Иман келтірген жанның жүзінде тыныштық бар. Кей кездері тіпті нұрланып тұрады. Тыныштық жан-тәнімен Құдайға берілген соң пайда болған. Ал нұрланып тұратын себебі, көпшілікке көріне бермейтін ақиқатты көре білуінде.
Айналасында болып жатқан оқиғаны діндарлар жүрексіз қабылдайды. Бәрі де солай болуы керек тәрізді. Жеңістің де, жеңілістің де дәмі бір. Қайғы ма, қуаныш па бәрібір. Бәрі де бір Құдайдың қалауы. Бәрі де өтпелі, өткінші. Януш Корчак сол иманымен жөйт бүлдіршіндерімен бірге газ камерасына енген. Жүзінен бір де бір қорқыныштың табы білінбестен Тереза ана Калькутта көшесіндегі жаураған жандарды бауырына басқан. Ал бірақ қазіргі көптеген діндарлардың жүзінен сол иманды көре алмайсың. Өкінішке қарай, көпшілікпен санаспайтын ұмсыныс пен сыртқы әлемнен бөлектену бар. Сақал жіберген жастардың өзеуреген болмысынан иман тыныштығы безіп кеткенін көрсетеді. Мүмкін олар жанын құрбан етуге дайын болар, бірақ иманның есебінен емес, оқшаулап, өзгергендіктен. Жүзінде иман жоқ, бірақ иманның топас көрінісі ғана бар.
Асқар Исабековтің блогындағы «Лицо верующего» жазбасының еркін аудармасы
minber.kz
Сілтемесін көрсеткеніңе рахмет.
Осындай жазбаны жазып, оны жарыққа шығарғандарға АРБ!!! Шексіз-шексіз!!!
Сендер сахабаларды көрсеңдер, оларды жынданған екен деп ойлар едіңдер, олар сендерді көрсе құдайсыздар деп ойлар еді деген екен бір ғалым. Және бір ғалым айтады сахабалар қайта келсе сендердің қағбаларынан басқа еш нәрсені танымас еді деп… Міне бұл біздің исламнан қанша алыстағанымызды көрсетеді…