Баяғыда бір әуле болыпты. Бірде ол: «о, АЛЛА-Тағала! Сенің шексіз әділ екеніңе сенем! Сонда да, осы қасиетіңді әйгілейтін бір мысалды көзіме көрсете көрші?» – деп жалыныпты. Сонда АЛЛА-Тағала оған бұлақтың басына баруды бұйырыпты. Шілденің ми қайнатар ыстық күндері болса керек. Жолаушылап келе жатқан бір бай атынан түсе қалып, әлгі бұлаққа еңкейе кетіп, шөлі қанғанша су ішіпті. Маңдайы шып-шып терлеп, жаны жайланған соң ол бай кетіп қалыпты. Ол еңкейген кезде қалтасынан алақандай алтын түсіп қалыпты. Одан кейін келген бір кедей бала ол да шөлін қандырып әрі олжалы болып ол да өз жөніне кетіпті. Оның соңынан іле-шала қолына таяқ ұстап, бір алақанымен ауаны қарманып бір зағип жан келіпті. Сылдырай аққан дыбыстан бұлақ екенін танып, сол араға тоқтап, шөлін қандарып, демалуға отыра кеткен сол, әлгі бай қайта айналып келіпті. Келе сап, жоғалған алтынын іздеп, таба алмаған соң әлгі зағиптың жағасына жармасыпты. «Мен сенің алтыныңды білмеймін. Мен үшін алтын да – тас, тас та – тас» Көзім көрмеді» дегеніне қарамай сілкілеп, ұрып жүріп әлгі жарымжан байқұсты өлтіріп қояды. Сол сәтте АЛЛА-Тағала: «Қазір ғана мен сенің көзіңе әділдігімді көрсеттім», – депті. Таңданған әулие: Қалайша?! Алтынды алмаған адам таяқ жеп, шын кінәлі құтылып кетті емес пе?» – десе, АЛЛА-Тағала: «Жаңағы бай кедей баланың әкесінің дәл сондай мөлшердегі ақшасын бермей кеткен. Соны бүгін баласына қайырдық. Ал, әлгі зағиптың әкесі байдың әкесін ұрып өлтірген еді. Баласы соның қарымтасын алды», – деп жауап беріпті
« Құндылық
Бұ дүниенің ақысы о дүниеге кетпейді
Шілде 2, 2009 авторы Ainameken
Posted in Ғибратты әңгімелер, Uncategorized | 7 пікір
7 жауап
Пікір қалдыру Жауап беруден бас тарту
Блогтан іздеу
-
Соңғы жазбалар
Соңғы пікірлер
Мектеп бітіргенімізге біраз жы… туралы Назгул Нілдің тасуы туралы Ainameken Айнажанның батасы туралы Ainameken Айнажанның батасы туралы Разия Спам туралы карашаш Күнтізбе
Блог айдарлары
Мұрағат
1356
Қазақ блогшылары
- Ізгілік
- Айкона
- Алтыбақан
- Ансар
- Аршат
- Ақбөкен
- Ақзере
- Балдырған
- Бальзаминка
- Бахытгүл апай
- Баян
- Бақытнұр
- Бейне баян
- Ботагөз Икрамова
- Біздің Гауһар
- Ерлан Әбдірұлы деген қазақ
- Ерғанат Кеңесбекұлы
- Жанарбек
- Жандос Құсайынов деген қазақ
- Жанқозы-мекен
- Кәмшат Тасболат деген ару
- Кәрім
- Көңілашар
- МАХАББАТ ЖӘНЕ МАҒРИФАТ
- Марфужан
- Мұрат Есжан деген қазақ
- Назқоңыр
- Нұрғиса
- Рахым-Нұр
- Роза Әрен
- Русланнн
- Салтанжанның жүрек сөзі
- Серік Абас-шах
- Сымбат
- Сәкен
- Сәкен аға
- Тараз сұлуы
- Шеберлік ауылы
- ай сәулелі Айсәуле (+Мұрат)
- Әлия
- Әнек
- Әселхан
- Әсия деген әдемім!!!
