Өлім бар екенін білеміз, ажалдың біздің аңдып жүргенн де білеміз. Бірақ… Бірақ, ол жайлы білгенімізбен, жақсы түсінбейтін сияқтымыз. Жұмысқа келсем, қаралы хабар «шықты» алдымнан. Қазақстан арнасындағы «Қайырлы таң, Қазақстан!» бағдарламасының бір жүргізушісі Руслан Бөлебай қайтыс болыпты. Өткір, өжет, айтқанынан қайтпайтын жігіт екенін білемін. Журфакта жүргенде эссе жарысынан жеңіп, BBC-да тәжірибеден өтіп келген. Университет бітірген соң да жарқырап көріне білді. Эфирден тыс, концерт жүргізумен де айналыса бастаған. Маржан Арапбаева, Қап-қарашка, Жанармен бірігіп ән айтқаны да есімде қалыпты. От боп жүретін сол жігіттің дәмі 16-шілдеде Жамбыл мен Гагариннің қиылысында таусылады деп кім ойлаған? Нұржан Қалжан атты жас әншінің машинасымен келе жатқанда бір бүйірден қағыпты. Нұржан ауыр қалде ауруханада жатыр. Тағы бір жігіт сол жерде жүріп кетіпті. Естуімізше, олар кінәлі емес екен. Ішімдікке сылқия тойып алған оқиғаға кінәлі жігіттер Ішкі Істер органынды жұмыс істейді-міс. Нақтылы емес, белгісіз. Кейінгі кезде жас өлім көбейіп бара жатқан сияқты. «Адамдармен соңғы рет көрісіп тұрғандай амандасып, жақсылық жасап, ұзақ ғұмыр тіле» деп айтып отыратын үлкендердің сөзі есіме түсті. Бақұл болыңыздар, замандастар! Жатқан жерлеріңіз Жәннат болсын!!!
Аман болыңыздар!!! Жақындарыңыз аман болсын! Жастар аман болсын! АЛЛА амандық берсін! О дүниеге дайындықсыз бармасақ екен, тек!!!
Өлді деуге сенбейсің…
Шілде 17, 2009 авторы Ainameken
Кейде өмір қас қағым сәтте өте қалады! Тіпті, сол адам қасынан мәңгі табылмайтынын сезініп те үлгермейсін! Сондықтан жақындарымыздың, өзімізге қымбат адамдарымыздың қадірін қазір білейік, күнде білдірейік!
Мұсылман адам қалай өлгеніне емес, кім болып өлгеніне алаңдайды емес пе?!
Бәрімізге келіп жететін бір өлімнің бары анық. Мұсылман болып өтуді нәсіп етсін.
Өте өкінішті….
http://12aikon1986.wordpress.com/2009/07/20/%D1%82%D0%B0%D0%B1%D1%8B%D0%BD%D1%83%D1%88%D1%8B-%D0%B5%D0%BC-%D0%BC%D0%B5%D0%BD-%D1%81%D0%B0%D2%93%D0%B0%D0%BD/
17-і күні таңертең Түркияға сапар шекпек екен. Ән айтуға… Мой мирде «Руслан Бөлебайды еске алайықшы, достар!» деген қоғамдастық ашылыпты. Сонда Болат Мұхтар деген азаматтың мына жазбасы жанымды бір толқытты:
Коштасу расімінде айтылган пікірлерден…
«… Ол Сакеннін сулулыгы мен шешендігін кабылдаган турі де, тілі де татті бала еді…. Менінше, оган тіл-коз тиді…»
Султангали Каратаев
«… Айналайын Русланжан бір анкылдаган елгезек бала еді. Ажалга не істейтінімді білмеймін, бар жаксы адамымды алып бітті…»
Макпал Жунісова
«… Русланнын карындасы Айнур да агасындай корерменге унайтын талантты журналист болатынына сенеміз. «Казакстан» улттык арнасынын басшылары Айнурды жумыска кабылдап, оган барынша колдау корсетуге азір…»
Лаззат Танысбай
Сенгісіз, хабарды естіген соң жүрегім ауырды. Жап-жас жігіт… Ата-анасына обал болды. Екі бірдей баласының қазасын көрген оңай ма? Шынымен, тіл-көз тиген болар. Қиын…
Русланның ауылына барып келген достары келді. Айтқан сөздерін естігенде сай сүйегің сырқырайды. Нұрғисаның да блогынан Руслан мен Әйгерімнің сол күнгі бағдарламада (Русланның соңғы эфирі) күле бергенін оқыған едім. «Не болды сендерге?!» деп кейігені анық қой шығармашылық ұжымның. Әдетте Руслан біреудің ұрысқанын онша көтермейді екен, /жұмысын қатырып жасайды ғой/. Сол күні олардың ескертпесіне күліп, одан әрі әзілге айналдырып жіберіпті. Басшылықтың ренішін, ескертпесін де күле қабылдап: Ертең «Қазақстанның» алдына Әйгерім екеумізге ескерткіш орнатады, ең күлеген жүргізушілер» деп әзілдепті. Ертесі «Қазақстан» арнасының алдында оның суреті тұрды… Еске алушылардың бәрі оның мұңайып жүргенін емес, жадырап жүргенін «Хэй» деп күліп кіретінін еске алады. Жұмаққа барса екен күліп!!! …
Нақ қасиетті жұма күні өмірден өткен Русланды ойласам, жүрегім қатты ауырады… Әсіресе, анасын аяймын. Топырағы торқа, Жаны жанната болсын!
Жамбыл мен Гагарина киылысы…
осы киылыста біраз адамдардын омірі киылганыа куа болып едік, былтыр жазда, тура осы уакытта сол манда кумда волейбол ойнап жаттыканбыз, сол кезде 2 апта ишинде 2 рет катты соктыгыс болганын коргенбіз. Сондагы адамдарда айтып еді осы жерде жол апаты коп болады деп.. Алла озі сактасын, колік жургізгенде абай болыныздар.
Бәрімізді Алла жаратты және қайтар жағымызда сол жақ.
Сұраққа жауап бере алатындай деңгейге жетіп қайтуды тілейік, ИНШАЛЛАХ!
Өмір деген қазір-ақ өте шығады!түсінгенім көрген жақын жаныңа жақсылық тилеу мен оны сүрінбеу үшін қолдау!