Feeds:
Жазбалар
Пікірлер

Archive for Тамыз 11th, 2009

http://groups.google.com/group/rasulullahkz

Осы сайтқа жазылғалы бері маған күнде хадистер келеді. Әртүрлі ғибратты сөздер тамшы сынды жәй-жәй тамып, ойыңа, бойыңа сіңіп жатса, тек АЛЛАға тәубе айту керек болар. Өткенде жолда келе жатып, Қазақ радиосынан естіп қалдым:
Бұхари (р.а) хадис жинағанда оның сахихтығына ерекше көңіл бөлетін. Құлшылықтың жоғары шыңына шыға білген ғалым бір жерде хадис бар дегенді естісе, сол жерге арнайы ат шалдырып іздеп барады екен. Бірде сондай бір хадисті естіп, сол адамды іздеуге шығыпты. Әлгі адамның мекен-жайы өзгеріп кеткен екен, ол сол жаққа іздеп барыпты. Ұзақ қиыншылық көріп, әрең таптым-ау дегенде ол хадисті әлгі кісі басқа бір адамнан естігенін айтады. Екеуі бірлесіп соған бармақ болады. Ана кісі «моһ-моһ» деп атын шақырады. Бухари ат дорбаға көзқиығын салса, бос екен сонда ғалым: «Мына адам өз атын алдап тұр, бұл қалай сахих хадис айтпақ?!» деп, өз жөніне кетіпті дейді. Осы мысалдан талай нәрсені алуға болады. Мен де өзіме келген көп хадистің біразын сіздерге ұсынайын. Жоғарыда көрсетілген сілтемеге кірсеңіз, қазақша хадистердің мол топтамасына тап боласыз. Соны жасаған адамдарға, жинағандарға, бәріне-бәріне АЛЛА разы болсын!!!
Әбу Бәкір Сыддықтан (р.а) риуаят етілген хадисте Хазреті Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алейһи уә сәлләм) айтады:
«Кімде-кім таңертең тұрғанда күнін Аллаһқа мойынсұнып өткізуге ниет етсе,
сол күнін Аллаһ тағала оған сауаптан толтырып, жасаған күнәларын кешіреді.» (Дәйләми)
Мұсылманның ниеті амалынан қайырлы. Таңертең Аллаһтың атын
еске алып, сол күнін Өзіне мойынсұнып өткізуге ниет ететін болса, мейірімі
шексіз Аллаһ тағала бұл ниеті үшін, сол күннің тұтасын сауап ретінде жазып
қояды.
* * *
Абдуллаһ ибн Бусрдан (р.а) риуаят етілген хадисте Хазреті
Пайғамбарымыз (саллаллаһу
алейһи уә сәлләм): «Кім күнін жақсы нәрсемен бастап, оны жақсы нәрсемен аяқтаса, Аллаһ
періштелеріне:
– Осы екі жақсылықтың арасында істелген күнәларды бұл құлымның атына
жазбаңдар, -деп бұйырады.» (Табәрани/Кәбир)

* * *
Ибн Аббастан (р.а) риуаят етілген хадисте Хазреті Пайғамбарымыз (саллаллаһу
алейһи уә сәлләм): «Үмметімнің бұзыла бастаған уақытында, кімде-кім менің сүннетімді ұстанса,
жүз шейіттің сауабын ала алады.» (Бәйһақи, Табәрани)

* * *
Хазреті Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): «Аллаһтың алдында Оны көріп тұрғаныңдай құлшылық қыл, сен Оны көрмесең де Ол
сені көріп тұрады.» (Бухари)

* * *
Ибн Омардан (р.а) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи
уә сәлләм): «Бір адам дұғасының қабыл болуын және қиыншылықтан құтылуын қаласа,
таршылыққа ұшыраған адамға жәрдем етсін.» (Ибн Әбиддуния)

* * *
«Мына екі сипат мұсылманның бойында болмайды: сараңдық пен жаман мінез.» (Тирмизи)

* * *
Бір күні Пайғамбарымыздан (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): Жаннатқа баруға ең күшті себеп не?, -деп сұралғанда, Ол:
– Аллаһтан қорқу және жақсы мінез, -деп жауап берді. ( Муснәд)

* * *
Хазреті Әнәстан (р.а) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә
сәлләм): «Ер немесе әйел болсын, күніне жетпіс рет истиғфар еткен* құлының Аллаһ жеті
жүз күнәсін кешіреді.» (Дәйләми)
* кешірім тілеген

