Бүгін сенің туған күнің…
Сыртта құйып тұр жауын.
Терезеге жақын келіп, жаңбыр үнін тыңдадым.
Тамшы асығып, тырс- тырс тамып, салып жатыр есіме,
Өткен күндер ырғағын.
Ғұмыр кешіп жатырмыз біз адам айтса сенгісіз,
Бір күніңнің алданышы бір күніңе бергісіз…
Тасқа сіңген тамшы сынды белгісі жоқ сол күндер,
Қалай өтті белгісіз.
Бірде сен де тауысып ең көңілімнің тағатын,
Ақ таң күліп сен деп атып, сағат сен деп соғатын.
Таяп тұрып, табыса алмай кеткен шақта екеуміз,
Ақ қар жатқан болатын.
Содан бері жүрек үнін мылқау етіп, тілсіз ғып,
Махаббат деп жазылатын кие сөзді бір сыздық.
Содан бері сөнді бәрі, екеуміз де бөтенбіз,
Содан бері… үнсіздік.
Сол шақтарды еске алуға ақылдың жоқ түк халі,
Біз өмірді түсінбедік, өмір бізді ұқпады.
Бүгін сенің туған күнің…
Мен құттықтап қояйын,
Өзің көтер тұтқаны…
Есей Жеңісұлы
Менің ең жақын Құрдасымның туған күнінде ылғи жаңбыр жауады. Есімі де соған лайық 🙂
Аты кім ол құрдасыңыздың, байн? Қандай бақытты!!! АЛЛА бақытынан айырмасын! Мен жаңбырға масқара ғашықпын! 🙂
Нұрберген — есімі.
Әумин!
Көшеде қолшатырсыз жүргендерді көрсеңіз, ол — сен секілді, мен секілді жаңбырға ғашықтар 🙂
Баян, сіз де жаңбырға ғашықсыз ба? ! Қандай ғажп!!! 🙂 🙂 🙂
Құпия болмаса, кімнің туған күнінің құрметіне екенін білуге бола ма?
Құпия болғанда… Еш құпиясы жоқ, Баянжан. Жәй ғана ұнады, болды. Сосын сіздерге де ұнап қала ма деп енгізгенім ғой 🙂
Ұнап қалды.
Ұнап қалғаны үшін қуаныштымын! 🙂
Жалпы бар ғой, ғашық адамдармен, былайша айтқанда экс-бойфрендтермен дос болмау керек сияқты…
Оның туған күнін есінде сақтап, сол күнді ойлап, қалай құттықтасам болады, хат жазайын ба, смс жазайын ба, жоқ звондасам ба екен, әлде үйіне хабарласайын ба…
Бәрі сондай шиеленіскен, нервотрепка болып кетеді екен…
Кейде ойлайм да, күйеуге шығып, жігіт достар дегенді ұмытсам ба деп, туған күнімен құттықтамай қалсаң да азғырмайды, ей бала-шағалы болды ғой, – деп… :)))
Көбіне, достық махаббатқа ұласып жатады. Ал махаббаттың достыққа ұласқаны қиындау екен.
қиын сезім,
Содан бері жүрек үнін мылқау етіп, тілсіз ғып,
Махаббат деп жазылатын кие сөзді бір сыздық.
Содан бері сөнді бәрі, екеуміз де бөтенбіз,
Содан бері… үнсіздік.
осындай сәттерде тек жаңбыр тамшылары ғана тыныштық сыйлайтын сияқты
Есей агайдын олени керемет екен.
Өзі де керемет аға! 🙂
Әсерлі әдемі етіп жеткізе білген мықты өлең екен деп қояйын да кәнігі сыншыларша….
мына өлеңді оқыдым да көңілім құлазып кетті….
Бүгін сенің туған күнің…
Мен құттықтап қояйын,
Өзің көтер тұтқаны… дееееп отырмасақ болғаны…
:)))