Баяғыда бір кісі моншаға барыпты. Оған досы емдік қасиеті бар саз балшық сыйға тартыпты. Ол әлгі саздан сондай бір әдемі жұпардың иісін байқап, таңғалыпты.
– Бұл не қылған иіс? – деп сұраса, досы:
– Білмеймін, – депті.
Саздың өзінен сұраса ол да: «білмеймін, – депті: – әйтсе де, мен бір раушан гүлінің түбінде жатқан балшық едім, сол раушанның жұпар иісі сіңген болар, сол раушанға тамған тамшылар маған тырс-тырс таматын. Содан шығар», – депті.
P.S. Кім қандай ортада жүрсе, ол сол қасиеттерді өзіне сіңіріп алады
Орта «иісі»
Қаңтар 13, 2010 авторы Ainameken
Жақсы мысал! Рахмет.
Жақсы орталар көбейе берсін деймін!
Әртүрлі ортада жүрсе ше?
Топырақ, саздан адамның бір ерекшелігі – ол ортаны таңдауға мүмкіндігі бар емес пе? Және қандай қасиеттерді бойына жинақтауға болатынын да өзі шеше алады (деп ойлаймын).