Кімнің айтқаны есімде жоқ, «Кітапсыз үй – терезесіз бөлме» деген қанатты сөз бар. Оқымаса да, кітап жинайтын таныстарым бар. «Керек болар» дейді. (Керек болары даусыз ғой. Оқыса, одан да жақсы болар еді деп ойлап қоям.). Кітапқа құмарлық кітап ұрлау – күнә емес деген қағиданы енгізді. Біраз кісілерден сұрадым, олар да осы пікірді қуаттайды. Қызық! Қадыр Мырза Әли ағамыз «Иірімінде»: «келген қонақтардың құшақтаған боп, арқасынан қаққан боп кітап алып кетпеді ме, – соны қараймын» дейді (К.Ә. сөзбе сөз емес). Бұл үрдіс жазушылардың арасында да бар. Менің ақ көңіл Айгүл деген таныс апайым бар. Ол кісі де танымал бір журналист үйіне қонақ болып, шығар кезде бірден кітап сөресіне жүгіретінін айтады. Ұят қылық, бірақ ешкім ерсі санамайды.
Студент кезімде стипендияма ара-тұра кітап сатып алуды әдет еткенмін. Тура 28-маусым, өз мерекемізге орай өзіме өзім үлкееен сый жасадым. Көлемді ақшаға кітап сатып алдым. Бұрын өзім оқитын кітаптарды ғана алсам, осы жолы папамның немерелерін ойлап, балалар кітабын көбірек алдым. Қазақ тіліндегі жақсы-жақсы энциклопедиялар шыға бастапты, әлі де аздық ететіні орыс тілді балаларға арналған энциклопедиялардың жанында көрініп тұр. Үйге келген осы құнды жәдігерлерді олар оқыса екен деп тілеймін.
Есіме талай адамға таратып берген кітаптарым түсті. Қайтпаса да, өкінбегенімді сезіндім! Өйткені олар менің қымбат достарым ғой! Өзімде Жанар қыздың бір кітабы бар, қайтару керек, АЛЛА қаласа 🙂
Archive for 2009 Маусым
Құндылық
Posted in Uncategorized, tagged кітап, сыйлық, құндылық, ұрлық on Маусым 30, 2009| 12 Comments »
Жаңа дизайн
Posted in Uncategorized, tagged бауырмашылдық, блог, дизайн on Маусым 30, 2009| 13 Comments »
Баяғыда бір жігіт болыпты. Ол өте кедей екен. Бірақ ақылды, мейірімді болыпты. Ол жігіт күніне таудан бір құшақ отын арқалап келіп, соны сатып, тапқан қаржысын ауылдастарымен бөліседі екен. Сол жігіт бір күні ойланып келе жатып, өз үйіне жетіп кірейін десе, үйінің орнында басқа бір үй тұр. Таңданған жігіт арқасындағы отынын жерге қойып, басын көтеріп, жан-жағына анықтап қараса, көршілерінің үйі орнында. Ал, өз үйі жарқырап, жайнап тұр. Сөйтсе, оның үйіне өгей шешеден таяқ жеп, әбден шаршаған бір қыз келіп, жігіт келгенше үйді жуып, тазалап, реттеп қойыпты…
Бұл қай халықтың ертегісі екені есімде жоқ, сол әдемі ертегінің соңы қыз бен жігіт бір-біріне бауыр болып шығатын. Сосын, бақытты ғұмыр кешетін, өз бақыттарын табатын.
