Мұң торласа беймаза көңілімді,
Көңілімді…өксікті өмірімді,
Жақұт терген сияқты жатып алып
Тергім келіп тұрады нөміріңді.
Сыбыр да өшкен заматта,
күбір де өшкен,
Тергім келіп тұрады кідірместен.
Жүз сегіз ай кеудеме кіріп алып
Беу, Перизат, құпия ғұмыр кешкен!
Күйзелісін жанымның жасыра алмай
Терсем болды, аспаным ашылардай!
Дерттей болған дауасыз, серттей болған
Ішімдегі өрт бір сәтке басылардай.
Cары алтындай бергенмен сабыр Тәңір,
Үздігемін тергім кеп дамыл-дамыл…
Бағынбастан шартты бір ұғымдарға,
Бағынбастан айла мен ақылға дүр.
Мұң торласа беймаза көңілімді,
Гүл ететін өксікті өмірімді –
Жақұт терген сияқты жатып алып
Тергім келіп тұрады нөміріңді!
Дәурен Берікқажыұлы
Телефоннан өшірсем де, әттең, бірақ
Жатқа білем бәрібір нөміріңді… (с)
әл солай! Қиын болса да, сол сандардың жатталып қалатыны қызық
Тергің келсе де термеу керек 🙂
Әрине, Баянжан 😦 😦 😦
қазір бір жапонша әң тыңдап жүрм
ондағы сөздері
«қоңырау келсе, (дисплейде) сенің атың шыға ма деп үміттеніп қаламын,
сүйткен беспонтовый күндер өтуде..»
«беспонтовый күндер» 😀
ойлай берсең – тергің келе береді. көңілді басқа нәрселерге аудару керек. жедел түрде. сосын қандай сүйдім-күйдім болсаң да, ұмытып кетесің. бәрі өтпелі.
5-ақ күндік ғұмырдың 3 күнін оймен, мұңмен өткізбе дейсіз ғой, рас! 🙂
Бұл өлеңді жазып отырған адам қыз болса мейлі екен…
Тергің келді ме, Тер. Ар жағы сосын белгілі болады.
Соны да проблема қылып.
🙂
😀
«Кімді жақсы көрсең, сол адамды жақсы көр, бірақ ол адамды да бір күні қалдырып кететініңді ұмытпа» деген. Сосын, кімді жақсы көрсең, күллі санаң сол адаммен әуре болады деген. Өлең соның рас екенін айғақтап тұр 🙂
Терсе, »Шығып кеткен» деп тұрмасын.
Телефонға сақтап, сақтамай әуре қылдырмай, жақсы көретін адамның бүкіл нөмірлерін саған бағынбай жаттап алатын жүрекке не шара…әтеең… мен оның жұмыс,үй,жеке нөмірлерін былай қойып, сенбі күндері жұмысқа киетін футболкасындағы 8668 деген нөмірді де жаттап алғам, миым компьютер емес, очистить корзину қылатын…. әттең…