Баяғыда екі құмырсқа сүтке түсіп кетіпті. Бір қазан сүт олар үшін телегей теңіздей ғой. Біреуі «біттім, баттым, өлдім…» деп «құмырсқауи» пессимизмге салынып еш әрекет қылмапты. Ал екіншісі тырбана беріпті, тырбана беріпті. Сөйтіп, сүттің бетіне кішкентай май шығыпты. Сол майға жабысып, қазанның шетіне жетіп аман қалған екен…
Archive for 2009 Мамыр
Қос құмырсқа
Posted in Uncategorized on Мамыр 31, 2009| Leave a Comment »
Біреу үшін сен үлкен әлемсің
Posted in Uncategorized on Мамыр 28, 2009| 7 Comments »
Қазір менің ең жақын сырласым – қалта телефоным. Мен оны бір сәт, тіпті бір минут та тастап кеткім келмейді. Оның шыр еткен дыбысы құлағыма майдай жағады. Достарымнан келетін сырға толы хаттар, құрбыларыма айтар түрлі тілектер – бәрі-бәрі қалтамнан бір сәт түспейтін кішкентай ғана телефоным арқылы жүзеге асып жатады, барар мекенін тауып жатады. Телефонымды үйге қалдырып кетсем, бірнәрсе жетпегендей елегізіп тұрамын. Ұйқымды бөліп, түннің бір уағында шырылдаса да, мен оған еш ренжіп көрмеппін. Міне, тағы да телефоным «хат келді» деп белгі берді. (толығырақ…)
«Ашулы жұдырық – күліп тұрған бетті ұра алмайды»
Posted in Ғибратты әңгімелер, tagged Жұмсақтық, асыл, байсалды, байыпты, баға жетпес мінез, кешірімді on Мамыр 24, 2009| 5 Comments »
Жұмсақтық – адам бойындағы ең асыл, баға жетпес мінездің бірі. Мінезі жұмсақ адам кешірімді, байыпты, байсалды, ашуға бой алдырмайтын, сабырлы, шыдамды, көңілдің күйін алыстан бағамдайтын парасатты, кішіпейіл, жанашыр, жылы жүзді, майда тілді келеді. «Қауызында дәні жоқ – сабан мінезді адам болады; қорсылдаса көңілі тоқ – қабан мінезді адам болады» деген секілді дөрекілік пен дойырлық қай кезде де рухани осалдық, жабайы мінез ретінде сынға алынып, ал жұмсақтық қай халықта да игі саналған. Дана қазақ «Алмас қанжарды жұмсақ қайраққа қайрайды», «Түсі игіден түңілме», «Жылы-жылы сөйлесең, жылан да інінен шығады» десе, (толығырақ…)
Жазаңды алуға асықпа
Posted in Ғибратты әңгімелер, tagged «дат!», Жан тәтті, Табиғат, ағаш, бақша, бұлбұл, жаза, патша, уәзір, Әнші құс, әйел, өлім жазасы on Мамыр 18, 2009| 4 Comments »
Баяғыда бір патша болыпты (баяғыда патшалар көп болған ғой). Сол көп патшаның бірі өз бақшасында демалып отырса керек. Табиғат сұлу ғой, ал патша бағының қандай болатынын елестете беріңіз. Сол әсем бақтағы бір алма ағашының гүлін бұлбұл құс тұмсығымен үзе бастапты. Оны көрген патша уәзірінен: «Ана бұлбұл не істеп жатыр?» деп сұрапты. Уәзірі: «Ол өз жазасын алуға асығуда», дейді. Әнші құс біраздан соң ұясына жақындап шыр-пыры шығып шырылдай, біресе жоғары, біресе төмен ұшып, жан біткеннің назарын өзіне аударыпты. (толығырақ…)
«Қылмыскер қайдан секіреді?»
Posted in Uncategorized, tagged Еңлікгүл, Жақсы тақырып – жарым ма қала, Клара Қабылғазина, Радиожурналистика, Түрме, студент, Қылмыскер, құрбы on Мамыр 4, 2009| 8 Comments »
Радиожурналистика пәнінен сабақ берген Клара Қабылғазина апайымыз әр сабақ сайын бізге түрлі тапсырмалар орындататын, (түрлі) сценарийлер жазғызып, жазғанымызды талдатып, қате тұстарын түзетуді әдетке айналдырған.
«Жақсы тақырып – жарым мақала». Жазған материалдарыңның тақырыбы елді елең еткізіп, есінде қалатындай тың болуы керек», – дейтін үнемі ол кісі.