* * *
Әдия ибн Хатим (р.а) риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз (саллаллаһу
алейһи уә сәлләм): – Бір құрманың жартысын (садақа етіп) берумен болса да, тозақ отынан
сақтаныңыздар. Егер сіздерден біреу бұны да жасай алмаған болса, ең
болмағанда бір мұсылман бауырын қуантатын сөз айтсын, – деген. (Имам Бухари)

* * *
Әдия ибн Хатим (р.а) риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз (саллаллаһу
алейһи уә сәлләм): – Бір құрманың жартысын (садақа етіп) берумен болса да, тозақ отынан
сақтаныңыздар. Егер сіздерден біреу бұны да жасай алмаған болса, ең
болмағанда бір мұсылман бауырын қуантатын сөз айтсын, – деген. (Имам Бухари)

* * *
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): «Раббысын еске алатын мен Раббысын еске алмайтынның мысалы өлі мен тірідей.» (Имам Бухари)

* * *
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): «Ұят жақсылықтан басқа ешнәрсе әкелмейді.» (Имам Бухари)
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): «Кімде бір мұсылман бауырының өзіне немесе бір нәрсесіне жасаған қиянаты бар
болса, динарлар мен дирхамдар табылмайтын күн (ақырет күні) келмей тұрып,
одан кешірім сұрасын. Әйтпесе, егер жақсы амалы бар болса жасаған қиянатының
мөлшерінде оның сауабынан алынып жәбірленген адамға беріледі. Егер жақсы
амалы жоқ болса жәбірленушінің жаман әрекеттері алынып оның мойнына
жүктеледі.» (Имам Бухари)

* * *
Хазреті Жәбирдан (р.а) риуаят болған хадисте Пайғамбарымыз (саллаллаһу
алейһи уә сәлләм) айтты: «Хақ сөзден (ақиқаттан) артық садақа жоқ.» (Табәрани)

* * *
Хазреті Жәбирдан (р.а) риуаят болған хадисте Пайғамбарымыз (саллаллаһу
алейһи уә сәлләм) айтты: «Хақ сөзден (ақиқаттан) артық садақа жоқ.» (Табәрани)

* * *
Әбу Һурайрадан (р.а) Аллаһ Елшісі (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): – Жұма күні белгілі бір уақыт бар. Мұсылман адамның оқып жатқан намазы осы
уақытқа тура келіп қалуы қиын, бірақ-та тура келіп қалса, сол адам Аллаһ
тағаладан бірер нәрсе тілесе тілегі қабыл болады»,- деді.
Пайғамбарымыз (с.а.с) осы уақыттың өте қысқа екенін қолымен ишара етіп
көрсетті. (1)
Әбу Бурда ибн Әбу Муса әл-Әш’ари (р.а): Әкем Аллаһ Елшісінен (с.а.с) былай естігенін айтты: «Ол уақыт – имамның мінберге отырған уақытынан намаздың қылынған уақытына дейінгі уақыт арасы.»
(2)
(1) Бухари, Муслим
(2) Муслим
* * *
Хазреті Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): «Адамдарды құртатын жеті нәрседен қашыңыздар. Олар: Аллаһқа серік қосу,
сиқыр жасау, бір адамды орынсыз өлтіру, пайыз жеу, жетімнің ақысын жеу,
соғыстан қашу және мұсылман әйелге жала жабу.» (Муслим)

Read Full Post »

Сізді сүю

Сізді сүю –
Сізді көрмей тамсану
Өтіп кеткен жалқы сәтке шегініп.
Сізді сүю –
Сағынышты қарсы алу,
Естен танып,
Егіліп…

Сізді сүю –
Сізді көрмей сананы
Сансырату, сеніңіз.
Сізді сүю –
Көзбен өбу қаланы
Сіңіп қалған деміңіз.

Cізді сүю –
Сізді көрмей тағдырлы
Сөзге айналу, тіркеске.
Сізді сүю –
Азап шегіп сан түрлі,
Жанып кету бір кеште!

Сізді сүю –
Сізді көрмей тамсану
Өтіп кеткен жалқы сәтке шегініп.
Содан кейін
Сүйемін деп жар салу,
Үнсіздікке көміліп.

Дәурен Берікқажыұлы

Read Full Post »