9 қаңтар – үлкен әпкеміздің туған күні. Біз үшін ерекше туған күн. Данабектің екіге қараған кезі. Әдеттегідей туған күнге дайындала бастағанбыз. Ол кезде мен бірінші сныпта оқимын. Данабек екеуміз ақылдасып үйде тұрған көп кітаптың арасынан қалыңырақ біреуін таңдап алдық. Сыйлықтың көңілге де, қолға да қомақтысы жақсы ғой. Қадір Мырза Әли мен Қастек Баянбайдың шығармалары топтастырылған кітап екен. Бірінші бетіне «Гүлка тәте, туған күніңізбен! Сізге кө-ө-өп жақсылық тілейміз!» – деп жазу жаздық. Бұл сыйлық Данабектің атынан кетпек. Жаңағы кітапты қолына ұстап, әпкесіне берем деп кеткен Дәкең жоқ, дастарханда бәрі соны күтіп, сыйлығын тамашалауға асығып отыр. Сөйтсе, ол кітап салатын целлофан пакет іздеп кетіпті. Бір кезде пальтосының екі етегі екі жаққа кетіп, танауы желпілдеп келді. (толығырақ…)
Archive for 2009 Сәуір
Алғашқы сыйлық
Posted in Uncategorized on Сәуір 25, 2009| 17 Comments »
Жылан мен шымшық
Posted in Ғибратты әңгімелер, tagged Жылан мен шымшық, Рүстем, достар, дұшпандар, minez-kulyk, шабуыл, Әкесі, әдет, әке-шеше on Сәуір 25, 2009| 2 Comments »
Рүстемнің мінезі өте қиын болыпты. Қасындағы барлық достарын өзіне қарсы деп ойлап, үнемі оларға ренжіп жүреді екен. Қит етсе, әке-шешесіне келіп шағым айтуды әдетке айналдырыпты. Тіпті, әке-шешесі де оның шағымдарынан әбден жалығыпты. Бір күні Рүстем тағы да әкесіне шағым айтып келгенде әкесі:
– Ұлым, сенің бір де бір жақсы жолдасың жоқ па? Балалардың барлығы бірдей жаман болмайды ғой. Неге достарңның бойынан тек кемшілік көре бересің? Олардың жақсы жақтарын да көруге тырыссаңшы. Бұдан кейін келіп маған шағымданушы болма! – депті. (толығырақ…)
Имам Ағзам
Posted in Ғибратты әңгімелер, tagged Имам Ағзам, Хайуан, ақыл, мүйіз, Imam Agzam, islam on Сәуір 25, 2009| 3 Comments »
Имам Ағзам жол үстінде келе жатып, тұп-тура өзіне қарсы жүрген бір хайуанды көреді. Хайуан жақындағанда бір шетке ығысып, оған жол береді. Қасындағылар таңырқап не себепті олай жасағанын сұрағанда, хазірет еш ойланбастан:
– Оның мүйізі, ал менің ақылым бар, – деп жауап беріпті.
Айнажанның батасы
Posted in Uncategorized, tagged Иманғали аға, бата, дайындық сабағы, директор, жарайсың!, педагогтық этика, сенбілік, сынып, тәрбиеші, Әй, қазақ тілі мен әдебиеті, қоңырау үні on Сәуір 25, 2009| 8 Comments »
Біздің сыныпта Айнажан есімді бір қыз бар еді. Батаның түр-түрін білетін. Оның батасын естіген сайын «Әй, жарайсың!» деуші едік іштей. Әр сенбі сайын мектеп ауласын тазалауға шығатынымыз естеріңізде болар? (Мен қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернатта оқығам, ол жерде әр апта сайын сенбілік жасап, сосын үйге қайтатынбыз). Кейде ығырымызды шығарып жіберетін. Қашып кетуге үлкен сыныптың қыздарындай «жүрек жұтқан» емеспіз, әлі балмұздақпыз, сегізінші сыныптамыз. Қыл аяғы, старостадан да қорқамыз. «Шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» деп, тағдырға бойұсынып ұстаз, тәрбиешілердің айтқанын орында-а-ап жүре береміз. (толығырақ…)