Feeds:
Жазбалар
Пікірлер

Archive for 2009 Тамыз

Қойшы қарт қойларын өрістетіп, жайылымға жайған сайын дөңге жақын өскен бір алма ағашының түбіне барып дем алатын,

егер жеміс піскен мезгіл болса, алма ағашымен тілдесіп: – Қане, балам, қарттың алмасын бере ғой,- дейтін. Сөйткенше болмай дәмі тіл үйіретін, исі аңқыған, балбырап піскен бір алма жерге топ ете түсетін. Қарт болса, кішкене бәкісімен әлгі алманы асықпай тілімдеп кесіп, өзімен бірге ала келген торсығындағы айранымен қоса сәл жүрек жалғағаннан кейін әкесінен қалған Құранын баппен қолға алып, жайлап оқи бастайтын. Қойшы қарт бұл алма ағашын осыдан жиырма жыл бұрын отырғызған кезде жиі-жиі суғарып, намаз алдында беті-қолын шайған дәрет суының қалғанын да ырымдап соның түбіне төгетін. Қарт жүзін шайған сол судың шарапаты тиді ме, әйтеуір, алма ағашының тамыры тез жан алып, аз уақытта-ақ бой көтеріп, жеміс бере бастады. Қойшы қарт ол кезде жас болғандықтан қай әдемі алмаға көзі түспесін, кішкене ғана ұмсынып қол созғаны жетіп жатыр еді. Алайда, одан бергі қаншама жыл ішінде қарттың бойы аласарып, белі бүгілді, ал алма ағашының болса, керісінше бойы барынша биіктеп, шынар ағашындай жайқалып кеткен-ді. Бірақ алма ағашы қанша жайқалып өскенімен мәпелеп өсірген баланың аты бала емес пе? Оны баласындай көретін қарт ағаш бұтақтарын алақанымен жай ғана сипап тұрып: – Қане, балам, – дейтін, – бүгінгі несібемді түсіре ғой?
Айтқанындай, көп пәлсінбестен бір алма түсуші еді. Бұл көрініс дәл осы қалпында бірнеше жылдан бері қайталанып келе жатқан-ды. Тіпті қарт сұрағанда, алманың түспей қалған бір де бір күні кездескен емес.
Ауыл адамдары болса, таңғажайып бұл құбылысты сырттай бірнеше мәрте байқап, қойшы қартты «әулиеге» жорысып қойғалы қашан.
Қарт кісі ағаш көлеңкесінде аздап тынығып, намазын оқығаннан кейін әдеттегідей сол күнгі алмасын сұрады. Алайда, бір таңғаларлығы, ағаш бұтақтары жеміске толып тұрса да, қарт қолына ештеңе түспеді. Қарт өз қалауын қанша қайталағанымен бәрібір ештеңе бола қоймады. Күткені орындалмай, кірпігі мен сақалы тарам-тарам жасқа оранған қарт үнсіз ғана алыстап қойларына кетіп бара жатты.
Жеміс бергелі «баласы» қарттың көңілін еш қалдырып көрген емес еді. Мәпелеп өсірген баласына дәл осы жолы көңлі қатты қалды. Көңілі құлазыған қарт бойы бұл жолы тіпті шөкімдей боп, бұрыңғыдан да аласарып, белі де бұрыңғыдан бетер бүкшие түскендей.
Малдарын қайырып, ауылға бет алғанда мешіттен әуелеп шыққан азанға құлақ түрді. Азан өте бір ерекше, әуезді үнмен оқылып жатқандай. Тіпті астарынан өзгеше қуаныш та сезілетін секілді. Бірден іркіліп, бойын жинап ала қойды. Қарт байғұс өмірге қайта келгендей күй кешті. Өйткені, есіне бір нәрсе түскен болатын.
Бұл жолы көзіне қуаныштан жас алып, балаша мәз болған қарт бірден әлгіндегі алма ағашына қайтадан жеткенше асықты. Келе сала оны айналып-толғанып, кең құшағын төсей құшақтаған қарт:- Күнім, әшейін,- деді иегі кемсеңдеп жылаған күйі,- айналайын, балам, жарығым! Ұмытшақ мен байғұсты ренжітпей тұрып-ақ білдірсең болмас па еді?! Бүгін Ораза айының алғашқы күні екен ғой?!..

