Айдын қылып ауаны кешіп кетіп барады
Барған сайын бағасы өсіп кетіп барады
Біреу жетіп қарады, біреу өтіп қарады
Арман біткен арумен көшіп кетіп барады
Күллі ырғақты бір өзі, алып кетіп барады
Күл қалмады демесең, жанып кетіп барады
Қалқан құлақ бір бала, әлсін- әлсін күрсініп
Әлденеге әйтеуір налып кетіп барады
Бұл дүниені бір өзі бар қып кетіп барады
Бар қылғанын қайтейін, тар қып кетіп барады
Алыстағы жақыным, жақындағы алысым
Басқан ізін бара алмас, жар қып кетіп барады
Мас мұңайып мастығын жасырғысы келеді
Жас жалаңдап бағасын асырғысы келеді
Бір күлімдеп қараса, Күнекей қыз бұрылып
Еркек біткен алдында, басұрғысы келеді
«Ертегіден келген қыз, болар бәлкім ақылды
Құрметтейді батырды, не болмаса ақынды…»
Деді дағы бір бейбақ қалам ұшын тістеді
Деді дағы бір бейбаќ оны оңаша шақырды
Ертегіден келген қыз, біз осындай елденбіз
Көрсе қызар көңілдің, көшін бастап келгенбіз
Саққұлақ та өзіміз, желаяқ та өзіміз,
көл таусардың көзіміз,
Дей тұрғанмен сенбеңіз, «жау келеді қай жақтан»
дегенім де кеше мен
Саққұлағым жерге емес, сөзге құлақ төсеген
Желаяқтың бұл күнде, көлік міну арманы
Барады әне теңселіп, таусоғарым көшемен
Сен солардың біріне кез боларсың түбінде
Серттесерсің, дүние ай, болар екен күнің не
Қайдан, қалай тап болдың, онсыз да тар бұл маңға
Қалай, қайтіп қияйын, ертегімді бүгінге
Ертеңіне сақтаған, елдің тұнық айдыны өзің едің,
егіліп, шер төгерсің қай күні
Ертегіден келген қыз, ең ерекше күнде де
Біртүрлі елміз біз деген, ән салатын қайғылы
Арман, нала, мұң, күйік, әнмен бәрін айтамыз
Соқа басты сорайтып, сосын үйге қайтамыз
Біртүрлі елміз, біз деген, біртүрлісіз сіз дер ем
Іздегенің біз болсақ, қош келдіңіз, байқаңыз,
Ертегіден келген қыз…
ЖАРАС СӘРСЕК
Өлеңнің атауындағы «Ертегіден» деген сөзде екі әріптің орындары аусып кетіпті.)
Ол солай жазылады :))). Біздің «охран» бастықтары дәл сіз сияқты қырағы болса, шіркін!!! :). Рахмет сізге!
Бұл Жарас Сәрсек деген не дейді өзі?
Түсіндіріп беретін адам бар ма?
Біріншіден, «Бұл» демеңіз. жарай ма? Ол кісі өте тамаша жан. Ақындығы бір төбе, адамдығы бір төбе!
Сосын…, Құрымбай бей, 🙂 сіз бала күніңізде ертегі тыңдадыңыз ғой, соларды еске алсаңыз, оп-оңай түсінесіз 🙂
Қоеее, сенің осындай нәрселерге қызығушылығың бар дегенге сенбес ем?!….
🙂 солай ма? Онда сеніңіз 🙂
Жарас аға Сәрсекті сондай жақсы көремін…өлеңдерін де, өзін де….