– Мә, мынаны қара, телефон.
– Біреу қалдырып кеткен ғой. Ақша керек деп жүр едік, жақсы болды ғой, берші-берші?
– Қой, қазір иесі хабарласатын шығар, қайтесің біреудің телефонын?
– Ха-ха-ха, момақан телефон деп қойыпты. Сим-картасын тезірек алып таста момақан телефонның. Өзіміздікін салайық.
– Аа, «без звука» дегені екен ғой. Хаттарына кірейікші, хаттарына.
– Қазір, әндері мен суреттерін бір шолып шығайықшы? «Шалқыма», «Балапан қаз», «Аққу күйі»… Әндері түгел ретро әндер екен, үлкен кісі болар?
– Суретінен көрініп тұр ғой, жас қыз екені. Хаттарына кірейік енді, иә?
– Ха-ха-ха, мынауың таза романтик қыз ғой? Мына папкалардың атын қарашы? «Анау-мынау», «жақсы сөз», «керек дерек», «хат жаз да жібер», «асқарым» дейді.
– Тоқта-тоқта! «Кешіріңіз, сіздің кім екеніңізді біле алмадым, ол үшін айып етпеуіңізді сұраймын? Егер мүмкін болса, атыңызды жазып жібересіз бе?» Е мое, не деген сөз! Өмірге сай болмай ма кішкене!
– Ой, мынаны қарашы: «Чин, сезім тұйығына тірелдім! Жұдырықтай жүрегім жұлмаланып бітті-ау, әбден. Әлде сезіммен ойнайтын мен бе екем? Жоқ-жоқ! Мазамның кеткенін мүлде қаламаймын, сондықтан да ойнағым келмейді! Не істеймін, ол кісі менің жаным емес, досым болу керек сияқты… Сіз не дейсіз?»
– Ееей, барлық қыздарға ортақ тақырыптан аттап кете алмапты. Жөн-жөн! Қыздардың осындайын ұнатпаймын бірақ! Ана хатын да оқышы?
– Жаңа ғана «қайтесің біреудің телефонын?» деп жатыр едің ғой. Қызық па екен?
– Расымен қызық, берші маған? Мәсс-саған! Мына қызыдың телефоны хаттан көрінбей қалыпты ғой. «Жабығып жүрмін, жаныма не керек екенін білмей қамығып жүрмін. Мана әдеттегідей көңілсіз келе жатқам. Жолдан әппақ бірнәрсе тауып алдым. Қолыма алып қарасам, мөлдірден де мөлдір, сұлудан да сұлу екен! Ондай ғажайыпты бұрын көрмеппін! Бұл сұлулықты, бұл әсемдікті досыма сыйлағым келді. Менің ойымды оқып қойды ма, әлді мен дауыстап айтып қойдым ба, – білмеймін, жаңағы мөлдірлік: «Пәлі, сен білмеуші ме едің? Сен мені досыңа бере алмайсың. Мен тіпті сені де мекендеп қала алмаймын. Әйтсе де, мені досыңа бір сәтке сыйлаудың мүмкіндігі бар. Сен дәл қазір оны қуант, сол сәтте мен оның жанында болам» деді де ғайып болды. Ал, мен досымды қалай қуантсам екен деп әлі ойланып отырмын. Мүмкін, жауабын өзіңіз айтарсыз, достым?»
– Мына хаттар айналымға жіберуге болатын хаттар екен! Жақсы болды ғой! Бұл да бір байлы-ы-ық! Хе-хе-хе! Бірақ кейбіреулері біздің форматқа келмейді.
