Баяғыда бір патша болыпты (баяғыда патшалар көп болған ғой). Сол көп патшаның бірі өз бақшасында демалып отырса керек. Табиғат сұлу ғой, ал патша бағының қандай болатынын елестете беріңіз. Сол әсем бақтағы бір алма ағашының гүлін бұлбұл құс тұмсығымен үзе бастапты. Оны көрген патша уәзірінен: «Ана бұлбұл не істеп жатыр?» деп сұрапты. Уәзірі: «Ол өз жазасын алуға асығуда», дейді. Әнші құс біраздан соң ұясына жақындап шыр-пыры шығып шырылдай, біресе жоғары, біресе төмен ұшып, жан біткеннің назарын өзіне аударыпты. Қараса, бұлбұлдың ағаш басындағы ұясына қарай бір қара жылан шығып барады екен. Патша жыланның не істеп жатқанын сұраса, уәзірі манағы жауабын қайталапты. Сол сәтте бақты күтуші бақташы әйел бұлбұлдың аянышты халін көріп, жыланды таспен ұрып өлтіріпті. Патша бақташының не істеп жатқанын сұрап, тағы сол жауапты естиді. Сол сәтте әйелдің саусағындағы бір әдемі алтын жүзік күнге шағылысып жалт-жұлт етіп көздің жауын алыпты. Әйелдің қолындағы қымбат жүзік – патшаның жоғалтып алған жүзігі екен. Бақташы бірден өлім жазасына кесіледі. Жан тәтті деген, жылап-еңіреген әйел «дат!» деп, патшаның алдына сұраныпты.
– Датың болса, айт! – деген дауыс естіліп, дар алдынан босап келген әйелдің сондағы айтқаны:
– Патшам, өз жазаңызды алуға сіз де асықпасаңызшы?… (болыпты)
Жазаңды алуға асықпа
Мамыр 18, 2009 авторы Ainameken
Бұл бір керемет өмір мысалы екен, Жанайна. Өзара сабақтасқан, өзара себеп пен дәнекерлескен сәттер-ай… Байқаусызда біреуге қиянат жасап қойып жатпасақ жарар еді..
Жанайна, қолыңыз тисе менің де блогыма келіп тұрыңыз, пікір алмасып тұрайық!
Құрметпен,
http://www.nurgisa.kz
Гүлжан деген алтындай құрбым айтып бергенде мен де дәл сіз сияқты ойлағам :). Біз мән бермейтін нәрселер ғой былай қарасақ, бірақ… мхм 🙂
Сіздің блогыңызды оқып тұрам, ал пікір білдіру мәселесіне келсек… :(… мен неге екенін ол жерге пікір жаза алмай-ақ қойдым. Нақтырақ айтсам, жазылмайды. Ол мәселені қалай шешуге болады екен? Көмегіңіз керек 🙂
Ай, бәрекелді! Алланы ұмытып бара жатырған қазіргі міскіндерге уағыз етіп айтып жүретін тамаша тәмсіл екен! Рахмет саған!
Мен осы әңгімені айтып берген Гүлжан деген, Гүлжанайым деген құрбыма айтып брайын сіздің рахметіңізді! Сізге де рахмет!!! 🙂