- Қазақия
- Өркен Кенжебек деген қазақ
- Өрімтал
- Өсиет әңгімелер
Ең көп оқылғандар
Санақ
- 120 740 hits
Өтпелер
Ілмектер
"Тағлым тамшылары" Imam Agzam islam minez-kulyk Дөрекілік Ертегі Мұрат ЕСЖАН Мұса пайғамбар Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Рахат Әбдірахманов Телефон адам баласы алтын аппақ қар ата-ана аялдама ақыл бай байлық бала дос достар жалғызсырау жақсылық жаңбыр жүргізуші жүректер жұмбақ сағыныш игілікті іс ит кедей кешірім кітап күміс көлік махаббат мейірім ниет патша пышақ сағыныш сезім студент сыйлық сіріңке сұлулық сұхбаттасу терезе тығырықтан шығу тәрбие уәзір хат хаттар шаңырақ көтеру шуақ ғажайып ғұлама Қалқаман Сарин Қар Қоғам Құдайберді Бағашар қазақы әфсана қойшы қыс құрбым үйлену үш дос ұят әдептілік әділ басшы әже әсемдік өлең өмір “Тағлым тамшылары”
Кәмшат, мына әңгіме маған қатыгездеу болып көрінді, қайдан аласың бұларды?
Қатыгездеу дейсіз бе? Ммм… Бұл жерде біреуге қиянат жасама, ақысын жеме деген ой айтылып тұр деп қабылдадым өз басым. Бізге сондай сәттер, «біреуге қиянат жасауға болатын «мүмкіндіктер» беріледі ғой, сол кезде ойлан дейді. :)…
Ал, бұндай әңгімелер маған ұнайды, содан болар, жадымда қалып қояды. Есіме түскенде жазып тастаймын 🙂
Салем барлықтарыңызға!
Ия,әркім-ақ таза жүріп,анық басқанға не жетсін.Бірақ бұл өмір ғой,бір данышпанның: «Біреудің кесірі,біреудің күндеуі-екіншіге күрес алып келеді,сол арқылы ол адам ақыры данққа бөленеді»-дегенін естуші едім.Егер ондай жаман ойлы адамдар болмаса,не мына өмір тек періштелер мен рахаттан тұрар болса,мүмкін ол осы дәрежеде мәнді де тәті болмас еді.
Ия,бұл әңгіме адам ақысының о дүниеге кетпейтінін,бәріде бұл өмірде істегендерін ол жаққа арқалап кете алмайтынын білсе игі еді.
«Жаңағы баланың әкесі кезінде үйіне ұры түсетінін біліп,баласын әр кез досының үйінде ұстайды деседі.Ұры отбасымды ойрандап балама кесірімді тигізбесін деген ниетте.Ақыры ұрының қолынан ажал құшар алдында досын шақырып алып,оған ат басындай алтын тастап: – Мынаны ұлым ер жеткен соң берерсің-деп аманат етіпті.Досы жағы байда,соқыр жанағы ұры болса керек. Бала өзіне тиесілі алтынға ие болды,ұры байдың қолынан ажал құшты,ал бай қазының үкімімен адам өлтіргені үшін дарға асылды.
Қош келдіңіз, Есбол! «Біреу өлмей біреу күн көрмейді» деген мақал бар, сол есіме түсті сіздің пікіріңізден соң. … Жамандық та жақсылық үшін жасалады ғой 🙂
адамнан қайтпайды,
құдайдан қайтады…
Мәке, рас айтасыз. Ешқандай университет оқымаған, еш мектептің түлегі болмаған кей әжелеріміздің терең пәлсапаларына енді-енді ғана бойлай бастағандаймыз. Осы сөзді жиі еститінмін. Мәнін енді түсінген сияқтымын
[…] айна мекен Ұнадыpost жазбасын ұнатушылардың алғашқысы болыңыз. […]