сарин’
Бұл өмір…
Posted in Uncategorized, tagged сезім, Қалқаман Сарин, өмір on Маусым 10, 2010 | 1 Comment »
Мақта қар жауып тұр мақтаншақ,
Posted in Өлеңдер, Uncategorized, tagged сезім, Қалқаман Сарин, Қар, өлең on Ақпан 14, 2010 | 4 пікір »
Мақта қар жауып тұр мақтаншақ, Айнала шашылып ақ моншақ. …Ал менің жапырақ жүрегім, Жабықты жаз күнін қатты аңсап. Қар жауды. Ұялшақ көктемнің, Салқындық тағы да өпті ернін. Құтқарып алатын мені ойдан, Қайдасың көріктім, …жоқ белгің. Мен сені қамығып қанша күн, Сағынып іздедім, аңсадым. Бақ ішін қатал қыс кезіп жүр, Тоңдырып сәмбітал саусағын. Жазығы жоқ қардың [...]
Ән сияқты әуезді өлең
Posted in Өлеңдер, Uncategorized, tagged махаббат, сұлу, тағдыр, ғашық, Қалқаман Сарин on Қаңтар 24, 2010 | Пікір қалдыру »
Ойлаумен тек өзіңді түн де ұзарар, Сырыма қанып үнсіз жұлдыз ағар. Мендегі махаббатты оятты ғой, Сендегі сезім тұнған нұрлы жанар. Көркің бар көз қуантар гүлден де әсем, Қамығып қалам сені бір көрмесем. Өкініп өтер едім өмірден бұл, Өзіңе бақыт сыйлап үлгермесем. Бақытым кешіктіріп кездестірген, Өзіңсіз өмірге енді төзбеспін мен… Іздейді сені ғана іңкәр жүрек, Серігін [...]