– Ол мөлдірлікті бізге де сыйлап кетті ғой мына қыз. Күле бермеші! Менің жаным ашып отыр. Телефонын зар қағып іздеп жатқан болар…
– Ей, Асанқайғы, мына хатты қарашы, баяғы сол досына жіберіпті. «Баяғыда бір кісі АЛЛАдан «маған жан-жануардың тілін үйретші?» деп жалбарыныпты. АЛЛА-Тағала оның тілегін қабыл алып, жан-жануар, құрт-құмырсқаның тілін үйретіпті. Ол үйіне келіп, әдеттегідей иті мен мысығына бір кесек ет тастаса, екеуі таласып қалыпты. Сонда мысығы тұрып: «Сен бүгінге маған бер бұл етті. Ертең иеміздің сиыры өледі, сонда екеуміз етке тоямыз» депті. Ертесі иесі сиырын сатып жіберіп, кешке екі «серігіне» тағы да бір кесек ет тастайды. Мысық тағы да: «бұл жолы маған берші, ертең иеміздің аты өледі, етке тоямыз», депті. Иесі ертесі атын сойып сатып жібереді. Кешке тағы бір кесек ет алдарына түскен кезде, мысық тағы да таласып: «Сен бұны маған берші? Ертең иеміздің өзі өледі, етке әбден тоямыз» депті. Мұны естіп, шошыған иелері бір молдаға барып, болған жайды баяндапты, сонда әлгі молда: «Кеткен затқа, жоғалған мүлікке ренжуге болмайды. Оны қию керек. Тіптті, адамның жаны да қиылады ғой. АЛЛА-Тағала сенің жаныңның садағасы ретінде әуелі сиырыңды алғысы келген екен, сен оны сатып, ақшасын сандығыңа салып қойыпсың. Ертесі жылқыңды алғысы келгенде тағы сараңдық танытыпсың. Енді садақаға жаныңнан өзге не қалды?» депті. Сол сияқты, достым, сенің де жоғалған кітабың -жаныңыздың садағасы ғой. Қапаланбаңызшы? Бәрі үшін шүкір!»… Шынында да, мына қыз… Садақа алмай-ақ қояйықшы, қайтарайықшы.
– Оп-па-а! Сим-картасының пин-кодын білмейміз ғой біз…
– Контактілерінің ішінде бар шығар?
– Рас-ей, қазір… Мәә, мына қызда, ақын, жазушы, әнші, күйші, депутат біткеннің бәрінің нөмірі бар ғой, бізге керек болмай ма?
– Жоқ, қайтарамыз, әә міне, «үй тел» деген нөмірге хабарласайықшы?…
Телефонымды жоғалтқан соң көңіл-күйім болмай, үйге келіп, демалып жатып ұйықтап кетіппін. «Телефон» деген дауыстан оянып кеттім. Әпкем біреу хабарласты деп тұтқаны әкеліп тұр.
– Алло?
– Сіздің атыңыз Кәмшат қой?
– Иә, дәл солай!
– Телефоныңызды жоғалтып алдыңыз ба?
– Иә-ә-ә… Сіз тауып алдыңыз ба? Қайтарыңызшы? Өтінем? – бірден бас салдым, менің телефонымды тауып ала сап, өшіріп тастаған жандарға мана «не деген жандар?!» деп кейісем, қазір, мейірімді екен ғой деп өзімді кінәлап тұрмын
– Сіздің хаттарыңыз ерекше екен, бізге ұнады
Арғы жақтан сықылықтаған күлкі естілді. Ашуым келе бастады. Неге мазақтайды олар мені?!
– Болды, қойшы, әзілдейміз деп, өзі смс-терін сағынып жатқан досымды ренжітіп алармын…
Мәссаған, мынау … өзімнің досым ғой! Сонда… менің телефоным айналып-айналып келіп соның қолына түскен бе? Мүмкін қалжыңдап алған сол болар? Ешнәрсенің байыбына бара алар емеспін!
– Сенің уайымдап жатқаныңды біліп, сәл көңіліңді көтергіміз келді. Уайымдамашы? Өзің айтпақшы, бұның да бір қайыры болады! Жаның аман ғой – ең бастысы!
– Менің телефоным сіздің қолыңызда ма, сонда?
– Жоға, жаным-ау, кеше бір күнге берші, оқып шығайын дегенімде бермей қойып едің ғой?.
