Баяғыда Сырым батыр ұзақ жолдан шаршап, шөлдеп келе жатса, алдынан бір қараша үй кез болыпты. Сыртта жүрген бір бойжеткеннен сусын сұрап, алып шыққан тостағанды бір-ақ сіміріп, терін сүртіп тұрып
– Апырай, бір аяқ сусын бір адамның құны екен ғой, – депті. Оны естіген қыз бірден:
– Қателесесіз, батыр. Бір тостаған сусын бір емес, екі бірдей адамның құны. Шөлдеген сіз сусын сұрағанда, тауып бере алмасам, ұяттан мен өлер едім, шөлден сусап сіз өлер едіңіз, – деген екен.
Екі адамның құны
Мамыр 4, 2009 авторы Ainameken
Сырым братты әлгі қыз мындай сөзімен сындырған шығар ә? 🙂
кеЧріңз, проста бұрынғы аңыздар есіме түсіп кетті де, қазақтар аңыздардың аяғын міндетті түрде «хеппи енд» жасауЧ ед сөзден жеңілген Сырымбатр солқызды қалығңдып етіпті дейтін сөзді іздеп таппай, басты юзиминкасы жоқ ғо дедім 🙂
Айкожан, бұл әңгімені бұры-ы-ын оқыған едім :). Есімде қалып қойды, ұанағннан болса керек. «Сырымның екі рет сөзден жеңілуі» деген тақырыбы да есімнен кетпейді. Осы арқылы ол батырдың әлсіздігін емес, жеңілісті де көтере білетін мықтылығын көреміз деп ойлаймын.
Сөз тапқанға қолқа жоқ дейтін бе еді.
Тапқыр қыз екен. Қайран, сол кездің қыздары-ай …..
Аңсар, ол кезде де, осы кезде де қызқдар – қыздар болып қала берген. И то қазіргі қыздардың көзі ашық. Бұрынғы кезде оқымағаннан көп өсекке бой алдырған деуге де болады.
Адам қай кезде өмір сүрсе де ар-ұяттылары және керісіншелері де болады.
ауылдың баласы ностальжиге құмар екенсЗ 🙂
біздің айко сияқты мықты қыз екен
Айко да бүгінгі заманның талай Сырымын жынды әнектермен таңғалдырып жүр ғой. Бір күні сол батырлардың бірі Айконы қалыңдық етіп, бақытына жетеді. ИНШАЛЛАХ!! :))). Кейін балалары, олардың балалары «әжеміз айтқан әнектер» деп еске алып отырады, блогтарына жазып :)))