Ақ пен қара өмірдің қос жолағын
Аппақ түске боямақшы боламын.
Ішімдегі сыймаған соң зор ағын
Қарға айналып қара жерге қонамын.
Танысалық, мен аппақ қар боламын.
Ренжітпеңдер ертегі елі қонағын.
Рас, талай жүректерді тонадым…
Ызғарымнан кейде өзім де тоңамын.
Елестеткен сіріңкенің қорабын
Тар кеңседе тереземнен қарадым.
Тыңдайсың ба, айтып берем қар әнін
Қалауымды тапсаң мен де жанамын.
Менен таза бола алады ар ғана,
Қардан асып туар, бәлкім, қар ғана.
Жанарыңды көлегейлеп қорғама
Кірпігіңде кідірте гөр сәл ғана.
Қолшатырлар шықты міне шеруге.
Шықты, бәлкім, қыс келгенін көруге.
Рұқсат берші ерніңе кеп еруге,
Рұқсат берші шыққа айналып өлуге,
Ақ қармын мен деген…
Танакөз Толқынқызы
Сіз періштедей әппақ қарсыз. 🙂
Ниетіңізге рахмет, Ақзере! Зере деген араб тілінен аударғанда алтын болса керек ұмытпасам…. Арғы жағын айтпаймын, аха, өзіңіз түсінесіз ғой 🙂 🙂 🙂
Керемет өлең! Әлі есімде, кейде аялдамадан әдейі ертерік түсіп қалатынмын, университетке жеткенше ойланып бару үшін! Таңертең папам универге жеткенше Қазақ радиосын қосып қоятын! Ал осылай өзім келгенде телефонның радиосынан тыңдап баруды әдетке айналдырдым! Сондай қар аралас жаңбырлы күн еді! Кенет әсем қоңыр дауыспен, әдемі әуеннің ырғағымен осы өлең оқыла басталды. Дәл сол сәтте бүкіл жанымды осы өлең шумақтарымен түсіндіруге болатын сияқты көрінді!
Аппақ қыз, сіз де аппақ қар сияқтысыз! Бірақ, Құралай Омар аятпақшы, «табандарға тапталмайтын», сұлулығы сақталатын, суық емес, аппақ қар! 🙂
Коктен тогылып турган лирика деген осы шыгар! Автор Танакоз Толкынкызына және оленды осында орналастырган Аруга мын да быр алгыс. Бурын естымеп едым, бырыншы рет осы жерден окыдым.
Осындай олендерды окыганнан кейын, калай романтик болмайсын?!
🙂 «романтик болу – таза болу деген сөз» дейді бір жақсы кісі. Бұндай өлең жазу үшін, шынында да, мөп-мөлдір болу керек шығар. Қабылдау үшін де сіздікі сияқты көзқарас керек болар 🙂
өлең қандай тамаша!Өлең деген осы!
Қандай тамаша өлең! әсіресе » … Рас, талай жүректерді тонадым, Ызғарымнан кейде өзім де тоңамын…» деген сөздері көңіліме сонша жақын тиді, себебі мен де дәл осылай, кейде өз ызғарымнан өзім тоңатын жанмын! ))) Танакөз Толқынқызының осындай ақындық өнеріне басымды иемін !!!