– Кейінгі кезде сол телефонды оқуға құмарлар көбейіп кетіп еді. Жұмыстағы құрбым да «Сіздің хаттарыңызды түгел оқып, қандай екеніңізді білуше болады» деп күліп еді. Үйде де сол. Сіздерге жетпей жоқ болды ғой.
– Жаныңнан әулие емес!
Ол күлді, мен де күлдім. Алған адамның жақсылығына бұйырсын деп тілеймін. Алған адам мені мазақтап күлмесе екен, менің сырым, мұңымды ешкімге айтпаса екен деп өтінемін… Шүкір! Бәрі үшін!
Кәмшат
1/06/2009
Кәмшат, сонымен тел қайтпады ма?…
өкінішті-ақ…
Сіңлімнің алғаш қалаға келгені. Жап-жақсы соткасы болған. Автобуста ұрлатып алыпты. Сондағы жылағанын көрсеңіз… Бізге айтып бір жылады, ауылға телефон соғып тағы жылады, оған дейін де қанша жылаған… Телефонға телефон деп қарайтын маған түсініксіз…
жоғарыдағы әңгіме ішіндегі әңгіме өте ұнады, жадымда ұстауға тырысамын 🙂
сондай ұзақ-ұзақ смс-тер енді жазбайтын шығармын… Бұрын жақсы көретінмін. Sms-ология ғылымының профессоры дейтін достарым… 🙂
Иә, менің де дәл осы телефонды тауып алғым кеп тұрғаны…..
Иә, менде өте қатты қорқамын телефонымды жоғалтып алуға. Менде бір-аө мұндай смстер жоқ, тек интернетке доступ тез және бар сырларым бар.
Айкона, смс-тері үшін ұялам 🙂
Uialmanyz.
Sizdi tanymaityn adam alsa,uialyp kajeti jok.
Al tanityn adam oinap alyp koisa onda uialsanyz bolar edi.
:)… бәрібір қызық боп жүрмін.
Менің телефоным сөйтіп кетті ғой… Үйге келіп жылағанымды көрсеңіздер.. 🙂 Мамам айтады, қойшы, бас аман, ден сау болса тағы аласың деп. Қойшы, ол телефоным күшті болған деп болмаймын 🙂
Әр қиындықтың өз мұрсаты болады дей ма… 🙂 Уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады!
Рахмет, Зере ару! Жақсылыққа сенем, жақсылық күтем! 🙂
Телефонды қойш…
Депутаттың нөмірін айтшайшы!Депутат!
соны айтам 🙂
штырман оқиғалар желсі. Дария Данцова жарт жолда қалып кетті ме дедім 🙂 оқиғаны мықт жеткізіпсіз, аяғы жоқ қылғаны жаман болған екен әлгілер 😦
менде жаңа тел аусп тәтеме бергенім со ед, байқамай жадыдағы смстерінді өшріп алдым дейд 😦 жаман болдым қотя, адамдар нөмері сақталд 🙂
проста небір жылататын смстер мен керек нөмерлері сақтап тұруч едім. ал қыздар данныйларыңд тағы бір смс-тетіп лақтрп жіберіңдер Жан-айна екеумізге 🙂
Айко, Данцовамен жарыспай-ақ қояйын, ұят болар. Әйтпесе, шытырман оқиғаларды іздеймін деп, заттарымды үнемі жоғалтып жүрермін :).
Айко рас айтады, сіздердің телефондарыңыз керек бізге!
Arzan telefondardyn uaiymy jenil bolady 🙂 Urlap ketse de ökinbeimin meninkin.
Negizi, jogaltkan (urlatkan) dünieni bireuge buiyrsyn dep shyn könilmen aituöte kiyn. Jäne,ony kez-kelgen adam aita almaidy.
жоғалғанына қазір қуанам, шүкір АЛЛАға!!! Смстері мен контактілерінің кеткеніне басында өкінгем, қазір оған да шүкір етем!
Иә, біріншіден, оқиға желісі өте қызық құрылыпты. Аяғына жеткенше бар ынты-шынтыңмен оқисың.
