Баяғы өткен заманда құрсақта жатқан бір бала АЛЛАдан сұрапты:
– Мен бұл жерден кеткім келмейді?
– Жоқ, сен Жер атты әлемге барасың.
– Ол жақта тікен шөптер бар дейді…
– Бір періште бар, сол сенің табаныңа тікен кірмесін деп алақанын төсейді. Тіпті, сенің табаныңа кіретін тікен менің маңдайыма кірсін, сенің маңдайыға кіретін тікен менің жүрегіме қадалсын деп тілейді ол!
– Ол жақта тікен тілді адамдар бар…
– Әлгі періштең қорғайды, сен үшін жанын беруге бейіл.
– Күн суық, біресе тым ыстық болады дейді.
– Сол періште тоңсаң, бауырына алып жылытады, ыстықтасаң, самал болып өбеді. Сен үшін дүниенің балын даярлайды!
– О, АЛЛАм, мен үшін соншалық бәйек болатын ол періштенің аты кім? – деп сұрапты сонда әлгі сәби. АЛЛА-Тағала:
– Ол періштенің аты – А н а болады, – деп жауап беріпті.
Ол періштенің аты кім?
Маусым 17, 2009 авторы Ainameken
Жәннәт ананың аяғының астында деген сөз міне тағыда расталды
Сізбен келісемін!
Cіз менің блогыма кіріп көрдіңіз бе? Сондағы қазақ қызын көріңізші…
Сіздің блогыңызға неге жауап жаза алмаймын? :(((
…Бірақ… Ананың жылуына бөленбей, махаббатына шомылмай өсетін де адамдар бар ғой біздің қоғамда. Солардың тағдыры қандай қорқынышты… Біз, анасы бар адамдар әрдайым ананың аялы алақанын сезініп өсу бақыты бұйырғаны үшін шүкірлік қылудан жалықпауымыз керек-ау… Ешбір нәрсе оның орнын толтыра алмайтынын терең сезінген болсақ, дәл сүйтер едік.
…Ал сіздің әңгімеңіз көңілге осындай ойлар салады екен. 🙂
Шүкір мәселесіне келісемін, Рауан. Ал, өз баласын тастап кететін аналар Періште емес, пері ма, білмеймін… Оларға бәлендей деп жаман сөз де айтқым келмейді!… Тек, АЛЛА бізді адастырмаса екен! Қыздарды Періште анаға айналдырса екен!