Feeds:
Жазбалар
Пікірлер

Archive for Мамыр 4th, 2009

Радиожурналистика пәнінен сабақ берген Клара Қабылғазина апайымыз әр сабақ сайын бізге түрлі тапсырмалар орындататын, (түрлі) сценарийлер жазғызып, жазғанымызды талдатып, қате тұстарын түзетуді әдетке айналдырған.
«Жақсы тақырып – жарым ма­қала». Жазған материал­да­рың­ның тақырыбы елді елең ет­кізіп, есінде қалатындай тың болуы керек», – дейтін үнемі ол кісі.
Бірде осы пәннен Еңлікгүл ат­ты құрбымыз «Қылмыскер қай­дан секіреді?» (толығырақ…)

Read Full Post »

Мектеп бітіргенімізге біраз жыл өтсе де, сол күн әлі есімде, әр сәті, әр адамның айтқан сөздері, жазған тілектері… Мен өзім бітірген мектепті ерекше жақсы көремін! Ол менің альма-матерім десем де болар. Көктөбенің баурайы, ақшағаладай менің аппақ мектебім, КСРО кезіндегідей форма киіп алған менің сыныптастарым… зу етіп өтіп кеткен сол кездердің өткінші екеніне қазір де сенбеймін. (толығырақ…)

Read Full Post »

Жеңімпаз

Біз кейде болымсыз нәрсеге егіліп жылаймыз, шын жылау деген басқаша болады екен. Біз кейде болымсыз нәрсеге шаттанып қуанамыз, шын қуану да басқаша болады екен. Валя апай осы екі сезімді де басынан кешіріп, жүрегімен сезінген жан.
«Біреу келіп менен көмек сұраса қуанам, мен адамдарға керек екенмін ғой деп. 1992-жылдың 7-қарашасы есімнен кетпейді. Есеп тапсырып, үйге келгем. Көрші әже моншаға түсіріп бер деп келіпті. Соның арасында тағы бір кісі келді, өзімен бірге бір жаққа баруын өтініп…» (толығырақ…)

Read Full Post »

Адам жасы

«Аты әлемге мәшһүр бiр ғұламадан өз шәкiртi:
– Ұстаз, неше жасқа келдiңiз? – деп сұрапты. Сонда ғалым ойланып тұрып:
– Бiлмедiм. Шамасы, жасым мыңнан асып қалса керек, – деп жауап берiптi.
– Қалайша?
– Әр адамға пайдам тиiп, жақсылық жасаған сайын мерейiм артып, рахаттанып, бiр жасап қалам, – дептi».
Немат Келімбетов, «Үміт үзгім келмейді»

Read Full Post »

Баяғыда Сырым батыр ұзақ жолдан шаршап, шөлдеп келе жатса, алдынан бір қараша үй кез болыпты. Сыртта жүрген бір бойжеткеннен сусын сұрап, алып шыққан тостағанды бір-ақ сіміріп, терін сүртіп тұрып
– Апырай, бір аяқ сусын бір адамның құны екен ғой, – депті. Оны естіген қыз бірден:
– Қателесесіз, батыр. Бір тостаған сусын бір емес, екі бірдей адамның құны. Шөлдеген сіз сусын сұрағанда, тауып бере алмасам, ұяттан мен өлер едім, шөлден сусап сіз өлер едіңіз, – деген екен.

Read Full Post »

Баяғыда бір мысық торға түсіп қалыпты. Оны көрген егеуқұйрық қуанып, інінен шығып келе жатса, артынан өзін аңдып жылан келе жатыр екен. Ал дәл төбесінде құзғын қалықтап жүр дейді. Тірі қалуға мүмкіндік аз. Сонымен ол мысыққа жақындап: «Екеумізге де ажал аузын ашып, тұр. Мен сені құтқарсам, сен мені құтқарар ма едің?» – депті. Екеуі осыған келісіп, егеуқұйрық өткір тістерімен торды қия бастапты. Бұны көрген жылан кері шегініп, құзғын қайыр жоқ болған соң басқа жаққа ұшып кетіпті. Дәл сол уақытта аңшының да төбесі көрініп, ол келгенше егеуқұйрық мысықты, мысық егеуқұйрықты құтқарған екен дейді.