Бүгін блогыма кіріп қалып, мен де өз блогымды танымай қалдым (ана жігіттің жағдайын, көңіл-күйін сезіндім) :). Атына қарасам, менікі, «көршілеріме қарасам, бәрі өз орнында тұр», тек дизайны өзгеріп кетіпті. Блогымдағы жазбаларды оқып, пікірлерді оқып, комент қалдыруға «ішке кірейін» десем, терезе ашық, бірақ есіксіз блог болып қалыпты. Содан «жедел жәрдемнің» көмегімен, ақкөңіл бір бауырымздың арқасында блогыма есік жасатып алдым. 🙂 :). Бұның бәрі үшін Аңсарға, Ауылдың баласына алғысым шексіз! Рахмееет!!! АЛЛА жар болсын! 🙂 🙂 🙂
Шаңырақ көтеру
Posted in Uncategorized, tagged дос, игілікті іс, шаңырақ көтеру, құрбым, үйлену, үш дос on Маусым 25, 2009| 18 Comments »
…Сенесіз бе, біреудің жақсылығы адамға дәл осылай қуаныш сыйлайтынын бұрын да білетінмін, қазір тіпті сезініп жүрмін! Жаныңдағы бір адам бақытты болса, жүзінен өмірге деген құлшынысы білініп тұрса, оның сол шуағы бір сізге емес, бәріне де берілетініне, бәріне де жететініне көзім жетті. Қызық! Өткен жұмада, яғни 19-маусымда әріптес досымыз Мұрат пен Айсәуле деген құрбымыз шаңырақ көтерді. Аяқ астынан болды, бәрімізді бір елең еткізіп, бір-ақ күнде айты аспанға бірақ шығарып, Айсәулені Мұрат алды. Таңданысымыз көл-көсір қуанышқа ұласты. Таңданысымыз осы жайт жайлы жазуға себеп болды (Мұратты сіздер Ақзере, Балдырғанның блогы арқылы танисыздар, ақын жігіт) (толығырақ…)
Қайыры бар – 2
Posted in Ғибратты әңгімелер, tagged Мұса пайғамбар, бай, байлық, кедей, қойшы, құлшылық қылу on Маусым 24, 2009| 2 Comments »
Баяғыда (ұмытпасам) Мұса пайғамбардан бір кедей «менің бай болуымды тілеп, дұға қылшы?» – депті. Пайғамбар тілегі қабыл болып, ол күн өткен сайын байи түсіпті. Тіпті, байлығын игере алмайтын дәрежеге жетіпті. Баяғыдай құлшылық қылу, пайғамбар уағызын тыңдау жайына қалғаны айтпаса да түсінікті. Бір күні жаңағы жаңа бай бір қойы өлгені үшін қойшысын ұрып өлтіріп қойыпты. Сонда АЛЛА-Тағала Мұса пайғамбарға (а.с.): «Ол үшін асқан байлықтан гөрі жұпыны тірлік қайырлы болатын», – депті
Қайыры бар
Posted in Ғибратты әңгімелер, tagged достар, патша, пышақ, уәзір, әділ басшы on Маусым 24, 2009| 4 Comments »
Баяғы өткен заманда бір патша болыпты. Өзі өте әділ, жұртына мейірбан екен. Ұмытпасам, «әділ басшыға жақсы қосшы берем» деген мәнде хадис болса керек, ол кісінің уәзірлері де иманды, өмірдің мәнін білетін жандар екен. Бас уәзірі үнемі, қандай іс болмасын «бұның да бір қайыры бар, патшам», – деп отырады екен. Бір күні патша үстелінің үстіндегі алманы пышақпен кесіп жеймін деп, саусағын орып алыпты / патшалардың пышағы тым өткір болады ғой/. Бұны көрген бас уәір «Бұның да бір қайыры бар, патшам», – деп, дәкемен қолын байлайын деп жатса, қолы ауырып, жаны қиналып отырған патша: «Менің азап шегуімнен қандай жақсылық күтуге болады? Апарыңдар мынаны зынданға!» – деп айқалапты. Қос уәзір екі қолтығынан сүйреп алып (толығырақ…)
“Жанымның жазба нұсқасы…”
Posted in Өлеңдер, Uncategorized, tagged жалғызсырау, жақсылық, кітап, сұхбаттасу, тығырықтан шығу, қазақы әфсана on Маусым 22, 2009| 17 Comments »
Жаным жабығып отыр… Әлденеге көңілім толмайды. Біреуден ұялатын сияқтымын, әлденеге өкінетін сияқтымын. Осы мен кіммін???? Не деген қума болып кеттім?! Кейде ешкіммен сөйлескім келмей кетеді. Ол адамдардан түңілгендік немесе олардан қашқандық емес. Олардың көңіліне титтей де қаяу салмауға тырысу! Көңілсіз болсам, біреуге бір жақсылық жасағым келетін, қазір жақсылық жасайтын біреу де таппай отырмын. Не істеймін? Мына тығырықтан шығудың жолы қайсы? Өмір деген қамшының сабындай деген өтірік екен ғой. Өмір деген тым-тым ұзақ, тым-тым күрделі! Қазір маған біреу сәл жылы сөз айтса, көзім жасқа толып кетейін деп отыр. Е, АЛЛА медет бере көрші?! Кеше ғана өзіңе қызық көрінетін нәрсеге де қызықпай, өзіңмен өзің болу деген, нақтырақ айтсам, (толығырақ…)
Танысалық, мен аппақ қар боламын
Posted in Өлеңдер, tagged аппақ қар, жүректер, сіріңке, терезе, қыс on Маусым 20, 2009| 8 Comments »
Ақ пен қара өмірдің қос жолағын
Аппақ түске боямақшы боламын.
