Баяғыда бір Мәңгілік деген патша болыпты. Оның атына сай сол патшалықты да Мәңгілік патшалығы деп атапты. Ол сондай әділетті, халқына жаны ашитын, елінің өнер кенішіне, адамдық үлгісіне айналғанын қалайтын патша екен. Бірде Мәңгілік патша өз елінің тұрғындарын Өмір атты шеберге жіберіпті. «Өмір өнерлінің тігшіп берген киімін киіп келіңдер. Сосын жаңа дәуір, жаңа күнді қарсы аламыз. Кімнің киімі ең әдемі, ең көркем, ең қымбат болса, ол менің жақсылығыма кенеледі» деп. Бір қызығы, Мәңгілік патша «тұрғындарым келген соң олардың ақылдарына қарамаймын, олардың жандарына қарамаймын, киімдеріне назар саламын» депті. өмір атты шебер қарияның бір ерекшелігі – ол киімді маталардан тікпейді екен. Адам болмысындағы қасиеттеріне, мейірім, ақыл, біліміне, жақсылықтарына қарай отырып, сол ізгіліктерден жарқыраған көйлек, шапан тігеді екен. Кімнің адамдық болмысы ерекше жоғары болса, оның киетін киімі де соғұрлым көркем, тағынатын әшекейлері де сондық қымбат тұрады екен. Мәңгілік патшалығының тұрғындары әлі де үздіксіз келіп жатыр. Өзіне лайықтап киім тіктірген тұрғындар патшалыққа қайтып оралып жатыр. Расында, ол киімдерді тігетін Өмір тігінші емес, адамдардың өзі екен. Өмір тек үйретуші, басқарушы ғана. Әрине, сан миллиардттаған адамдардың киімін жалғыз өзі қалай тігіп бітірсін?! Күнделікті күйбең тірлікте жүріп, қандай жақсы істер жасаса, сондай көркем киімдерге ие болады олар. Мейірім тау-теңіз адамдардың киімдеріне жақұт көп тағылса, әділ адамдардікіне гаухар, мінезі жібектей жандардың киімдерінің батасы жібектен тігіледі екен…
Бұл ертегінің соңы әлі жазылмады, құрметті оқырман. Өйткені, ¬Өмір қарттың жұмысы әлі тоқтаған жоқ, адамдар легі әлі толастаған жоқ…
Кәмшат
Пікір қалдыру