Read Full Post »

Әдет

Баяғыда бір бала болыпты. Қолындағы бізімен көршісінің месін тесіп, қымызын ішіп кетеді екен. Көршісі де ерекше сабырлы жандар болса керек. Соңына дейін шыдапты. Күндердің күнінде әлгі мес жарамай қалып, жаңасын алыпты. Жаңағы бала келіп тағы тесіп кетіпті. Содан олар көршісіне балаларының қылыған айтып, тиып қоюларын өтінбей ме, әлгі баланың ата-анасы «біз тәрбиеде қай жерден мүлт кеттік?» деп қатты ойланыпты. Екі-үш күн өткен соң, әлгі баланың анасы «Әәә, мен ол балаға аяғым ауыр кезде сол үйге барған едім. Столдың үстінде қып-қызыл анар тұрды. Сұрауға ұялдым. Жегім кеп кеткен соң, қолымдағы бізбен бір тесіп, сөлін сорған едім. Бұл балаға содан жұққан болар» депті. Балаға бас салып ұрыспас бұрын олар әуелі өздерінің күнәлары үшін кешірім сұрап, ұлдарының бұл жаман әдеттен тыйылуын сұрап, АЛЛАға жалбарыныпты. Бір-екі күннен соң әлгі бала: «Әке, мына біз жаман екен, мен қолымды ауыртып алдым, осыны сіз алыңызшы?» деп қолындағы бізін әкеп беріпті…

Read Full Post »

Баяғыда бір адамның досы аю болыпты. Аюды мәпелеп күтіп, баптаған соң, ол да оған қалтқысыз берілген екен. Күндердің күнінде әлгі кісі ауырып, біраз уақыт төсек тартып жатып қалыпты. Аю ол кезде қатты уайымдап, тіпті жүдеп кетіпті. Бір күні әлгі кісінің жағдайы сәл жақсарып, күн көзіне шығып отырса, аю досы да қуанып, қорбаңдап жанында жүріпті. Бұл ұлы қуанышқа өз септігін де тигізуді ойлайды нән дос. Дәл сол сәтте әлгі науқас жанның бетіне шыбын қонып, мазасын алыпты. Қолымен желпісе, ұшып кетіп, қайта айналып келіп қонады екен. Мұны көріп тұрған аюдың да шыдамы кетеді әрі жақсылық жасаудың сәті түсті деп ойлайды. Сөйтіп, досының бетіне қонған шыбынды үркітем деп, бар күшімен бетінен салып қалып, өлтіріп қойыпты.

Ыбырай Алтынсарин

Read Full Post »

Баяғыда бір соқыр мен қолы шолақ адам дос болып, айдалаға үй тігіп, күн көріп жүріпті. Олардың достығына көрген жан сүйсінеді екен. Сол екі досты ажырата алмай бір шайтан келе жатса, алдынан адамның шайтаны кезігіп, неге көңілсіз келе жатқанын сұрапты. Әлгі болған біткен оқиғаны түгел айтып бергенде, адамның шайтаны оны жетелеп алып: «Жүр сондай әлсіз адамды айыра алмай көңілсіз болу бізге жараспайды деп», достардың мекеніне келіпті. Сыртта тұрып: «Үйде кім бар?» – деп айқай салса, қолы шолақ жігіт әдеттегідей атып шығыпты. Әлгі шайтан тұрып: «Мә, мынау саған, ал мынау жолдасыңа» – деп арқасынан қамшымен екі осы, кетіп қалыпты. Үйіне қайта кірген жігіттен соқыр досы әлдене дәметеді, бірақ ол ештеңе демепті. Екі-үш күн өткен соң, шыдамы таусылған зағип жан досынан «Өткенде келген жолаушы саған не берді?» деп сұраса, ол: «ештеңе» деп жауап беріпті. Сенбей қойған соң, ол болған оқиғаны айтып береді, Зағип досы тағы да сенбепті. Сөйтіп жұртқа үлгі болған достар айырылысып тыныпты дейді.

Read Full Post »