– Қызық, қолыңдағы неғылған әдемі зат?
– Аа, бұл – бақыт қой.
– Солай ма? Неге сонша кішкентай екен, ә?
– Есесіне қандай көркем, атты кісі аииан түсіп, жаяу кісі жатып қарайтындай, адамзат арман ететіндей әдемі!
– Ра-а-ас, көркем екен!
– Қаласаң, мен саған бір бөлігін сыйға тартайын
– Өзіңде аз ғой, оны қалай бөлмексің?
– Алақаныңды әкелші?
– Қандай жып-жылы! Қандай жағымды!
– Айттым ғой, бәріне де ұнайд!
– Рахмет саған!
– Рахметі сол – сен бақытты бол!
– Білесің бе, мына бақыт алақанымда тұрғанда, менен бақытты адам жоқ шығар?! Рас айтам! Жаным бір тылсым сұлулыққа тамсанып тұр!
– Әлбетте!
– Мен бұны әлдекіммен бөліссем азайып қалмай ма?
– Әсте олай емес! Қайта бөліскен сайын оның жылуы одан ары артып, құны көтеріледі!
– Жылуы арта берсе, тым ысып, қолым күйіп қалмай ма?
– Жо-оғаа! Қызғаныз күйдіруі мүмкін, бақыт тек жылытады!
– Ааа! Мен бұны кіммен бөлісуді білем!
– Қуаныштымын!
– Онда..
– Асық!!! Көптеген жандарға осы жетпей жатыр ғой. Солардың санын азайтып, бақыттың, бақыттының санын арттыр!!!
Сол бақыт сізге де келетніне, бір досыңыз алақанына салып аялап жетеріне сеніңіз! Сол сәтте дереу жүрегіңізді ашыңыз. Бақыт тыныш жүректе мәңгі гүлдейді!
Қарасаң қызық:
Сенен бақыт сұрағым келді, бірақ менің өзімніңде бақытым бар емеспе?) Онда мен сенікіне неге қызығамын? Кішкене бала, жаңа ойыншықты көргендей тура =) Бақыт деген қолыңда, бірақ қаншама бауырларымыз осы бақытын іздеп адасып жүр…
Бақыт адамның басына қонады екен, сол сәтте адам басын алып жүре алмай, кекжиіп кететін көрінеді. сосын бақыт адамның кеудесіне қарай сырғиды екен. сонда көкірегіне дем піскен адам баласы ештеңені көрмейді екен. Сосын бақыт жылай-жылай адамның аяғына оралады екен, сол сәтте адам аяғын алып жүре алмай шалыс басады екен. Рас, әркім өз бақытынан гөрі өзгенің бақытын қызықтайды. Не бақыттан басы айналып, бағытынан адасады. Үлкен бақыт көтере алатын адамдарға ғана қонатын шығар?
Бүгін Бақыт деген не? дәл осы тақырып туралы сөйлескен едік. Алдында ойланып көрмегем екен бұл тақырыпқа. Бақыт дегеннің азанда тұрғанда көзіңді ашқаннан бастап болатын оқиғалар бақыт екен.Сенің өмір сүргенің, айналаңдағы адамдармен араласқаның, оларды жақсы көргенің бәрі-бәрі бақыт екен.
Бақыт туралы талас – масқара талас қой. Талай дауласқанымыз есімде. Сонда маған ұнаған, көңілге қонымды пікір мынау болды:
«Бақыт деген – ол жұдырықтай жүректің тыныштығы!»
осыған келісемін.
Мен сенимен толыктай келисемин.
Тағы алақан арқылы бақытты сыйлаудың да сырын түсінгендеймін! Маған адамның жылуы алақыннан беріледі дейдіт! Бойындағы барлық жасқы ниет пен энергиянды сол жылу арқылы таратуға болады!
Әселек, шын сүйген адамдар бір-бірінің алақанына алақанын қойып, саусақтарын салалағанда, саусақтарының арасынан күнәлары төгіледі екен. бұл да бір үлкен бақыт өой! Рапс, алақан арқылы бақыт сезіну деген де болады. мен анашымның алақанын маңдайыма қойып, тып-тыныш отырғанда әлем де тып-тыныш сияқтанады 🙂
Иә,қолымыздағы бақытты аялай білуден асқан бақыт жоқ шығар… Кейде қолда тұрған, басымызға қонған бақытты түсінбей ұшырып алып жатамыз ғой…
Қателеспесем Конфуцийдің мынадай сөзі бар: «Если хочешь быть счастливым – будь им» деген. Өкінішке орай, қазақша аударсам дұрыс болмай қалатын сияқты. Сондықтан, бақытты боламын десең, жәй ғана бола сал, әркіміміздің қолымызда бақытты болуға тұрарлық барлық мүмкіндік табылады…
Шынымен де, жан тыныш (жақындарыңның уайым-қайғысыздығы) болса, содан асқан бақыт жоқ шығар.
Негізі, осы бір ұғым туралы қыздар көп ойланады, ия? Осындағы комменттердің авторларына қарап та осыны аңғаруға болатын сияқты. 🙂
Өз басым бұл туралы еш бас ауыртпайды екенмін. 🙂
Жігіттер де аз ойланбайтын сияқты :). … Мүмкін сіз әлі үйлену, отбаын құру туралы ойламаған боларсыз? 🙂
Қыздар нәзік қой, әр нәрсені ойлайды. Сосын да осындай нәзік нәрселерге көңіл бөледі деп ойлаймын.
Ой, ол отбасын құру мәселесі менің күнтәртібімде көптен бері тұрған мәселелердің бірі ғой. 😀
Үйленуді жоспарлап қойсаңыз да, үйленбей жүргеніңіз – БАҚЫТТЫ қылатын қыз іздеп жүргеніңіздің көрінісі ме деймін :).
Бауыржан Момышұлы айтқан екен: «Бақыттың қалай келгенін сезбейсің, оның қалай кеткенін сезесің» деп. Неге екенін дәл осы сөз үнемі ойыма оралады. Тіпті, қазіргі сізге коммент жазып отырған сәтімде бақыт емес пе?)) (ойласам…)
Ұлытау ұланы! комент жазғаныңыздың бақыт, бақыт емес екенін білмеймін, өмір сүргеніңіздің бақыт екеніне сенем! 🙂