Бірде бір кісі (кейде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) деп те айтылады) келе жатып, тау арасымен өтіпті. Түн мезгілі болса керек. Сонда жанында келе жатқандарға:
«Аяқтарыңның астында жатқанды тергендерің де өкінесіңдер, термегендерің де өкінесіңдер», – депті. Оны естіген бәзбіреулері: «Ақыр өкінеді екенбіз, теріп керегі не?» – деп ойлапты. Енді бір тобы: «Термей өкінгенше, теріп өкінейік те» – деп біреу бір дорба, біреу жарты дорба, енді біреулер қап—қап қылып жинап алыпты. Ертесі тұрып қараса, тас дегендері алтын екен. Сонда жинамағандар «неге жинамадық?!» деп өкінсе, жинағандар: «аз жинап қалғанымызды қарашы!» деп өкініпті дейді.
P.S. Бұны айтып берген Қайнар: «Адам о дүниеге барғанда намаз оқымаса, «неге оқымадым» деп, оқыса, «неге аз оқыдым!» деп өкінеді» деген түсініктеме де берген еді.
Бас жағын оқып келе жатқанда неге екені Алтынсариннің «Таға мен Шеге» хикаясы есіме түсе кетті. 🙂
Қазір жұртқа «намаз оқы!» деп айтуға қатысты уағыздар шынымен де күш алып келеді. Бірақ кей кейде қоғамда намаз оқитындар көп болғанша, иман келтіргендер көп болса ғой деп ойлаймын.
Егер де ілмек бойынша оқысақ, «аяқ асты, теру, термеген өкіну» деп, онда еш күмәнсіз сол кісінің шығармасын айта беруге де болады екен :).
… Иман келтіріп, намаз оқитындар көп болсын!!! 🙂 ИНШАЛЛАХ!
Иә бұл жазбаның бұрын Түркияда жүргенде түрікшесін оқып едім. Әрине мұсылмандар саны күннен күнге артып бара жатыр. Моңғолияда моңғолдар мұсылман дініне көптеп кіріп жатыр.
МАШАЛЛАХ!!! Бұл қуанарлық жағдай екен!!! Рас, қазір иманға зер салғандар көп! Шүкір АЛЛАға!
Ассалаумағалейкум. Расында біз көп жағдайда намаз оқы деп уағыз айтқанмен, сол намазға апаратын жол- иманды түсіндіруді ұмытып кететін сияқтымыз. Исламның ең бірінші талабы, ол- иман келтіру. Иман дұрыс болмаса оның оқыған намазы тек жаттығу болып қалмақ. Ондайдан бізді Алла сақтасын. Жүрегінде шаңның тозаңындай иманы бар адам түбінде жәнаттық болады. Иншаллах.