Жақында бір танысымыз өз-өзіне қол жұмсады. Сабақты жақсы оқыған, білімді-ақ қыз еді. Тұрмысқа шығып, тойы өткен соң бір аптадан кейін әкесінің үйіне барып асылып қалыпты. Себебін ешкім де білмейді. Расын айтсам, естігенде не дерімді білмедім…
Бір әріптесіміздің группаласы болыпты. Ол жігіт ауқатты үйдің баласы екен. Оқуына төле деп берген ата-ана ақшасын өзге нәрселерге құртып, оқудың ақшасын төлемей әрі сабаққа келмей, мұғалімдер ауылына хабарласып, балаларын оқудан шығаратынын айтыпты. Оны естіген әкесі: «Мен ертең пойызға мінем, барған соң көресіні менен көресің!» депті. Оны естіген ұл бөлмесіне кеп шифонердің ішінде өз өміріне өзі қара бояумен нүкте қойыпты. Ұлын шарқұрып іздеген әке оның денесін ғана таба алды. Сол сәтте «өзім ғой, өзім ғой оны қорқытқан! Осы ақша құрып қалса да, ұлым аман болса игі еді!» деп егіліп жылапты…
Жылына бір миллион адам өзін-өзі ажалға «ұстап» берсе, осыдан 10 есе көп адам аты жаман әнрсенің «тұзағына» ілінеді екен.
Суицидтің себебін әркім әрқалай түсіндіреді. Бірақ, бәрі – өмірден шаршағандық деп баға береді. Суық өмірді жылытатын бір нәрсе бар, ол – мейірім болса керек. «Мейірімді болайықшы, бауырлар!»
Кәмшат
Суицид
Қараша 16, 2009 авторы Ainameken
Ия, қиын жағдай. Құдай басқа салмасын.
Имансыздық деп білемін өзін өлімге қиятындардың басты себебі.
АЛЛА сақтасын бұндай ажалдан!
Екі фильм көрдім суицид жайлы: «сердце на ладони» және «7 жизней». Тікелей суицид болмаса да, соның төңірегі.
Екі фильмде де адам өз өмірін басқа адамның/дардың өмірін ұзарту үшін қияды. Бір жағынан, неткен мейірімдік деп ойладым. Бірақ, осындай қылық дұрыс емес қой… мың жерден сенің ойың «ақ», «таза» болсын… білмеймін, басқа шешімдер қабылдау керек сияқты, басқа нұсқаларыды қарап…
Иманды болсын…
Салта, ол расында да ерлік. Ол фильмдерде басқаның өмірін құтқару үшін өзін өлімге байласа, оны ерлік деу керек шығар. ал, өзі үшін, өзгені ойламай өлімге қию…
Өмірден түңілуге болмайды…
Түңілу – «құтылуға» ұласпасын…
Иман кеткен жерде еш нәрсеге таңқалуға болмапйды… Әрине сыртан қарап баға беру оңай, бірақ өз-өзіне қол жұмсау аманатқа қиянат… Алла оларды кешірсін.
Бұл да тағдыр ма?
Бір кездері осы мәселеген жақсы бір талқылау болып еді Әлияның блогында, уақытыңыз болса оқып көріңіз http://arsenal777.wordpress.com/2008/09/16/%d0%be%d0%bb%d0%b0%d1%80-%d3%a9%d0%bc%d1%96%d1%80%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d2%9b%d0%be%d1%88%d1%82%d0%b0%d1%81%d1%83%d2%93%d0%b0-%d0%b0%d1%81%d1%8b%d2%93%d0%b0%d0%b4%d1%8b/
Ақзере, АЛЛА разы болсын сізге! Мың рахмет!!! Әлия қыздың блогынан көрдім. Жылайтын, жаныңды тоңдыратын тақырып…
Тағдыр деймісіз? Бірақ Алла адамға тағдырды күштеп берген жоқ қой… Алла әр істе сабырға шақырады және өзіне. Алланы таныған адам ешуақытта аманатқа қиянат етпейді. Қанша қиналсаңда, қанша азап шексеңде сабыр сақтау керек тәрізді. Осыған ұқсас медицинада өзінің жазылу мүмкіндігінен күдер үзгендерді дәрігердің келісімімен о дүниеге аттандыру бар емеспе? Бұл да сабырдың жоқтығы шығар… Әр нәрсенің дұрысын Алла біледі.
Осынын барине расында иман алсирегеннен жетеди. Сондыктан иманымыз кушейе берсин тек. Акымак болмайык.
Суицид бұл менің ойымша қазақ балаларының батысқа еліктеуінен деп ойлаймын.Олар кинолардан көрет ата-анасымен ренжисип асылып өліп жатқанын.Оны көретта олда солай өліп,қиыншылықтан қашып кеткісі келет.Бұл шыдамсыздардың ісі деп ойлаймын.Әрине дінге деген көз қарастары дұрыс болса өз өз-өзіне қол жұмсамас еді.Құдіреті күшті Алла Тағала қасиетті Құранда: «Өз – өздеріңді өлтірмеңдер (және соған апаратын бұзықтыққа бармаңдар). Расында (сендерді бұдан тыйған) Алла сендерге ерекше мейірімді», – дейді. («Ниса» сүресі, 29 – аят)Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әл – Бұхариден жеткен хадисінде: «Кімде – кім өзін темір қарумен өлтірген болса, ол тозақта әрқашан сол темірді көтеріп жүреді. Ал кімде – кім у ішіп өлетін болса, ол адам тозақта мәңгі у ішіп жүретін болады. Егер біреу өзін өлтірмек болып таудан құласа, ондай адам тозақта мәңгі құздан құлап бара жатады» – деген. Біздің кеудемізде жанымыз болғанымен оны өз еркімізбен қиюға хақымыз жоқ.Бұл барып тұрған ақымақтық.Бауырлар шайтанның азғыруына көнбейік!!!
Айтқаныңыз келсін! Бауырларымыз бұл жамандықтан ада болса екен!!!