Қазір біз жеті атамызды білмесек те, қай әншінің қандай әні бар, тойдан қанша табады, қандай киімі қанша тұрады, не жейді, не ішеді, кіммен қыдырады, кімге өсек айтады – бұны білеміз. Әншілердің ән жаздыру мен сұхбат беруден қолдары тимейтінін, сондықтан кітап оқуға уақыттары жоқ екенін де жақсы білеміз. Кей әншілердің рухани жұтаңдығына қарап, қарның ашады. Не айтып отырғанына да есеп бермейтін сияқты. Бір кездері «Даала қандай болады екен?» деп әлдебір топпен бірге ән салған Мәнсия Боқанова деген әншінің сұхбатын оқып, тіпті таңқалдым. «Қызық оқиғаңыз?» деген сауалға берген жауабының ұзын-ырғасы мынандай:
Бірде Ақбота Керімбекова, Ләйлә Сұлтанқызы үшеуі Түркияға барады. Бір әшекей сататын дүкенге барып, кешке қонақүйге келеді. Әңгімелесіп отырып, Ақботаның қолындағы алтын сақинаны көреді. Оның қолында ондай сақина болмағанын, мана да дүкеннен ешнәрсе алмағанын еске түсірген олар сол сақинаның тарихын сұрайды. Сөйтсе, Ақьота оны дүкен аралап жүргенде саусағына киіп, сол бойы ұмытып алып кеткен екен. Оны естіп, қуанып кеткен қос құрбысы да солай жасауға бел буады. Ертесі сол дүкенге арнайы кіріп, бір-бір қалта алтын алып, Мәнсия қолына бір алтынды былай тағып, кассаға жеткенде сасқалақтап тұрып, ақшасы төленген алтындарын ұмытып кетеді. Оны сатушы түрік қызы ескерткеннен кейін барып «аа, рахмет!» деп алады.
Расын айтсам, мен бұл жерден ешқандай қызық көрмедім, бәлкім күлетін жерін білмеймін… Балалықпен ұрлаған да жаман ғой. Қазақтың соқталдай-соқталдай арулары, атақтары әудем жерге кеткен қыздары осындай қылық жасаса және оны көпшіліктің алдында мақтанышпен еске алса, онда қалғандарына не жорық? Жат жұртта қазақтың беделі онсыз да сын көтермейді, оған біздің әншілер барып отқа май құя түссе, не сорым?
Нағима Есқалиева да сұхбатында «Мен Иегова куәгерімін» деп мақтанады. Кім қай дінді ұстанса да ерік өзінде екенін білеміз. Бірақ, менің ол әншіге деген көзқарасым мүлде өзгеріп кетті қазір…
Ел алдына шыққан адам қыл арқанмен келе жатқандай әр қадамын байқап басуы керек деп ойлаймын.
Әнші әдебі немесе Мәнсия Боқанова «ұры» ма?
Тамыз 4, 2009 авторы Ainameken
Мдааа… сұмдық екен мыналары енді…
Бірде телдидардан Шахизада деген әнші бар ғой, сол гримерымен ұрсысқанын көрсеткен. Сонда қарыз ақшасын қайтармаған гримерға «Желкеңнен шықсын!» деп сіленгенін қайтесің? Көзім бақырайып кетті… Дардай аты бар, елге танымал әншінің мұндай ісі енді тіпті жарасымсыз болды…
Сосын ана Арнау тобындағы әнші Жанардың да қылығы. Рахат телеарнасында тікелей эфирде (!) болып жатқан сұхбатынан тұрып, кетіп қалған. Сонда оған жанындағы Нұржан Керменбаевтың жауабы ұнамай қалыпты. Яғни, Нұржан өтірік айтты деп, мен соған ренжіп, кетіп қалдым деп кейін сұхбатын оқыдым.
Қандай масқара! Бүкіл халық оны тыңдап отыр, тіпті телевидение сыйлап, оларды тікелей эфирге шақырды. Жәй ғана ақылсыздықтың кесірі ғой осы… Басында сәл де санасы болса дұрыстап, Нұржанның сөзін жөндеп жіберер еді сол жерде… кетіп қалмай-ақ…
Кейде әдейі жұрт назарын аудару үшін де осылай істейді. Бірақ бәрібір оғаш көрінеді. Қарғағаны тіпті жаман екен! Мұны «мінезсіз адам болғысы келмейтіндігімен» түсіндіреді
дегенмен, олар да адам ғой. жұлдыз ғып жасайтын да өзіміз, кейін оғаш қылығы үшін сөгетін де өзіміз.
Жанарды да түсінуге болады. Кейде тұрып кетуден басқа амал қалмайды. Біреуге бір нәрсе түсіндіру осыншалықты қиын болатын кездер аз емес. Өткендегі ғана, қателеспесем, Давостағы форумда Израиль мен Америка басшылығына наразылық ретінде / сөз тыңдата алмағандығынан мәдени Түркиянің Премьері де орнынан тұрып кеткен жоқ пе еді? Сен Жанарды айтасын.. ол форумды бір мемлекет емес, күллі әлем бақылап отырды.
