Жан-жүйені жақсартатын жеті жәйт бар. Олар:
1.Әкімдердің шарапаты,
2.Ғұламалардың шариғаты
3.Байлардың салауаты,
4.Кедейдің қанағаты
5.Үлкендердің ұлағаты
6.Жастардың инабаты
7.Азаматтардың ар-ұяты
Осыларды рухани азық етеді асыл жандар жұрағаты.
Жеті нәрсеге асығу керек:
1.Қонаққа дастархан жаюға,
2.Қателігіңе кешірім сұрауға асық
3.Қарызды өтеуге асық,
4.Бойжеткенді ұзатуға асық,
5.Қазалы жанды көмуге асқ,
6.Егінді егуге асық,
7.Соның өнімін теруге асық
Жүйкені тоздыратын және желіктіретн жеті нәрсе:
1.Еңбексіз жеген нан,
2.Зімәдән болған жан,
3.Боямалы тән,
4.Нашадан бұзылған қан,
5.Темекініңтүтіні,
6.Арақтың жұтымы,
7.Ақшалы ойынның ұтымы
Мұндайларға ой бөлмес асыл адам тұқымы.
Авторы: Ләтіп Мірәшімұлы
Жақсы жазылған екен. Үлкен рахмет! 🙂
АЛЛА бәрімізге жақсылықтарын сіңіруді нәсіп етсін!
Иә, мағынасы зор дүниелер екен.
«Зімәдән болған жан» дегенін түсінбедім. Аурушаң дегені ме?
Нақты түсіндірмесін біле алмадым. (Өзім аздап түсінетін сияқтымын /нарттай қызарған смайл/). Түсінгенімді анықтамай тұрып жазбағаным жөн шығар, иә?
Жазуың дұрыс қой, қайта осылай білмегенімізді біліп жүрерміз.
Мүмкін, білетіндер жазар, әдебиетшілер, журналшылар бар ғой арамызда.
Иә, мен біразынан сұрастырып көрдім, бірақ… білмейміз дейді. ИНШАЛЛАХ, табылар.
Зімәдән деген сөз маған да таным емес :(( Google де білмейді екен.
Зімә деген сөз, зінәдан деп оқылса дұрыс шығар. себебі зінәдан болған жан деген некесіз туылған бала дегенге келетін сияқтыыы
Мүмкін… Екінші нұсқасы «зымиян» ба деп те ойлаймын… Анығын АЛЛА біледі жәнеее қазақша мықты білетін бір қазақ білер 🙂