Feeds:
Жазбалар
Пікірлер

Archive for Маусым 30th, 2009

Кімнің айтқаны есімде жоқ, «Кітапсыз үй – терезесіз бөлме» деген қанатты сөз бар. Оқымаса да, кітап жинайтын таныстарым бар. «Керек болар» дейді. (Керек болары даусыз ғой. Оқыса, одан да жақсы болар еді деп ойлап қоям.). Кітапқа құмарлық кітап ұрлау – күнә емес деген қағиданы енгізді. Біраз кісілерден сұрадым, олар да осы пікірді қуаттайды. Қызық! Қадыр Мырза Әли ағамыз «Иірімінде»: «келген қонақтардың құшақтаған боп, арқасынан қаққан боп кітап алып кетпеді ме, – соны қараймын» дейді (К.Ә. сөзбе сөз емес). Бұл үрдіс жазушылардың арасында да бар. Менің ақ көңіл Айгүл деген таныс апайым бар. Ол кісі де танымал бір журналист үйіне қонақ болып, шығар кезде бірден кітап сөресіне жүгіретінін айтады. Ұят қылық, бірақ ешкім ерсі санамайды.
Студент кезімде стипендияма ара-тұра кітап сатып алуды әдет еткенмін. Тура 28-маусым, өз мерекемізге орай өзіме өзім үлкееен сый жасадым. Көлемді ақшаға кітап сатып алдым. Бұрын өзім оқитын кітаптарды ғана алсам, осы жолы папамның немерелерін ойлап, балалар кітабын көбірек алдым. Қазақ тіліндегі жақсы-жақсы энциклопедиялар шыға бастапты, әлі де аздық ететіні орыс тілді балаларға арналған энциклопедиялардың жанында көрініп тұр. Үйге келген осы құнды жәдігерлерді олар оқыса екен деп тілеймін.
Есіме талай адамға таратып берген кітаптарым түсті. Қайтпаса да, өкінбегенімді сезіндім! Өйткені олар менің қымбат достарым ғой! Өзімде Жанар қыздың бір кітабы бар, қайтару керек, АЛЛА қаласа 🙂

Read Full Post »

Баяғыда бір жігіт болыпты. Ол өте кедей екен. Бірақ ақылды, мейірімді болыпты. Ол жігіт күніне таудан бір құшақ отын арқалап келіп, соны сатып, тапқан қаржысын ауылдастарымен бөліседі екен. Сол жігіт бір күні ойланып келе жатып, өз үйіне жетіп кірейін десе, үйінің орнында басқа бір үй тұр. Таңданған жігіт арқасындағы отынын жерге қойып, басын көтеріп, жан-жағына анықтап қараса, көршілерінің үйі орнында. Ал, өз үйі жарқырап, жайнап тұр. Сөйтсе, оның үйіне өгей шешеден таяқ жеп, әбден шаршаған бір қыз келіп, жігіт келгенше үйді жуып, тазалап, реттеп қойыпты…
Бұл қай халықтың ертегісі екені есімде жоқ, сол әдемі ертегінің соңы қыз бен жігіт бір-біріне бауыр болып шығатын. Сосын, бақытты ғұмыр кешетін, өз бақыттарын табатын.

Бүгін блогыма кіріп қалып, мен де өз блогымды танымай қалдым (ана жігіттің жағдайын, көңіл-күйін сезіндім) :). Атына қарасам, менікі, «көршілеріме қарасам, бәрі өз орнында тұр», тек дизайны өзгеріп кетіпті. Блогымдағы жазбаларды оқып, пікірлерді оқып, комент қалдыруға «ішке кірейін» десем, терезе ашық, бірақ есіксіз блог болып қалыпты. Содан «жедел жәрдемнің» көмегімен, ақкөңіл бір бауырымздың арқасында блогыма есік жасатып алдым. 🙂 :). Бұның бәрі үшін Аңсарға, Ауылдың баласына алғысым шексіз! Рахмееет!!! АЛЛА жар болсын! 🙂 🙂 🙂

Read Full Post »