Сосын, сол Жанарымыз Нұржанға өз ойын жеткізем деп дауласса, сөзден сөз шығып, дау одан әрі өрбиіп.. сонында бәрібір ел сол Жанарды сөгер еді «қыз басымен..» деп тұрып..
ешкімді «жұлдыз» қатарына қоспау керек, бәлкім сонда бәріміз адам болып қала береміз.
Мәнсияның бұл сұхбатын «Жұлдыздар отбасынан» мен де оқып, жағамды ұстағам.
Мәдениет деген қолдан жасалатын емес, тәрбиемен келетін нәрсе.
Келісемін!
«Жұлдыздар отбасы» Караванның арғы-бергі жағы ғой. Ойдан қосып жазу, біреуге жала жабу қазақ үшін де норма болды ма деп қорқамын.
Бір білерім, ол журнал кім не дейді, үтір, нүктесіне дейін, қате сөйлемдеріне дейін тура солай жазады. Және олар бұл оқиғаны «қызық әңгімесі» деген айдармен беріпті. Оқыдым да, таңқалдым. Намысым келді. Ұрлық қызық оқиға бола алмаса керек. Және бұл әңгімені Ләйлә Сұлтанқызы Шымкенттегі бір концертте де айтыпты. Жұрт Мәнсия сахнаға шыққанда мойнындағы үлкен алқасына қарап күліпті. Менің мақсатым – шоу жасап, не дау туғызып, ұпай жинау емес, аз да болса, ел алдына шығатындар мен шыққандар не айтатынын ойлап алса ғой деген ниет.
Ләйлә Сұлтанқызы, Шахизада, Мадина Сәдуақасова, Роза Бағланова, Нағима Есқалиева, Медеу Арынбаевтардың сұхбаттары ацтой!
Жеке ойым. 😀
Майра Ілиясованы да қосар едім
ияя, соз жок маскара гой..
Акбота мунда нагыз уры, дени сау адам колына таккан сакинасын билмей калушы ма еди?
Ұры деуден аулақпын. Меніңше, ол қайтарып беру керек еді. Сонда абыройы асқақтар еді. Еркелік, еркіндіктің де шегін білмеу ме деп те ойлаймын
Ақбота маған ұнайды. Сұхбаттары да ұнайды. Тек, осы қылығы ғана аздап көңілімді қалдырды.
Жаратқан біреудің жазғанына/айтқанына сеніп, ой қалыптастырудан сақтасын!
осы ғой
осы біздің әншілердің сұхбатын оқысың не ішің пысады не мынадай топас нәрселерді әңгіме деп айтад
Эльвира, бәрібір бұл екі зат салыстырылмайды. Түркияның премьерінің жасағаны, ол тіптен басқа мәселе.
Ал Жанардыікі, меніңше жәй шоу жасау, ертең бәрі осыны айтсын, бәрінің аузында мен жүрейін деген сияқты. Дегенмен де ол жерде қайдағы бір махаббат мәселесі орын алған. Ал олар алып, сол жерді Дом-2 етіп жіберді. Бұл елге қандай жағымен жағымды? Соны көргендер ертең, а осылай дұрыс екен деп, дүйім халықтың алдында тұра берсе не болмақ? Ол да адам, әрине, бірақ сол адами тұрғыда ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білу керек деп ойлаймын.
«меніңше» деп дұрыс жаздын, Ақзере. қанша айтқанмен, біреудің ішіне кіріп туралығын көре алмаймыз ғой.
ал ана «ертең көргендер» бар ғой, олар да негізі Жанар сияқты «ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін» білетін шығар. Біреуідің «ерсі» деп түсінген қылығын көріп, адами саналарын жоғалтпайды деп сенейік.
негізі мен Жанарды да, Арнау тобын да танымаймын. жай ол да бір қазақтың қызы ғой дегенім болмаса…
Бауырлар адам етін жемейік. Әркім өзі үшін жауап береді ғой…
Хз. Әнәс бин Малик (р.а) түсіндіреді:
Пайғамбарымыз (с.а.c) былай айтты:
– Миражға көтерілген түні, тырнақтары мыстан болған адамдардың жанынан өттім. Бұл адамдар, тырнақтарымен беттері мен кеуделерін тырнап жатты.
Пайғамбарымыз (с.а.c):
– Ия Жәбраил! Бұлар кімдер? ,-деп сұрады.
Жәбраил (а.с):
– Бұлар, ғайбат айтып, адамдардың еттерін жегендер, -деп жауап берді.
(Ахмәд, Әбу Дәуд)
Мен өзгелер де ойлана ма деген мақсатта жазған едім…
«Ел алдына шыққан адам қыл арқанмен келе жатқандай әр қадамын байқап басуы керек.» (!) мықты айтылған. бір-ақ ауыз сөзбен жақсы түйіпсіз!