Feeds:
Жазбалар
Пікірлер

Archive for Ақпан 3rd, 2010

Жан-жүйені жақсартатын жеті жәйт бар. Олар:
1.Әкімдердің шарапаты,
2.Ғұламалардың шариғаты
3.Байлардың салауаты,
4.Кедейдің қанағаты
5.Үлкендердің ұлағаты
6.Жастардың инабаты
7.Азаматтардың ар-ұяты
Осыларды рухани азық етеді асыл жандар жұрағаты.

Жеті нәрсеге асығу керек:
1.Қонаққа дастархан жаюға,
2.Қателігіңе кешірім сұрауға асық
3.Қарызды өтеуге асық,
4.Бойжеткенді ұзатуға асық,
5.Қазалы жанды көмуге асқ,
6.Егінді егуге асық,
7.Соның өнімін теруге асық

Жүйкені тоздыратын және желіктіретн жеті нәрсе:
1.Еңбексіз жеген нан,
2.Зімәдән болған жан,
3.Боямалы тән,
4.Нашадан бұзылған қан,
5.Темекініңтүтіні,
6.Арақтың жұтымы,
7.Ақшалы ойынның ұтымы
Мұндайларға ой бөлмес асыл адам тұқымы.
Авторы: Ләтіп Мірәшімұлы

Read Full Post »