Баяғыда біреудің баласы өкпелегіш болыпты. Күн жаңбырлы болса «Күн суық» деп ренжиді екен, күн ыстық болса «Күн ыстық қой» деп бұртиып жүреді екен. Ит үрсе, оны қабатындай, сиыр алайып қараса, оны жақтырмағандай сезіледі екен. Ата-анасы оны мақтаса да жақпайды, ұрысса да жақпайды!… Содан не керек, «іштен шыққан шұбар…»- ды тәрбиелеу үшін бір ғұламаға алып бармай ма. Сонда әлгі ғұалама шіркін де олардың өзін айыптапты: «Балаға дұрыс тәрбие бере алмай жүрген – өздеріңсіңдер! Өкпешілі несі тағы? Тойдырып тамақ беріңдер, бабын табыңдар» деп кеңес береді. Мұны естіген ата-ана күліпті де кешке сол ғұламаны үйлеріне қонаққа шақырыпты. Әдейі мол қылып ет асып, оны тіпті қонағына да бермей баласын күтіпті. Кешке ойыннан оралған баласы былбырап піскен әлгі етті көріп, тамсанып отырып: «Маған осынша ет қалдырғандарыңда, өздерің менен де көп жеген шығарсыңдар!» деп тағы ренжіпті….
Блогтан іздеу
-
Соңғы жазбалар
Соңғы пікірлер
Мектеп бітіргенімізге біраз жы… туралы Назгул Нілдің тасуы туралы Ainameken Айнажанның батасы туралы Ainameken Айнажанның батасы туралы Разия Спам туралы карашаш Күнтізбе
Блог айдарлары
Мұрағат
1356
Қазақ блогшылары
- Ізгілік
- Айкона
- Алтыбақан
- Ансар
- Аршат
- Ақбөкен
- Ақзере
- Балдырған
- Бальзаминка
- Бахытгүл апай
- Баян
- Бақытнұр
- Бейне баян
- Ботагөз Икрамова
- Біздің Гауһар
- Ерлан Әбдірұлы деген қазақ
- Ерғанат Кеңесбекұлы
- Жанарбек
- Жандос Құсайынов деген қазақ
- Жанқозы-мекен
- Кәмшат Тасболат деген ару
- Кәрім
- Көңілашар
- МАХАББАТ ЖӘНЕ МАҒРИФАТ
- Марфужан
- Мұрат Есжан деген қазақ
- Назқоңыр
- Нұрғиса
- Рахым-Нұр
- Роза Әрен
- Русланнн
- Салтанжанның жүрек сөзі
- Серік Абас-шах
- Сымбат
- Сәкен
- Сәкен аға
- Тараз сұлуы
- Шеберлік ауылы
- ай сәулелі Айсәуле (+Мұрат)
- Әлия
- Әнек
- Әселхан
- Әсия деген әдемім!!!
- Қазақия
- Өркен Кенжебек деген қазақ
- Өрімтал
- Өсиет әңгімелер
Ең көп оқылғандар
Санақ
- 120 740 hits
Өтпелер
Ілмектер
"Тағлым тамшылары" Imam Agzam islam minez-kulyk Дөрекілік Ертегі Мұрат ЕСЖАН Мұса пайғамбар Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Рахат Әбдірахманов Телефон адам баласы алтын аппақ қар ата-ана аялдама ақыл бай байлық бала дос достар жалғызсырау жақсылық жаңбыр жүргізуші жүректер жұмбақ сағыныш игілікті іс ит кедей кешірім кітап күміс көлік махаббат мейірім ниет патша пышақ сағыныш сезім студент сыйлық сіріңке сұлулық сұхбаттасу терезе тығырықтан шығу тәрбие уәзір хат хаттар шаңырақ көтеру шуақ ғажайып ғұлама Қалқаман Сарин Қар Қоғам Құдайберді Бағашар қазақы әфсана қойшы қыс құрбым үйлену үш дос ұят әдептілік әділ басшы әже әсемдік өлең өмір “Тағлым тамшылары”
өздерің менен де көп жеген шығарсыңдар!» деп тағы ренжіпті….
:)))))
базар жоқ бұзық бала екен 🙂
қық-қы-қы…
Бала меніңше өкпелегіш емес, ешкімге сене алмайды. Сондықтан оған жақсылықтың өзі оған түсініксіз. Әдетте отбасында күйеуі мен әйелі үнемі бір-біріне күдіктенумен болса, балалар осындай сенімсіз, ешкімге сенбейтін алаөкпе болады дейді білетіндер 🙂
Білмеймін, Асхат, әйтеуір жақсы қасиет емес екені аян… Әр адамның өмірге келгендегі міндеті – ұрпақ жалғастыру деп жатады ғой, меніңше адамдар өзіннен бастап тәрбие мәселесімен айналысу керек. Ұрпағына жақсы тәрбие бере алмаған жан «баланың жақсысы -қызық, жаманы – күйік!» деп, күйікке тап болады. 🙂 жарайды, пәлсапа қумайыншы, әйтеуір, өазақ баласы жаман әдетке үйір болмаса екен деп тілеймін, болды! 🙂
Баланың аты бала. Оған »Өкпеледің дей алмаймыз».
Балаланың аты бала ғой, бірақ, оның бар ісін балалыққа балап, еренсіз тастауға болмайды. Оның қалай ержетіп кеткенін сезбей де қаласыз тіптен..
Осы әңгімені оқып отырып, бір әзіл әңгіме есіме түсті…
Бір жанұяда екі бала қатар өсіп келе жатса керек, бірі барлығын тек жақсылыққа балайтын оптимист болса, екіншісі пессимист болыпты. Әке-шешесі пессимист баласының көңілін қалай табарын білмей, бір мереке алдында екеуіне екі түрлі сыйлық әперуді ойлапты: біріне — жылқының тезегін, екіншісіне — ойыншық ат.
Таңертең тұрған пессимист ойыншық атты көріп, «ой мынаның түсі қара ғой, мен торысын қалап едім, ой, мынау ойыншық қой, мен тірісін қалап едім» деп баяғы әуеніне басыпты, сөйтсе, оптимист тұрып, «ал менікі тірі екен, мына қарашы, тезегін тастап, қашып кетіпті» деген екен… 🙂
Ал негізі Үрімталдың айтқан сөзінде жан бар, баланың қандай болып өсуі, алдымен үйдегілердің бір-біріне деген қарым-қатынасына байланысты болады деп ойлаймын.
Әй, АйАй, 🙂 қатырдыңыз! Мықты әнек екен! Мен мынаны пост қылып жазып қояйын, рұқсат етіңіз, аха? 🙂