Екіншіден, нағыз біздің өмірімізден сыр шертетін дүние. Әрқайсымыз осындай оқиғалармен бетпе-бет келіп жатамыз.
Үшіншіден, адамға сабақ беретін тұстары көп. Автордың телефон сияқты бұ дүниелік нәрсеге аса өкінбейтінін және өзін қалай жұбататынын астарлай жеткізген. Тіпті оның ішінде қанша қымбат дүниелер кетсе де…
Төртіншіден, бүгінгі біздің қоғамда, тіпті өзіміздің арамызда осындай жаны сұлу адамдардың жүргенін көреміз. (Қызық, телефонның ішіндегі құжаттарға арнайы ат тағып, оны жеке қойын дәптерің сияқты пайдалануға болатынын білмей келіппін)
Және бесіншіден, ол хаттарыңызды дереу дәптеріңізге көшіріп жүру керек еді. Мен «жастау» күнімде сүйтетінмін, ал қазір «ес біліп» қалдық қой!:)
Рауан, рас айтасыз, маған хат жазатын достарымның бәрінің жаны сұлу болатын! АЛЛА разы болсын оларға! Сосын… Сосын мен де ертерек «ес жиып алдым» білем, жалқаулығым ғой 🙂
Angimeniz keremet eken, ote unady. angimenizde aitkanynyzdai shynymen masele zhogalgan telefonda emes, ishindegi kupia, kupia emes malimetter men koptegen tel. nomerleri. Nomerinizdi kalpyna keltirip (vosstanavit’ etip) alsanyz, tym bolmasa dostarynyzben bailanysa alasyz goi. kaiyrlysy, en bastysy Sms-ologia gylymynyn professory aman bolsyn.
Бүгінгі таңда телефонды жоғалтып алу былай тұрсын, үйде қалдыырп кетсең де, қоршаған ортамен байланысың үзіліп, айдалада қалғандай сезінетін болды ғой біраз адамдар…
Соны көрген бір досым, «Ұялы телефон өндірісі бұл қарқынмен дамыса, әлі ұялы телефонға үйленіп, отбасы құратын заманға да жетерміз» деп, мысқылдаған-ды…
Баяғы да, соғымға дайындап жемдеп отырған биені, бір түнде қорадан ұрлап кеткенде, марқұм атам, аттың шылбыр-жүгендерін ұстап үйге кіріп: «Е-е-е, ұры да үйінен шыққанда тілеп шықты ғой, бала-шағасының несібесіне берген шығар, ас болсын» деген еді.
Сізге де осындай кеңдік тілеймін…
Пы.сы. Сізбен mektebim.kz сайтында хат алмасқан секілдіміз жаңылмасам…
aldeken, рахмет сізге! Атаңыз қандай кең еді! Қазақы мінез, мәрт мінез деп сондай мінезді айту керек болар!
Досыңыздың әзілі әзіл, әзіл де болса, зіл екен, ойландырады.
Пы.Сы. Егер мен жаңылмасам, сізбен мой мирдегі біздің мектептің қоғамдастығында хат жазыстық қой деймін… 🙂
Керемет әіңгіме! Расымен, осындай кішкентай ғана телефонмен қанша сезімдер байланысты болуы мүімкін! Әрине, қазір смс пен хат алмасуды электронды почта алмастырған сияқты! Дегенмен менің ескі телефонымда да жаныма жақын, мұңайғанда жүзіме күлкі сыйлайтын смстер сақталынып тұратын! Әлі күнге дейін соңғы телефонымда оқығанда ерекше жылулық сезінетін смстер бөлек папкада сақталып тұр!
Жақсы хаттар өз-өзінен жақсы жайларға, жақсы папкаларға сұранып тұрады, меніңше. :)…
Біздің үйде мамамыз «жоғалтқыш» телефонын. Қалжыңдап, «апа, сенің-ақ «Нокиаң» өтімді екен» деймін 🙂