Бір әңгіме бойынша Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) бір күні демалып отырған кезде кеудесінде жорғалап бара жатқан құмырсқаны алып лақтырып жібереді. Жәбірленген құмырсқа ашуланып: «Әй, Аллаһтың пайғамбары, сен маған аяушылық етпестен неге лақтырасың? Қиямет күні жер көктердің Иесі, жәбірленушінің ақысын зұлымдық етушіден алып беретін, әділдік Иесі Аллаһ Тағаланың алдында жауап беретіндігіңді ұмыттың ба?» – дейді. Құмырсқаның бұл сөзін естіген Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) есінен танып қалады. Сәлден соң есін жинап, құмырсқадан кешірім сұрайды. Сонда құмырсқа: «Менің үш шартымды орындамайынша, сенің жәбіріңді кешірмеймін», – дейді. Сүлеймен оның қандай шарт екенін сұрайды. Құмырсқа оған: «Біріншіден, бірнәрсе сұрап келген адамды бос қайтарма, өйткені сенен қайыр сұраушы шын мәнінде Аллаһтың саған берген кеңшілігінен сұрап келеді. Олай болса, оларды Аллаһтың кеңшілігінен қалайша тиясың? Екіншіден, осы дүниеде өзіңе берілген артықшылықтарға алданып, дандайсыма, жүрегің қатаяды. Саған бүкіл патшалықты берген Аллаһ Тағала екенін есіңде тұт. Үшіншіден, көмек сұрап келген адамнан қолыңнан келгенді аяма!» – дейді. Сүлеймен оған, «Аллаһ қаласа, бұл айтқан шарттарыңды орындаймын», – деп уәде береді.
http://www.akikat.kz
Кешірім сұрау – адамдық белгісі
Қараша 17, 2009 авторы Ainameken
Eх, жер бетіндегі пенделер осы қағидаларды ұстанып жүрсе, Жер беті әлдеқашан жұмаққа айналмай ма!!!
:)… кешірім мен мейірім – ең ұлы қасиеттер адам бойындағы деп ойлаймын. Адамдардың бәрі сондай болса, онда Жер де балқып кететін шығар 🙂
Тәкәппарлар үшін кешірім сұрау деген басын кесіп берумен бір болар.
Кешірім сұрай білу де өркениетті елдерде қанға сіңген қасиет қой.
Омар (р.а) көшеде кетіп бара жатып, ірі тастарды жол шетіне аяғымен ысыра жүреді екен. Бір күні жол шетіне қарай тепкен тасы бір сахабаның аяғына тиіп кетіпті. Халифа сол жолы үнсіз кетіпті. Дәл бір жылдан соң әлгі адаммен жолда тағы кездесіп қалып, қалтасынан бір уыс алытн шығарып алуын өтінсе, ол алмайды дейді, менде бар деп. Қажылыққа жұмсарсың десе тағы алмайды екен, менде оған да дайын деп. Сонда: «әй, бауырым, алшы. Бұл өткен жылғы саған тиген тасым үшін сұраған кешірімім»деп өтініп жатып алдырған екен
Кейде кешірім сұрау сондай ауыр… Біз көбіне кешірімді кімнен сұрау керектігін ұмытып кететініміз жаман…
келісем…
Сен мені кешір осы үш ауыз сөз адам жаны үшін қандай маңызды екенін ұмытып кететін жандар аз емес.
кешірім сұрағаннан қарағанда, кешірім алған одан 10 есе арыр қиын
ол да мүмкін…