«Ислам қркениеті» газетінен оқыдым. Анығы бір АЛЛАға аян, жер бетінен осы уақытқа дейін 80 миллиард адам қайтыпты дейді…
Archive for Ақпан 2nd, 2010
Базардан қайтқандар қанша?
Posted in "Жанымның жазба нұсқасы", Uncategorized, tagged адам, жылдар, өлім, өмір on Ақпан 2, 2010| Leave a Comment »
«Тұмау тигенде емделсең, жеті күнде жазыласың, емделмесең 1 аптада сауғасың»
Posted in "Жанымның жазба нұсқасы", Uncategorized, tagged ауру, грипп, тұмау on Ақпан 2, 2010| 2 Comments »
Грипп сөзі француз тілінен аударғанда тыныс жолдарының жұқпалы ауруы дегенді білдіреді екен. Жыл сайын жер бетінде 500 миллион адам осы аурудан зардап шегеді. Бүгінгі таңда бұл аурудың 2000-нан астам түрі белгілі.
Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай. Дәл осы екі ай тоғысқан кезде тұмау да өршелене түседі. Мәселен, 2006-2007 жылдары осы екі-үш апта аралығында елімізде 15000 тұрғын ауырса, биылғы тұмау маусымында олардың саны 60 000-ға дейін артқан екен. Бұл тұмау маусымының ең шырқау шегіндегі деректер ғана. Елімізде жылына 800 мыңнан 1,5 миллионға дейін адам тұмаумен ауырады. Ал, әлем бойынша жыл сайын 500 миллион адам тұмауратып, 2 миллионы осы аурудың себебімен өмірімен қош айтысып жатады.
Грипп те біз түлкі боп қашсақ, тазы боп шалуын қояр емес, тіпті түрін, атын да өзгертуді әдетке айналдырған. 1918-20 жылдары тұмаудың Испандық түрі шығып, Жер шарының 40 пайызға жуық халқының басына зобалаң келген екен. Одан соң азияттық тұмау, Гонконгтық тұмау… 21-ғасырдың басынан бастап бұл ауру ит-құспен тығыз байланыс орнатып алды. Мойны қылдырықтай құс тұмауы дедік, жуан желке шошқа тұмауы дедік. Енді, кедейдің есін жиғызар ешкі малына байланысты ешкі тұмауы деген тұмау шықты. Бірақ, мамандар «ешкі тұмауы бізге бұрыннан таныс Ку-лихорадкасы деген ауру» дейді.
Тұмаудың екінші маусымы келе жатыр. Ауырмаңыздар! Ал, ауырғандарға АЛЛА шипасы мен сауабын берсін!