Ішімдегі сыймаған соң зор ағын
Қарға айналып қара жерге қонамын.
Танысалық, мен аппақ қар боламын.
Ренжітпеңдер ертегі елі қонағын.
Рас, талай жүректерді тонадым…
Ызғарымнан кейде өзім де тоңамын.
(толығырақ…)
Бір кезде жазган хаттардан:)))
Posted in "Жанымның жазба нұсқасы", Uncategorized on Маусым 19, 2009| 11 Comments »
Дүние кен шағында
Не кірді арамызга?
Осынау жер шарында
екеуміз ганамыз ба?
Бурканса байыпты кун
Дауылын шегерер ме?
Алдында айыптымын
Жаным-ау, соге берме!
деген ан тындап отырмын, достым. сондай жаксы ан… мун бар. ащы бірак аппак мун… бул андегі муннын аппак болу себебі сагыныштын дамі араласканнан болса керек, ия…
Ол періштенің аты кім?
Posted in Uncategorized on Маусым 17, 2009| 6 Comments »
Баяғы өткен заманда құрсақта жатқан бір бала АЛЛАдан сұрапты:
– Мен бұл жерден кеткім келмейді?
– Жоқ, сен Жер атты әлемге барасың.
– Ол жақта тікен шөптер бар дейді…
– Бір періште бар, сол сенің табаныңа тікен кірмесін деп алақанын төсейді. Тіпті, сенің табаныңа кіретін тікен менің маңдайыма кірсін, сенің маңдайыға кіретін тікен менің жүрегіме қадалсын деп тілейді ол!
– Ол жақта тікен тілді адамдар бар…
– Әлгі періштең қорғайды, сен үшін жанын беруге бейіл.
– Күн суық, біресе тым ыстық болады дейді.
– Сол періште тоңсаң, бауырына алып жылытады, ыстықтасаң, самал болып өбеді. Сен үшін дүниенің балын даярлайды!
– О, АЛЛАм, мен үшін соншалық бәйек болатын ол періштенің аты кім? – деп сұрапты сонда әлгі сәби. АЛЛА-Тағала:
– Ол періштенің аты – А н а болады, – деп жауап беріпті.
Дөрекілік
Posted in "Жанымның жазба нұсқасы", Uncategorized, tagged Дөрекілік, адам баласы, алтын, аялдама, жүргізуші, ит, көлік, күміс, шуақ, әдептілік, әже, әсемдік, Қоғам on Маусым 11, 2009| 12 Comments »
Адам баласының не нәрседен де жалығатын кездері болады. Мейлі, ол алтынмен апталып, күміспен күптелген қымбат дүние болсын, мейлі ол талайларды тамсандырған тақ пен тәж болсын – бәрібір ол адам баласының жанын келте ғұмырда мәңгі шуақтандырып тұра алмайды. Сол сияқты біздің кез келген нәрсеге көзқарасымыз да тұрақты емес. Қызығушылығымыз бен құмарлығымыз құбылып тұруға бейім. Кейде әсемдік пен әдептілікіті құп көрсек, енді бір сәтте дөрекілік пен ретсіздіктен де бой тартпаймыз. Мәселен, әжем мен киетін киімді мүлде ұнатпайды. «Етегін ит талағандай қылып не киіп алғансың?» деп кейиді сәнге айналған киімге. Соған қарағанда, талғамды қалыптастыратын заман, замандастар, сол уақытқа тән мінездер сияқты. Киімді қойшы, киімнен де маңызды нәрселер бар ғой. Мысалы, мінез. Неге екенін қайдам, бүгінгі әлем дөрекі. (толығырақ…)