Түрік тілінен аударған Құдайберді Бағашар

Read Full Post »

Жабир ибн Абдуллаһ (р.а) Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм)
былай айтқанын риуаят етеді:

– Үмметіме Рамазан айында бұрынғы пайғамбарлардың үмметтеріне берілмеген бес
нәрсе берілді:

Біріншісі, Рамазан айының алғашқы түнінде Аллаһ оларға мейірімімен қарайды.
Аллаһ кімге мейірімімен қараса, оны ешқашан азапқа салмайды.

Екіншісі, аузы берік адамның аузынан шыққан иіс Аллаһ үшін миск әтірінен де
тамаша.

Үшіншісі, періштелер ораза ұстағандардың күнәларының кешірілуіне Аллаһқа
күні-түні дұға етеді.

Төртіншісі, Аллаһ сол күні Жұмаққа:
«Ей Жұмақ, құлдарым үшін әзірлен. Дүниенің қиындықтарынан арылып Менің
құзырыма келулері жақындады.» деп әмір етеді.

Бесіншісі, Рамазанның соңғы түні келгенде, Аллаһ ораза ұстаған барлық
құлдарын кешіреді.

Сонда сахабалардың бірі:

– Ей Аллаһтың Елшісі, бұл түн Қадір түні ме?,- деп сұрады. Сонда
Пайғамбарымыз (с.а.с):

– Жоқ, -деп, – сендер білмейсіңдер ме, жұмысшылар күні бойы жұмыс істеп,
жұмыстары біткен уақытта еңбекақыларын алмаушы ма еді?,- деп жауап берді.

(әт-Тәрғиб уәт-Тәрһиб, 2:92)

Read Full Post »

Өткен шақпын сізге мен.
Еске алуға, ескеруге тұрмайтын.
Бізді бөлген шақырымдар
Ауыр үкім оқығаны болды айқын.
Сырым едің,
Жан адамға ашпайтұғын құпиям,
Жырың едім,
Тәтті ұйқыңды ұрлайтын.

Енді бәрі елес боп,
Жағасында жалғыз қалдым Жайықтың,
Көп ішінде күрсінемін.
(Несіне…)
Ертіс, сенің ерке ұлыңа сенгенім…
Бар айыбым.
(Ол да мені ала ма екен есіне?)

Біз әдемі сезімдерді жоғалттық,
Көк теңгеге айырбастап уақытты,
Сарылмайтын, сағынбайтын боп алдық,
Қолдан жасап бақытты.
Сұр қалаға қамалып,
Көкжиектер көрінбейтін көшемен,
Жан берісіп, жан алып,
Өлеңімнен құрбан шалдым неше мен.

Енді бәрі ертегі.
Естелік қып бірге өткізген күздерден:
Сағынышым сіңіп қалған бойына,
Алтын түстес жапырақтар тізбегін,
Алқа қылсам мойыныңа деген ем.
Өкініш бар ғұмырыма жетерлік,
… Өткен шақпын сізге мен…

Бақытгүл Бабаш

Read Full Post »

