Шыда, шыда,
Шыдай түс, шыда тағы!
Шыдамдыны мына өмір ұнатады.
Үміттің құлан иек құба таңы
Әйтеуір, бір атады, бір атады.
Өкінбе,өкпелеме
Бүгініңе
Өмір, өмір!
Болмайды түңілуге.
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып қақың бар жүгіруге.
Түсінемін жаныңның ауырғанын,
Шыдадың ғой, шыдай түс, дамылдағын.
Иогтардың тәсілін қабылдағын,
Басқасына бас ұрып табынбағын.
Шыда, шыда
Шыдай түс, тағы шыда,
Тау құлатқан тасқынның ағысына.
Кір жуытпай кіршіксіз намысыңа,
Қарысуға болады, алысуға…
Мұқағали Мақатаев
Шыда
Қазан 4, 2009 авторы Ainameken
«Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге»
Жігер беретін осындай өлеңдер ұнайды. Рахмет!
Шыдамдылық – ең жақсы жеңіс дей ме? Жігеріміз жасымасын, ИНШАЛЛАХ!!!
Мұқағали ағамызға да, Айна мекен саған да рахмет.
АЛЛА разы болсын, Моти!!! 🙂
Мен енді тек осындай өлеңдерді тыңдап, оқып жүру керек екенмін. Аллаһ сабыр берсін бәрімізге.
Ия, солай етіңіз! 🙂 Сіз онсыз да жігерлісіз! 🙂
Осы өлеңді оқығаннан кейін біраз жігерленіп қалдым. Осындай өлеңдерден көп болса екен.
ия, менің көңіл күйіме дәл келіп тұрғанын қарашы…
Шыдамнын да шеги бар…
Шыдамдылық танытқан, шегі келді екен деп, ашуға булықпаған жанның да алатын сыйлығы бар. Солай ма, Айкажан? 🙂
Бәрінеде шыдаймын
🙂 қандай жақсы сөз! АЛЛА осындай жақсы қасиеттріңізді үстемелей берсін!!
Сабыр түбі сары алтын…
Жигерлендиретин осындай олендер окыгыларын келсе, Кадыр Мырза Алини окуга кенес беремин.