Feeds:
Жазбалар
Пікірлер

Archive for Қараша 17th, 2009

Бір әңгіме бойынша Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) бір күні демалып отырған кезде кеудесінде жорғалап бара жатқан құмырсқаны алып лақтырып жібереді. Жәбірленген құмырсқа ашуланып: «Әй, Аллаһтың пайғамбары, сен маған аяушылық етпестен неге лақтырасың? Қиямет күні жер көктердің Иесі, жәбірленушінің ақысын зұлымдық етушіден алып беретін, әділдік Иесі Аллаһ Тағаланың алдында жауап беретіндігіңді ұмыттың ба?» – дейді. Құмырсқаның бұл сөзін естіген Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) есінен танып қалады. Сәлден соң есін жинап, құмырсқадан кешірім сұрайды. Сонда құмырсқа: «Менің үш шартымды орындамайынша, сенің жәбіріңді кешірмеймін», – дейді. Сүлеймен оның қандай шарт екенін сұрайды. Құмырсқа оған: «Біріншіден, бірнәрсе сұрап келген адамды бос қайтарма, өйткені сенен қайыр сұраушы шын мәнінде Аллаһтың саған берген кеңшілігінен сұрап келеді. Олай болса, оларды Аллаһтың кеңшілігінен қалайша тиясың? Екіншіден, осы дүниеде өзіңе берілген артықшылықтарға алданып, дандайсыма, жүрегің қатаяды. Саған бүкіл патшалықты берген Аллаһ Тағала екенін есіңде тұт. Үшіншіден, көмек сұрап келген адамнан қолыңнан келгенді аяма!» – дейді. Сүлеймен оған, «Аллаһ қаласа, бұл айтқан шарттарыңды орындаймын», – деп уәде береді.
http://www.akikat.kz

Read Full Post »