Көзіңде мұң, көңілің алабұртып,
Сен де, білем, шаттанып жүрген жоқсың.
Жанарыңда жасыңды әрең іркіп,
Сәл жымиып, суретте күлген бопсың.
Қайтсем сені бақытты етеді екем?
Аққа Алла жақ деген бекер ме екен.
Бар байлығы дүниенің менің үшін –
Сенің мұңсыз күлкіңе жетер ме екен?!
Қайтсем сеі бақытты етеді екем?!
Сен пәксің, аққудай, шағаладай,
Қиналдың-ау қона алмай жағаға жай.
Өңкей жаман анталап жан-жағыңнан
Аяламай қор қалды-ау, бағаламай.
Сен бір ғажап, сұлусың сұрақ мүсін,
Сұлулығы жаныңның қуат күшің.
Сен бақытты боласың
қара да тұр.
Себебі сен арлысың,саналысың,
адалдардың ішінде адалысың.
және де тұрақтасың.
Сен бақытты боласың,
сәл күте тұр…
Гүлжан Рүстемова
Екеуміздің талғамымыз ұқсас шығар, бірақ бір уақытта осы өлеңді жариялағанымыз сондай қызық болып тұр.. :))
Расында да, қызық болды. :). Бір досым осы өлеңді жазыпты, екі шумағын. толық нұсқасын таба алмай жүргем, «Жанымның жазба нұсқасы» қауымдастығынан осы өлеңді тіркеген қызға АЛЛА разы болсын, осы керегімді тауып берді. Расында да, әдемі, нәзік өлең, иә, Ақзере :). Гүлжан Рүстемоваға ерекше рахмет 🙂
Мен атын білмей әуре болып едім. Гүлжан Рүстемова деген ақын барын біле жүрерміз енді. 🙂