Баян ару, рахмет сізге!!! Әлияжан, сізге тапсырдым
Жылдың цитатасы:
Бұлтты ма?
Бұлтсыз ба аспаның?
Көңіліне қарай ма достарың?
Қайғысын сездің бе басқаны?
Жазылмай жатыр ма дастаның?
Иілмей қойды ма асқарың?
… Өмірден мағына іздеме,
Өйткені, бәрі де қас қағым…. Есей Жеңісұлы
Жылдың үздік сайты: Абай.кз , Мәссаған. ком
Жылдың танысулары: блогшы достар, (өзіммен де таныстым, басқа қырымнан)
Жылдың ең үздік тағамы: суши ( Салта, тағамға жатады дейікші?)
Жылдың ең үздік сусыны: су
Жылдың ең үздік әсері: осы демалысымда біраз жерді аралап келдім (Астана, Павлодар, Қарағанды), сол кезде Қарағандыда 1 жыл бойы көрмеген жақын достарыммен тағы да қоштасу керек болды, сол кезде қатты жыладым 😦
Жылдың экстримі: ммм….. шаш
Үздік кеш: көктем кештері (көңілдің көктемі)
Осы жылда ашылған қызығушылық: жүзуге барғым келді (келесі жылға қалды)
Үздік қала: Алматы (ешқашан өзгермейтініне сенем, Алматының ішіндегі әсем қала – ҚаҰУ қалашығы :)) )
Жылдың ең үздік орны: анашымның жаны, жүрегім тыншиды
Рухани өзіндік жаңалық: не нәрседен де жақсылық іздеу – тек қуанышқа, бақытқа жетелейді. Бәрінің қайыры бар.
Үздік әнші: Мей-рам-бек
Үздік фильм: Отандық фильмдер арасында «Адасқандар»
Үздік кітап: көп, жас ақын, жазушылардың кітаптарын айтуға болады
Ең керемет күн: 11/ 12 / 2009
Жылдың әділетсіздігі: «Қазақ елі монументі»
Сәтті сатып алынған мүлік (зат): балаларға арналған ертегі жырлар, энциклопедияларды алғаныма көңілім тоқ
Ең керемет адамдар: жақсылық үйреткен жандар
Үздік киім: бұйырғанына шүкір бәрінің!
Жылдық сыйлық: Салтанат сыйлаған шашбау. Ол мен үшін есімнен кетпес сыйлық
Керемет жаңалық: ол жаңалықты кейін айтайын, екіншісі – жақын достарымның тойлары (Дархан-Ұлбосын, Ерлан-Лаура, Рахат-Ғайни, Мұрат-Айсәуле, Айжан-Бауыржан т.б.)
Жұрттың бәрін үйлендіріп, ұзатып тастапсың ғой, Кәмшат 🙂 Той көп болсын!
Экстрим жайлы кеңірек айтсаң…. 🙂
🙂 әмиин, Баянжан! Шаш туралы агентте айтам, аха 🙂
Қандай керемет цитата. Жігерлендіріп жібереді екен. 🙂
иәә, Зережан, маған да ерекше ұнады!
рахмет 🙂 күшті қорытынды!
Рахмет! Сізге де сәттілік тілеп, асыға күтіп отырмыз
Қызық, жауаптарымыз ұқсайтын сияқты. Тек менікінің жазбаша нұсқасы дүниеге келген жоқ…:-)))
Блог жаққа қараймын, «Есебін» жазбапты арайлым. кешікпей жазам деп ед, керемет жазбам деп ед, Ғаламтор алдады ма, уақыты болмады ма, біле алмадым… :)))
Сөзімде тұрдым, қорытындымды жаздым:-)
Цитата мықты шыққан! Керемет!
Иәә, осал жанның өлеңі емес :)))
Әркімнің жылдық қорытындысына қарап кімнің қай жаққа бағыт алып, кімнің қай арнаға түскенін анық аңғаруға болатындай. Кеңсе, мекемелердегі қаптаған есеп-қорытындыларды айтпағанда әрбір адамның ішінде де қазір әртүрлі «отчеттар» жүріп жатқан кез. Сіздің есебіңізде көңіл тоғайтатын тұстар көп екен, өткен жылыңыз зая кетпепті, құттықтаймын!
🙂 рахмет сізге! АЛЛА разы болсын! (Сіздің де есебіңізді оқу қызық екенін айта кетейін, иә? 🙂 )
Aina meken
🙂 әмиин, Баянжан! Шаш туралы агентте айтам, аха 🙂
– Көптің көзінше екі адамның сыбырласқаны әдепсіздік болады))))))
Көптің көзінше біреудің кемшілігін айтқанда бейәдеп :))) (деген пікірді естіген едім, рас па екен, Рәке? ) 🙂
Экстрим жайлы түсінігіңіз сондай эсктремалды екен:))))))))
😀
Жылыңыздың ең үздік орнынан тәнті болып отырғаным… Жарайсыз! Блогыңыз керемет, осы әдемі үрдістің мұрты бұзылмасын лайым!!!
🙂 рахмеет сізге!!!
Осы жылда ашылған қызығушылық: жүзуге барғым келді (келесі жылға қалды)
АОЗТ «ЖТАҚ Капчагайское водохранилище» мекемесі Сізді асыға күтеді.
:)) нақты ма?
Өрілген кезінде «бұрым» деп атала алмайтын болып қалған жоқ па екен, әлгі экстримнің нәтижесінде?
Мммм….
(басын қасып тұрған смайлик)))
Өріледі ғой… (Көзін төмен қаратқан смайлик)