«Аты әлемге мәшһүр бiр ғұламадан өз шәкiртi:
– Ұстаз, неше жасқа келдiңiз? – деп сұрапты. Сонда ғалым ойланып тұрып:
– Бiлмедiм. Шамасы, жасым мыңнан асып қалса керек, – деп жауап берiптi.
– Қалайша?
– Әр адамға пайдам тиiп, жақсылық жасаған сайын мерейiм артып, рахаттанып, бiр жасап қалам, – дептi».
Немат Келімбетов, «Үміт үзгім келмейді»
Адам жасы
Мамыр 4, 2009 авторы Ainameken
Риямен айтылған секілді. Жасаған жақсылығын айтыыыып 😦
… Білмеймін… Мүмкін, үлгі болсын деп те айтуы мүмкін ғой, иә, Аңсар?
ия, ол жағын түсіндім. Бірақ, жасаған жақсылықьты жария етпеу керек емес пе.
🙂
«Барлық адам бірдей ойласа, онда ешкімнің ештеңе ойламағаны» депті ғой баяғыда бір ұлы. Әртүрлі пікірлердің болғаны қуантады! 🙂
Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын демей ме?…
Егер біреу айтса түсінуге болар еді. Ал өзі айтқаны 😦
уылдың баласы, сіздің жаныңызды ауыртпау үшін мынандай нұсқасын да «тауып» алдым:
Бір шәкірті ұстазына келіп:
– Ұстаз, адам қанша жыл өмір сүруі мүмкін? – деп сұрапты. Сонда ұстазы:
– Өзіне байланысты. Қолынан келсе, мың, миллион жыл жасасын депті. Таңқалған шәкірті:
– Қалай-ша??? – десе, ұстазы:
– Адам баласы әр жақсылық жасаған сайын бір жасап қалады. ол өмір бойы ойын, бойын таза ұстаса, адамдарға тек пайдағы тисе, оның ғұмыры да ұзара түспек, – депті. (Осы нұсқа маған да ұнады, рас айтам! 🙂 )
Рахмет сізге!
маған да ұнады. Күткенім де осы еді.