http://groups.google.com/group/rasulullahkz

Осы сайтқа жазылғалы бері маған күнде хадистер келеді. Әртүрлі ғибратты сөздер тамшы сынды жәй-жәй тамып, ойыңа, бойыңа сіңіп жатса, тек АЛЛАға тәубе айту керек болар. Өткенде жолда келе жатып, Қазақ радиосынан естіп қалдым:
Бұхари (р.а) хадис жинағанда оның сахихтығына ерекше көңіл бөлетін. Құлшылықтың жоғары шыңына шыға білген ғалым бір жерде хадис бар дегенді естісе, сол жерге арнайы ат шалдырып іздеп барады екен. Бірде сондай бір хадисті естіп, сол адамды іздеуге шығыпты. Әлгі адамның мекен-жайы өзгеріп кеткен екен, ол сол жаққа іздеп барыпты. Ұзақ қиыншылық көріп, әрең таптым-ау дегенде ол хадисті әлгі кісі басқа бір адамнан естігенін айтады. Екеуі бірлесіп соған бармақ болады. Ана кісі «моһ-моһ» деп атын шақырады. Бухари ат дорбаға көзқиығын салса, бос екен сонда ғалым: «Мына адам өз атын алдап тұр, бұл қалай сахих хадис айтпақ?!» деп, өз жөніне кетіпті дейді. Осы мысалдан талай нәрсені алуға болады. Мен де өзіме келген көп хадистің біразын сіздерге ұсынайын. Жоғарыда көрсетілген сілтемеге кірсеңіз, қазақша хадистердің мол топтамасына тап боласыз. Соны жасаған адамдарға, жинағандарға, бәріне-бәріне АЛЛА разы болсын!!!
Әбу Бәкір Сыддықтан (р.а) риуаят етілген хадисте Хазреті Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алейһи уә сәлләм) айтады:
«Кімде-кім таңертең тұрғанда күнін Аллаһқа мойынсұнып өткізуге ниет етсе,
сол күнін Аллаһ тағала оған сауаптан толтырып, жасаған күнәларын кешіреді.» (Дәйләми)
Мұсылманның ниеті амалынан қайырлы. Таңертең Аллаһтың атын
еске алып, сол күнін Өзіне мойынсұнып өткізуге ниет ететін болса, мейірімі
шексіз Аллаһ тағала бұл ниеті үшін, сол күннің тұтасын сауап ретінде жазып
қояды.
* * *
Абдуллаһ ибн Бусрдан (р.а) риуаят етілген хадисте Хазреті
Пайғамбарымыз (саллаллаһу
алейһи уә сәлләм): «Кім күнін жақсы нәрсемен бастап, оны жақсы нәрсемен аяқтаса, Аллаһ
періштелеріне:
– Осы екі жақсылықтың арасында істелген күнәларды бұл құлымның атына
жазбаңдар, -деп бұйырады.» (Табәрани/Кәбир)

* * *
Ибн Аббастан (р.а) риуаят етілген хадисте Хазреті Пайғамбарымыз (саллаллаһу
алейһи уә сәлләм): «Үмметімнің бұзыла бастаған уақытында, кімде-кім менің сүннетімді ұстанса,
жүз шейіттің сауабын ала алады.» (Бәйһақи, Табәрани)

* * *
Хазреті Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): «Аллаһтың алдында Оны көріп тұрғаныңдай құлшылық қыл, сен Оны көрмесең де Ол
сені көріп тұрады.» (Бухари)

* * *
Ибн Омардан (р.а) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи
уә сәлләм): «Бір адам дұғасының қабыл болуын және қиыншылықтан құтылуын қаласа,
таршылыққа ұшыраған адамға жәрдем етсін.» (Ибн Әбиддуния)

* * *
«Мына екі сипат мұсылманның бойында болмайды: сараңдық пен жаман мінез.» (Тирмизи)

* * *
Бір күні Пайғамбарымыздан (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): Жаннатқа баруға ең күшті себеп не?, -деп сұралғанда, Ол:
– Аллаһтан қорқу және жақсы мінез, -деп жауап берді. ( Муснәд)

* * *
Хазреті Әнәстан (р.а) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә
сәлләм): «Ер немесе әйел болсын, күніне жетпіс рет истиғфар еткен* құлының Аллаһ жеті
жүз күнәсін кешіреді.» (Дәйләми)
* кешірім тілеген

* * *
Әдия ибн Хатим (р.а) риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз (саллаллаһу
алейһи уә сәлләм): – Бір құрманың жартысын (садақа етіп) берумен болса да, тозақ отынан
сақтаныңыздар. Егер сіздерден біреу бұны да жасай алмаған болса, ең
болмағанда бір мұсылман бауырын қуантатын сөз айтсын, – деген. (Имам Бухари)

