Feeds:
Жазбалар
Пікірлер

Archive for Қараша 16th, 2009

Жақында бір танысымыз өз-өзіне қол жұмсады. Сабақты жақсы оқыған, білімді-ақ қыз еді. Тұрмысқа шығып, тойы өткен соң бір аптадан кейін әкесінің үйіне барып асылып қалыпты. Себебін ешкім де білмейді. Расын айтсам, естігенде не дерімді білмедім…
Бір әріптесіміздің группаласы болыпты. Ол жігіт ауқатты үйдің баласы екен. Оқуына төле деп берген ата-ана ақшасын өзге нәрселерге құртып, оқудың ақшасын төлемей әрі сабаққа келмей, мұғалімдер ауылына хабарласып, балаларын оқудан шығаратынын айтыпты. Оны естіген әкесі: «Мен ертең пойызға мінем, барған соң көресіні менен көресің!» депті. Оны естіген ұл бөлмесіне кеп шифонердің ішінде өз өміріне өзі қара бояумен нүкте қойыпты. Ұлын шарқұрып іздеген әке оның денесін ғана таба алды. Сол сәтте «өзім ғой, өзім ғой оны қорқытқан! Осы ақша құрып қалса да, ұлым аман болса игі еді!» деп егіліп жылапты…
Жылына бір миллион адам өзін-өзі ажалға «ұстап» берсе, осыдан 10 есе көп адам аты жаман әнрсенің «тұзағына» ілінеді екен.
Суицидтің себебін әркім әрқалай түсіндіреді. Бірақ, бәрі – өмірден шаршағандық деп баға береді. Суық өмірді жылытатын бір нәрсе бар, ол – мейірім болса керек. «Мейірімді болайықшы, бауырлар!»
Кәмшат

Read Full Post »

Сағынамын. Бір қалада жүрсек-тагы жырақпыз. Кездеспейміз. Сөйлеспейміз. Бірақ оның Алматыда жүргенінің өзі көңіліме демеу. Тіпті басқа қалаға кеткенін естісем, жүрегім салмақтанып, көңілім жабырқайды. Бірақ мен сол бақытты бағаламай жүр екем… Өткенде бір қызбен сырластық… Оның сүйіктісі бұл өмірмен ерте қоштасыпты… Ару оның әр қылығын, әр сөзін айтқан сайын жылады. Енді ешқашан көрмейді… Үмітсіз… Шарасыз… Тіпті «М-Агентін» де, «Мой мирін» де жоймапты. Суреттері, жазбалары, ол соткасына көшіріп берген әндері, смстері, хаттары бәрі-бәрі сақтаулы…Смс келетіндей, ауылға барсам көретіндей, тап қазір телефон соғатындай күтемін дейді… Бірақ…  Ал менің сүйіктім бар ғой… Жер бетінде ғой… Менде әйтеуір, бір күні көрем-ау деген үміт бар ғой… Шүкір Аллаға… Ару әңгімесін айтып отырғанда қоса жыладым, жүрегім шымырлап ауырды, ішім удай ашыды… Алланың қалауы, әрине… Шара бар ма? Оны одан ары жақсы көріп кеттім. Тіпті оған деген жүрек түбіндегі әлсіз де болса реніштерім түгел жуылып кетті… Дәл сол сәт оған хабарласып, даусын естіп, халін сұрағым келді, Кәмшат… Бірақ қара телефонды ашып, қайта жаптым… Әр намазда Алладан оның амандығын тіледім… Жалғанда болмашы нәрсе үшін қаншама жанды ренжіткенім, ренжігенім үшін қатты ұялдым…09.11.09

Сағат 23:21

Алматы..

Read Full Post »