Бірде осы пәннен Еңлікгүл атты құрбымыз «Қылмыскер қайдан секіреді?» (толығырақ…)
Мектеп бітіргенімізге біраз жыл өтті
Posted in Uncategorized, tagged КСРО, Көктөбе, Мектеп бітіру, ақ бантик, ақ фартук, жас түлек, соңғы қоңырау, сыныптастар, тігінші, форма, қыздар, құттықтау, ұят on Мамыр 4, 2009| 17 Comments »
Мектеп бітіргенімізге біраз жыл өтсе де, сол күн әлі есімде, әр сәті, әр адамның айтқан сөздері, жазған тілектері… Мен өзім бітірген мектепті ерекше жақсы көремін! Ол менің альма-матерім десем де болар. Көктөбенің баурайы, ақшағаладай менің аппақ мектебім, КСРО кезіндегідей форма киіп алған менің сыныптастарым… зу етіп өтіп кеткен сол кездердің өткінші екеніне қазір де сенбеймін. (толығырақ…)
Жеңімпаз
Posted in Uncategorized on Мамыр 4, 2009| 6 Comments »
Біз кейде болымсыз нәрсеге егіліп жылаймыз, шын жылау деген басқаша болады екен. Біз кейде болымсыз нәрсеге шаттанып қуанамыз, шын қуану да басқаша болады екен. Валя апай осы екі сезімді де басынан кешіріп, жүрегімен сезінген жан.
«Біреу келіп менен көмек сұраса қуанам, мен адамдарға керек екенмін ғой деп. 1992-жылдың 7-қарашасы есімнен кетпейді. Есеп тапсырып, үйге келгем. Көрші әже моншаға түсіріп бер деп келіпті. Соның арасында тағы бір кісі келді, өзімен бірге бір жаққа баруын өтініп…» (толығырақ…)
Адам жасы
Posted in Uncategorized on Мамыр 4, 2009| 9 Comments »
«Аты әлемге мәшһүр бiр ғұламадан өз шәкiртi:
– Ұстаз, неше жасқа келдiңiз? – деп сұрапты. Сонда ғалым ойланып тұрып:
– Бiлмедiм. Шамасы, жасым мыңнан асып қалса керек, – деп жауап берiптi.
– Қалайша?
– Әр адамға пайдам тиiп, жақсылық жасаған сайын мерейiм артып, рахаттанып, бiр жасап қалам, – дептi».
Немат Келімбетов, «Үміт үзгім келмейді»
Екі адамның құны
Posted in Ғибратты әңгімелер, tagged Сырым батыр, адамның құны, бойжеткен, сусын, тостаған сусын, шөл, қараша үй, ұзақ жол, ұят on Мамыр 4, 2009| 8 Comments »
Баяғыда Сырым батыр ұзақ жолдан шаршап, шөлдеп келе жатса, алдынан бір қараша үй кез болыпты. Сыртта жүрген бір бойжеткеннен сусын сұрап, алып шыққан тостағанды бір-ақ сіміріп, терін сүртіп тұрып
– Апырай, бір аяқ сусын бір адамның құны екен ғой, – депті. Оны естіген қыз бірден:
– Қателесесіз, батыр. Бір тостаған сусын бір емес, екі бірдей адамның құны. Шөлдеген сіз сусын сұрағанда, тауып бере алмасам, ұяттан мен өлер едім, шөлден сусап сіз өлер едіңіз, – деген екен.
Шарасыз жақсылық
Posted in Uncategorized on Мамыр 4, 2009| Leave a Comment »
Баяғыда бір мысық торға түсіп қалыпты. Оны көрген егеуқұйрық қуанып, інінен шығып келе жатса, артынан өзін аңдып жылан келе жатыр екен. Ал дәл төбесінде құзғын қалықтап жүр дейді. Тірі қалуға мүмкіндік аз. Сонымен ол мысыққа жақындап: «Екеумізге де ажал аузын ашып, тұр. Мен сені құтқарсам, сен мені құтқарар ма едің?» – депті. Екеуі осыған келісіп, егеуқұйрық өткір тістерімен торды қия бастапты. Бұны көрген жылан кері шегініп, құзғын қайыр жоқ болған соң басқа жаққа ұшып кетіпті. Дәл сол уақытта аңшының да төбесі көрініп, ол келгенше егеуқұйрық мысықты, мысық егеуқұйрықты құтқарған екен дейді.