Спамнан сіз де жалыққан шығарсыз? Мен де жалықтым. Кей спамдар болады, мағыналы, мәнді. Оқысаң, көңіліңді көтеретін. Ондайларын қазақшалап та қоям. Достарыма солай жіберем. Өзіңнің қазақшалаған спамың кейін өзіңе келіп тұрса, кәдімгідей қуанады екенсің! Өйткені, сенің жазғандарың /нақтырақ аударма-сымақтарың/ көпшілікке ҚАЗАҚ тілінде тарап жатыр ғой! :). Бұл ақымақ қуаныш болар. Әйткенмен, олардың да қазақша сөйлегені жақсы ғой. Сонымен, бүгінгі аударма спам мынандай:
Мен Сіз жайлы бәрін білем. Нанбайсыз ба? онда… бірге тексеріп көрейік:
1. Сіз қазір интернеттесіз
2. Сіз «мой мир» сайтындасыз
3. Дәл осы хатты оқып отырғандығыңыз да шындық
5. Әлденені жіберіп алдыңыз ғой, 4-пункт жоқ екенін байқамадыңыз
6. Байқамаған тұсыңызға зер салдыңыз
7. Ақырын жымидыңыз
Жарайды, ренжімеңіз уақытыңызды алғаныма. Бұл спам, бірақ қуаныш сыйлайтын спам. Мана Айсұл деген құрбымнан мынандай хат алдым:
Жафар бин Мұхаммед атасынан риуаят етеді:
«Егер біреу мұсылманды қуантса, Алла сол қуантқаны үшін, оған бір періште жаратады.
Адам қайтыс болғанда, қабіріне
Қуаныш Періштесі келіп:
– Мені танисың ба?, -деп сұрайды.
– Сен кімсің?, -дейді қайтыс болған.
Сонда қуаныш Періштесі:
– Мен пәленшеге жасаған қуаныштан
жаратылған періштемін. Бүгін сенің жалғыздығына дос боламын және сені
есепке тартатын періштелерге беретін жауабында саған жәрдемші боламын.
Сен үшін Аллаһты? алдында шапағат етемін. Саған жәннаттағы орнынды көрсетемін.»
Қуанатын сәтіңіз, сіздің себеп болуыңызбен жаралатын қуаныш Періштелері көп болсын!
Мен шынымен көңілім көтеріліп қалды)
Спам тек жынымды келтіретін, енді менде уадырып көремін 😉
Құдайға шүкір спам саны аз, өте аз)
🙂 Құдайға шүкір, спамдарды көбейтетін адамдар бар 🙂 /дәл осы тектес спамдар, әрине/
Мой Мирді өшіргелі спамда ұмыта бастаппын! Расымен, бір отырып жымидым! Қазақша спамды спам көрмейді де екенсің! Осылай аударып жібертіңіз керемет екен! Ғаламторда қазақша спамдар көбейе берсін!
Аз сөз алтын, көп сөз көмір, қазақша спам – мыс. /сәтсіз жалғастыру ;)/
Күліп алдым 🙂
Рахмет! 🙂
Қызық, мен де кезінде осынша адамға жіберсеңіз пәлен болады, жібермесеңіз түген болады деген тұстарын алып тастап, тек қаймағын ғана аударып жіберуші ем, әсіресе күлкілі суреттері бар спамдарды аударған ұнайтын. Одан бері 3-4 жыл өтіп те кетіпті, жұмысбастылық, күйкі тірлікпен оларды тіпті ашып та оқымайтын болыппын. Ендігі келгенін міндетті түрде ашып, аударып жіберемін деп ой түйдім 🙂
Рахмет, бүгін сіздің блогыңызға тап болып, ашып оқығаныма қуанып отырмын, блогқа жазғандарыңыз тамаша екен. Әлі талай бізді өз туындыларыңызбен қуантады деп үміттенемін.
Қош келдіңіз, АйАй/Луна/! :). Пікіріңізге мың да бір рахмет! Қолымнан келгенше, тырысамын қызықты қылуға. 🙂
Ал, керек спамдарды, мәліметтерді аударып, еңбек «сіңіре» беріңіз! 🙂
Дәл осының орысша нұсқасы келіп тұр 🙂
«Оқып алғанмын. Қазақша» деп «менсінбей» қалдым 🙂
:). Қандай жақсы, иә, қазақша орысшаны «менсінбейді»! 🙂
Баяғыда интернет деген атымен жоқ кезде, есігіміздің түбіне біреу хат тастап кететін. Қазақ тілінде. Ашып қарасаң, бәлеге қалдың. Енді ол кітапты 9 рет көшіріп, 9 үйге тарату керек, әйтпесе қарғысқа ұшырайсың деп жазылып тұратын. Соны бәз біреулер кәдімгідей қолдан 9 рет көшіріп жазатын. Оған қарағанда қазір шүкір «форвард» деген қызметі бар ғой пошталардың…
“Егер біреу мұсылманды қуантса, Алла сол қуантқаны үшін, оған бір періште жаратады.
мынау рас па шынымен? сосын қандай қуанту түрлері кіред екен ә, қазірден очко жыйнай берейн 🙂
[ЖАНЫМ] деп жазып жiбер! Кiм кaлaй жауап бередi екен!
->. Сенi суйeтiндeр – Aу
->. Озiншелер – Айта бер
->. Топастар – кумашы
->. Адемiлер – Ау, жаным
->. Приколистер – Жаным-ау, не болды?
->. Акылдылар – ия?
->. Крутойлар – Тусiнбедiм
->. Анкаулар – A?
->. Грубияндар – не?
->. Тормоздар – М?
->. Понятиясы жоктар – че?
->. Басы бос еместер – Тындап турмын
->. Мамбеттер – Маган айтып турсынба?-дeп жауап бередi! Достарына жiбeр кызык жауаптар аласын Janym
Bazar Jok spam eken!!!
🙂
өте керемет