* * *
Әдия ибн Хатим (р.а) риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз (саллаллаһу
алейһи уә сәлләм): – Бір құрманың жартысын (садақа етіп) берумен болса да, тозақ отынан
сақтаныңыздар. Егер сіздерден біреу бұны да жасай алмаған болса, ең
болмағанда бір мұсылман бауырын қуантатын сөз айтсын, – деген. (Имам Бухари)

* * *
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): «Раббысын еске алатын мен Раббысын еске алмайтынның мысалы өлі мен тірідей.» (Имам Бухари)

* * *
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): «Ұят жақсылықтан басқа ешнәрсе әкелмейді.» (Имам Бухари)
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): «Кімде бір мұсылман бауырының өзіне немесе бір нәрсесіне жасаған қиянаты бар
болса, динарлар мен дирхамдар табылмайтын күн (ақырет күні) келмей тұрып,
одан кешірім сұрасын. Әйтпесе, егер жақсы амалы бар болса жасаған қиянатының
мөлшерінде оның сауабынан алынып жәбірленген адамға беріледі. Егер жақсы
амалы жоқ болса жәбірленушінің жаман әрекеттері алынып оның мойнына
жүктеледі.» (Имам Бухари)

* * *
Хазреті Жәбирдан (р.а) риуаят болған хадисте Пайғамбарымыз (саллаллаһу
алейһи уә сәлләм) айтты: «Хақ сөзден (ақиқаттан) артық садақа жоқ.» (Табәрани)

* * *
Хазреті Жәбирдан (р.а) риуаят болған хадисте Пайғамбарымыз (саллаллаһу
алейһи уә сәлләм) айтты: «Хақ сөзден (ақиқаттан) артық садақа жоқ.» (Табәрани)

* * *
Әбу Һурайрадан (р.а) Аллаһ Елшісі (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): – Жұма күні белгілі бір уақыт бар. Мұсылман адамның оқып жатқан намазы осы
уақытқа тура келіп қалуы қиын, бірақ-та тура келіп қалса, сол адам Аллаһ
тағаладан бірер нәрсе тілесе тілегі қабыл болады»,- деді.
Пайғамбарымыз (с.а.с) осы уақыттың өте қысқа екенін қолымен ишара етіп
көрсетті. (1)
Әбу Бурда ибн Әбу Муса әл-Әш’ари (р.а): Әкем Аллаһ Елшісінен (с.а.с) былай естігенін айтты: «Ол уақыт – имамның мінберге отырған уақытынан намаздың қылынған уақытына дейінгі уақыт арасы.»
(2)
(1) Бухари, Муслим
(2) Муслим
* * *
Хазреті Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): «Адамдарды құртатын жеті нәрседен қашыңыздар. Олар: Аллаһқа серік қосу,
сиқыр жасау, бір адамды орынсыз өлтіру, пайыз жеу, жетімнің ақысын жеу,
соғыстан қашу және мұсылман әйелге жала жабу.» (Муслим)

Read Full Post »

Сізді сүю

Сізді сүю –
Сізді көрмей тамсану
Өтіп кеткен жалқы сәтке шегініп.
Сізді сүю –
Сағынышты қарсы алу,
Естен танып,
Егіліп…

Сізді сүю –
Сізді көрмей сананы
Сансырату, сеніңіз.
Сізді сүю –
Көзбен өбу қаланы
Сіңіп қалған деміңіз.

Cізді сүю –
Сізді көрмей тағдырлы
Сөзге айналу, тіркеске.
Сізді сүю –
Азап шегіп сан түрлі,
Жанып кету бір кеште!

Сізді сүю –
Сізді көрмей тамсану
Өтіп кеткен жалқы сәтке шегініп.
Содан кейін
Сүйемін деп жар салу,
Үнсіздікке көміліп.

Дәурен Берікқажыұлы

Read Full Post »

Мұң торласа беймаза көңілімді,
Көңілімді…өксікті өмірімді,
Жақұт терген сияқты жатып алып
Тергім келіп тұрады нөміріңді.

Сыбыр да өшкен заматта,
күбір де өшкен,
Тергім келіп тұрады кідірместен.
Жүз сегіз ай кеудеме кіріп алып
Беу, Перизат, құпия ғұмыр кешкен!

