Баяғыда бір жігіт болыпты. Ол өте кедей екен. Бірақ ақылды, мейірімді болыпты. Ол жігіт күніне таудан бір құшақ отын арқалап келіп, соны сатып, тапқан қаржысын ауылдастарымен бөліседі екен. Сол жігіт бір күні ойланып келе жатып, өз үйіне жетіп кірейін десе, үйінің орнында басқа бір үй тұр. Таңданған жігіт арқасындағы отынын жерге қойып, басын көтеріп, жан-жағына анықтап қараса, көршілерінің үйі орнында. Ал, өз үйі жарқырап, жайнап тұр. Сөйтсе, оның үйіне өгей шешеден таяқ жеп, әбден шаршаған бір қыз келіп, жігіт келгенше үйді жуып, тазалап, реттеп қойыпты…
Бұл қай халықтың ертегісі екені есімде жоқ, сол әдемі ертегінің соңы қыз бен жігіт бір-біріне бауыр болып шығатын. Сосын, бақытты ғұмыр кешетін, өз бақыттарын табатын.
Бүгін блогыма кіріп қалып, мен де өз блогымды танымай қалдым (ана жігіттің жағдайын, көңіл-күйін сезіндім) :). Атына қарасам, менікі, «көршілеріме қарасам, бәрі өз орнында тұр», тек дизайны өзгеріп кетіпті. Блогымдағы жазбаларды оқып, пікірлерді оқып, комент қалдыруға «ішке кірейін» десем, терезе ашық, бірақ есіксіз блог болып қалыпты. Содан «жедел жәрдемнің» көмегімен, ақкөңіл бір бауырымздың арқасында блогыма есік жасатып алдым. 🙂 :). Бұның бәрі үшін Аңсарға, Ауылдың баласына алғысым шексіз! Рахмееет!!! АЛЛА жар болсын! 🙂 🙂 🙂
Құтты болсын!
«Біздің жігіттер, жігіттер, жігіттер» . Керемет қой олар !
Біздің елдің жігеттері –
Жігіттердің төресі» дейсіз ғой, келісемін сізбен! 🙂 (блогының дизайнын өзгертіп бергені үшін ғана екен деп ойлап қалмаңыздар, тек)
«Salamatsyzba!
Jaksymyn,shukir!
Ew janalyk jok azirge. Jurmiz omir surup.
Arine uakyt tabylady.
Sizge eki turli nuskasyn usynaiyn retteudin:
1) sizge neni kalai jasau kerek ekendigin korsetetin suretter men tusiniktemeler jazamyn.
2) eger ruxsat etseniz blogynyzdyn kupia sozin aitasyz,sonymen kirip sizdin kalauynyz boiynsha rettep beremin.
Osy!» – деген хат келді көк жалауды желбіретіп. Бүгін келсем, бәрін өзгертіп қойыпты. Алғысымды қалай білдіруді білмедім. Сағын, сізге АЛЛА разы болсын! Шексіз-шексіз!!!
Ақзере аур өз блогын мысалға ала отырып, керек жерін айқындап тұрып ақрапаттар жіберген екен, мың рахмет, Зере қыз! :).
Оқасы жоқ, білдей жігіттер тұрғанда біз демаламыз ғой… 🙂
Рахмет, аппақ ару! 🙂
Е, е, сіз бен біздің «ауруымыз» ұқсас болды ғой. Түсінбей жатсам, Аршаттан, сосын Әлия мен Ақзереден көмек сұраймын 🙂
Иә, айтпаңыз! Бірақ ғаламтор мұхитында қайырымды капитандар көп екен! 🙂
Әдемі!
Рахмет! 🙂
шынымен айнадай жып-жинақы, әдемі блог болып шыға келді.. ))
мен айттым ғой өте сүйкімді)))
ооооо құтты болсын!!! Әдемі көрінеді екен.
Бәріңізге де рахмет! АЛЛА разы болсын! Осы қуаныштың болуына жәрдемдескен Аңсарға ерекше рахмет! :)))
Иә, блогыңыз тартымды, сізге лайық жасалған екен.