Баян ару, рахмет сізге!!! Әлияжан, сізге тапсырдым
Жылдың цитатасы:
Бұлтты ма?
Бұлтсыз ба аспаның?
Көңіліне қарай ма достарың?
Қайғысын сездің бе басқаны?
Жазылмай жатыр ма дастаның?
Иілмей қойды ма асқарың?
… Өмірден мағына іздеме,
Өйткені, бәрі де қас қағым…. Есей Жеңісұлы
Жылдың үздік сайты: Абай.кз , Мәссаған. ком
Жылдың танысулары: блогшы достар, (өзіммен де таныстым, басқа қырымнан)
Жылдың ең үздік тағамы: суши ( Салта, тағамға жатады дейікші?)
Жылдың ең үздік сусыны: су
Жылдың ең үздік әсері: осы демалысымда біраз жерді аралап келдім (Астана, Павлодар, Қарағанды), сол кезде Қарағандыда 1 жыл бойы көрмеген жақын достарыммен тағы да қоштасу керек болды, сол кезде қатты жыладым 😦
Жылдың экстримі: ммм….. шаш
Үздік кеш: көктем кештері (көңілдің көктемі)
Осы жылда ашылған қызығушылық: жүзуге барғым келді (келесі жылға қалды)
Үздік қала: Алматы (ешқашан өзгермейтініне сенем, Алматының ішіндегі әсем қала – ҚаҰУ қалашығы :)) )
Жылдың ең үздік орны: анашымның жаны, жүрегім тыншиды
Рухани өзіндік жаңалық: не нәрседен де жақсылық іздеу – тек қуанышқа, бақытқа жетелейді. Бәрінің қайыры бар.
Үздік әнші: Мей-рам-бек
Үздік фильм: Отандық фильмдер арасында «Адасқандар»
Үздік кітап: көп, жас ақын, жазушылардың кітаптарын айтуға болады
Ең керемет күн: 11/ 12 / 2009
Жылдың әділетсіздігі: «Қазақ елі монументі»
Сәтті сатып алынған мүлік (зат): балаларға арналған ертегі жырлар, энциклопедияларды алғаныма көңілім тоқ
Ең керемет адамдар: жақсылық үйреткен жандар
Үздік киім: бұйырғанына шүкір бәрінің!
Жылдық сыйлық: Салтанат сыйлаған шашбау. Ол мен үшін есімнен кетпес сыйлық
Керемет жаңалық: ол жаңалықты кейін айтайын, екіншісі – жақын достарымның тойлары (Дархан-Ұлбосын, Ерлан-Лаура, Рахат-Ғайни, Мұрат-Айсәуле, Айжан-Бауыржан т.б.)