Күйзелісін жанымның жасыра алмай
Терсем болды, аспаным ашылардай!
Дерттей болған дауасыз, серттей болған
Ішімдегі өрт бір сәтке басылардай.

Cары алтындай бергенмен сабыр Тәңір,
Үздігемін тергім кеп дамыл-дамыл…
Бағынбастан шартты бір ұғымдарға,
Бағынбастан айла мен ақылға дүр.

Мұң торласа беймаза көңілімді,
Гүл ететін өксікті өмірімді –
Жақұт терген сияқты жатып алып
Тергім келіп тұрады нөміріңді!

Дәурен Берікқажыұлы

Read Full Post »

Бүгін сенің туған күнің…
Сыртта құйып тұр жауын.
Терезеге жақын келіп, жаңбыр үнін тыңдадым.
Тамшы асығып, тырс- тырс тамып, салып жатыр есіме,
Өткен күндер ырғағын.

Ғұмыр кешіп жатырмыз біз адам айтса сенгісіз,
Бір күніңнің алданышы бір күніңе бергісіз…
Тасқа сіңген тамшы сынды белгісі жоқ сол күндер,
Қалай өтті белгісіз.

Бірде сен де тауысып ең көңілімнің тағатын,
Ақ таң күліп сен деп атып, сағат сен деп соғатын.
Таяп тұрып, табыса алмай кеткен шақта екеуміз,
Ақ қар жатқан болатын.

Содан бері жүрек үнін мылқау етіп, тілсіз ғып,
Махаббат деп жазылатын кие сөзді бір сыздық.
Содан бері сөнді бәрі, екеуміз де бөтенбіз,
Содан бері… үнсіздік.

Сол шақтарды еске алуға ақылдың жоқ түк халі,
Біз өмірді түсінбедік, өмір бізді ұқпады.
Бүгін сенің туған күнің…
Мен құттықтап қояйын,
Өзің көтер тұтқаны…

Есей Жеңісұлы

Read Full Post »

«Құшсам» деген ғажап, үлде-бүлде нұр,
Көкiрегiмде баяғы арман бiрге жүр.
Қапылыста қағып қалды қылтамнан,
Қиқаң ете қалып едiм…
күлдi өмiр.

Тәттi үмiтпен аттанып ем ауылдан,
Өзiм ғана ыңылдайтын табылды ән.
Сынағынан қорғалап ем басымды,
Өмiр қатты тартып салды жағымнан.

Тағдырымнан ала алмастай ақымды,
Асықтым-ай талқанымды татуды.
Суға кетiп қалып едi қайығым,
Өмiр менi ескегiммен батырды.

Өмiр қызық: кешпесiмдi кешiрдi,
Түсiнбедiм, несi өнеге, несi үлгi?
Төрге ұмтылдым, лақтырды өмiр аямай,
Босағада бiр-ақ жидым есiмдi.

Орны бар ма жүрiп өткен iзiмнiң?
Тағдырыма қарауыл боп тiзiлдiм.
Құлап тұрып, мен де кеттiм батыр боп,
«Өмiр, саған көрсетем!» деп кiжiндiм.

Осы жауап өмiрiме ұнады,
О-һо, оның көзi сондай қырағы!
Минут сайын бөгетi әзiр Өмiрдiң,
Сынағынан тағы өткiм кеп тұр әлi…

Есей Жеңісұлы

Read Full Post »

Қазір біз жеті атамызды білмесек те, қай әншінің қандай әні бар, тойдан қанша табады, қандай киімі қанша тұрады, не жейді, не ішеді, кіммен қыдырады, кімге өсек айтады – бұны білеміз. Әншілердің ән жаздыру мен сұхбат беруден қолдары тимейтінін, сондықтан кітап оқуға уақыттары жоқ екенін де жақсы білеміз. Кей әншілердің рухани жұтаңдығына қарап, қарның ашады. Не айтып отырғанына да есеп бермейтін сияқты. Бір кездері «Даала қандай болады екен?» деп әлдебір топпен бірге ән салған Мәнсия Боқанова деген әншінің сұхбатын оқып, тіпті таңқалдым. «Қызық оқиғаңыз?» деген сауалға берген жауабының ұзын-ырғасы мынандай:
Бірде Ақбота Керімбекова, Ләйлә Сұлтанқызы үшеуі Түркияға барады. Бір әшекей сататын дүкенге барып, кешке қонақүйге келеді. Әңгімелесіп отырып, Ақботаның қолындағы алтын сақинаны көреді. Оның қолында ондай сақина болмағанын, мана да дүкеннен ешнәрсе алмағанын еске түсірген олар сол сақинаның тарихын сұрайды. Сөйтсе, Ақьота оны дүкен аралап жүргенде саусағына киіп, сол бойы ұмытып алып кеткен екен. Оны естіп, қуанып кеткен қос құрбысы да солай жасауға бел буады. Ертесі сол дүкенге арнайы кіріп, бір-бір қалта алтын алып, Мәнсия қолына бір алтынды былай тағып, кассаға жеткенде сасқалақтап тұрып, ақшасы төленген алтындарын ұмытып кетеді. Оны сатушы түрік қызы ескерткеннен кейін барып «аа, рахмет!» деп алады.
Расын айтсам, мен бұл жерден ешқандай қызық көрмедім, бәлкім күлетін жерін білмеймін… Балалықпен ұрлаған да жаман ғой. Қазақтың соқталдай-соқталдай арулары, атақтары әудем жерге кеткен қыздары осындай қылық жасаса және оны көпшіліктің алдында мақтанышпен еске алса, онда қалғандарына не жорық? Жат жұртта қазақтың беделі онсыз да сын көтермейді, оған біздің әншілер барып отқа май құя түссе, не сорым?
Нағима Есқалиева да сұхбатында «Мен Иегова куәгерімін» деп мақтанады. Кім қай дінді ұстанса да ерік өзінде екенін білеміз. Бірақ, менің ол әншіге деген көзқарасым мүлде өзгеріп кетті қазір…
Ел алдына шыққан адам қыл арқанмен келе жатқандай әр қадамын байқап басуы керек деп ойлаймын.

Read Full Post »

Күллі әлемді жаратқан АЛЛА-Тағала еркіндікті де жаратыпты. Оны кімге берсем деп ойлана отырып «Тіршілік содан нәр алады, бәрін көтерсе де қыңқ демес қара нарым ғой, осы еркіндікті Жерге беріп көрейінші» десе, қара Жер: «Жоқ, АЛЛАм, маған оны бере көрмеші? Сол еркіндікті иеленем деп, паңданып, пендешілікке салынып, бір сәт орбитамнан шығып кетсем қандай масқара болмақ! Мен оның жазасын тартқым келмейді!» – депті. Сосын АЛЛА ол еркіндікті екеніші алып – тауға сывйламақшы болады. Сонда көк аспанмен таласатын тау да «Жоқ АЛЛАм, маған бере көрмеші? Мына алып денеммен сен жаратқан жаратылыстың бір пұшпағын құртып кетуім мүмкін ғой. Тозақ отына өртенгім келмейді пендешілікке салынып!» – депті. Ағаштар да: «Біз бір ӨЗІҢДІ мәңгілік зікір етіп тұра берейік! Еркіндікке ие болып қатты діңгегімізбен әлдекімді ұрып, әлдекімге зәбір көрсетсек, оның айыбын өтеу қиын біз үшін!» – деп жалбарыныпты. Еркіндік мәселесі Адамға келгенде ол еш ойланбастан: «Жақсы, АЛЛА-Тағала! мен ол еркіндікті алғым келеді» – деп алған екен дейді. Сол күннен бастап басқа күллі жанды-жансыз тірлік өздері қалаған еркіндіксіз ғұмырға ие болса, адам баласы еркін өмір сүріп келеді екен. Ол не істеймін дейді – өз еркі. Осы еркіндікті сіз қалай пайдаланып жүрсіз?

Read Full Post »